Есеп №1. А. есімді науқас әйел 73 жаста. 3 ай бұрын сүт безіндегі қатерлі ісіктің салдарынан операция жасалған. 1 курс сәулелік терапия қабылдады. Сол қолының және қолтық астының ісінуіне шаңымданады.
Сұрақ: Науқастың дәл қазіргі жағдайы немен байланысты?
Науқастың басымды пробламасын айқындаңыз.
Мейірбикелік күтімнің жоспарын жасаңыз.
Есеп №2. Науқас әйелдің жасы 47-де. Оң жақ сүт безін алып тастауға байланысты операция жасалған Операциядан кейін үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. Дәрігер үйіне антибактериальді дәрә-дәрмек ішуді ұсынған. Басқа нұсқаулар бермеген.
Сұрақ: 1. Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс па?
2. Дәрігер бұл науқасқа қандай ұсыныстар беруі қажет еді?
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
4-сабақ
1. Тақырыбы:Химиотерапия және гормонотерапия қабылдап жатқан және басынан кешірген науқастарды мейірбикелік күтім ерекшеліктері.
2. Мақсаты: Студенттерді гормонотерапия және химиотерапия қабылдаған науқастарға күтім жасау ерекшелігімен таныстыу.
3. Задания:
Химиотерапиялық және гормоналдық дәрі-дәрмектерді тағайындауға көрсетілімдер мен кері көрсетілімдер
Қандай химиотерапиялық дәрі-дәрмектерді білесіз?
Химиотерапиялық дәрі-дәрмектерді қолданғанда болатын асқынулар мен күресу.
Гормоналдық дәрі-дәрмектерді қолданғандағы асқынулар мен күресу .