2. Орманды дала зонасының ландшафттары, Таулы аудандарда антропогендік ландшафттардың қалыптасуы Орманды дала зонасының ландшафттары. Солтүстік Қазақстан, Қостанай жəне Ақмола облыстарының территориясын қамтиды. Орманды дала зонасының басты ерекшелігі – орман жəне дала өсімдіктерінің үйлесімді бірлігі болып табылады. Бұл ландшафттық зонаның 79 климаты қоңыржай континенттік болып келеді. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 250-400 мм шамасында. Жауын-шашынның 60%-ы жаз айларына сəйкес келеді. Ең мол жауын-шашын шілде айында жауады. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы – 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы – 20-30% 10°С-тан жоғары оң мəнді температуралардың жылдық қосындысы 2100°-1900°. Ылғалдану коэффициенті – 0,77-0,56. Жылу мен ылғалдылықтың мөлшеріне қарай орманды дала ландшафттары қоңыржай белдеудің астық тұқымдас өсімдіктері мен техникалық дақылдардын өсіруге қолайлы болып келеді. Жаз кезінде оңтүстік-батыстан соғатын аңызақ желдер мəдени өсімдіктер үшін үлкен қауіп туғызады.
Қазақстанның орманды даласы тегіс жазық болып келеді (Батыс Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі). Жер бедерінде көптеген ұсақ көлдермен толған, жағалаулары жайпақ болып келетін қазаншұңқырлар кездеседі. Жер беті солтүстікке қарай еңіс, осы бағытта абсолют биіктігі 180 м-ден 120-ға дейін азаяды. Жер бедеріне солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған жалдар тəн. Олардың ұзындығы 20-25 м-ге дейін жетеді. Жер бедерінің жалпы ойпатты сипатын қазіргі өзен аңғарлары бұзады. Ең ірі өзен – Есіл өзені. Батыс Сібір ойпатының негізін палеозойлық жəне басқа да ежелгі жыныстар құрайды. Фундамент бетіндегі 700 м-ге дейін жететін шөгінді қабат кезектесіп 80 келетін сазды жəне құмды жыныстардан құралған. Петропавл қаласынан солтүстікке қарай оңтүстік орманды дала зоналығы орналасқан. Мұнда орманды далаға тəн ылғалды қоңыржай климат қалыптасқан. Бұл аумақ жер беті жəне жер асты суларымен жақсы қамтамасыз етілген. Ылғалдану коэффициенті 0,77-0,63. Саздақты жерлер мен өзен беткейлерінің жоғарғы бөліктеріндегі қара топырақты аумақтарда астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен қатар батпақтанған шымтезекті топырақта өлең шөпті қамыс өседі. Петропавлдан оңтүстікке қарай (55°солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай) орманда далаға тəн емес белдем орналасқан. Сұр орман топырағында өсетін көктеректі-қайыңды орман шоқтары бірте-бірте сирей береді. Орман шоқтары тек көтеріңкі жерлерде ғана кездеседі. Ландшафттарында сазды-көлдік жəне эолдық жазықтардың қара топырақтарында өскен жусанды-бетегелі-бозды дала өсімдіктері таралған. Өзен жайылмасының шалғынды жəне шалғынды сор топырақтарында əр түрлі астық тұқымдас шалғынды өсімдіктер кездеседі. Орманды дала зонасында орманның да, даланың да аңдары кездеседі. Жалпы алғанда орманды дала мен дала ландшафттарының жануарлар дүниесінде табиғи шекара əлсіз болып келеді. Көбінесе орман фаунасы басым. Мұнда дала тышқандары, ақ қоян, түлкі, қасқыр көп кездеседі. Орманды дала Қазақстандағы бұлан мекендейтін бірден-бір орын болып табылады. Үкі, қаршыға, бұлдырық, ителгі, ұзақ, қарға құстары тіршілік етеді. Орманды даладағы көп ұсақ көлдерде үйрек, шағала, т.б. жыл құстары ұя салады. Өзен бойындағы ну қамыстарда жабайы шошқа да мекендейді.
Таулы аудандарда антропогендік ландшафттардың қалыптасуы. Антропогендік ландшафттар - бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін адамның мақсатты және саналы қызметі нәтижесінде пайда болатын табиғи кешендер. Ландшафттың бұл түрі биологиялық, климаттық, геологиялық, топырақ процестерінің өзгеруімен сипатталады.
Антропогендік ландшафттар-бұл әртүрлі мақсаттарда адамның өзгеруіне ұшыраған ландшафттар. Өзгертілген табиғи кешендер бірқатар негізгі белгілерге сәйкес жіктеледі:
-әлеуметтік-экономикалық функцияларды орындау (нысаналы пайдалану)бойынша;
-адам қызметінің нәтижесінде өзгеру дәрежесі бойынша;
-олардың пайда болу мақсатына сәйкес;
-олардың өмір сүру ұзақтығы және өзін-өзі реттеу дәрежесі бойынша;
-экономикалық құндылығы бойынша.
Қазақстан жерінің 10%-дайын таулар алып жатыр. Тау ландшафттары биіктік белдеулігі және экспозициялық факторлардың әсерімен қалыптасқан.Биіктік белдеулігі ендік зоналылыққа байланысты. Қазақстанның белгілі бір ендік зоналылығының аумағында орналасқан таулар белдеулер санымен, олардың орналасу биіктігімен және басқа да өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Алтайдан Тянь-Шаньға дейін биіктік ландшафт зоналығының құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық сипаты да күрделене береді. Мысалы, орман өсімдіктерінің төменгі шекарасы Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың солтүстік беткейлерінде 700-300 м-ден басталса, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде 1200-1400 м-ден жоғары орналасады. Биіктіктеріне байланысты Қазақстандағы таулар аласа, орта биіктікті және биік таулар болып бөлінеді.