Ситуациялық есептер: Есеп №1. 60 жастағы әйел, стационарында жіті инсульт себебімен емделуде.
Диагнозы: Жедел ми қанайналымының бұзылуы. Оң жақты гемиплегия.
Обьективті: жауырын, сегізкөз, тізеасты аймақтарының терісінің қызаруы.
Сұрақ: Науқастың басымды мәселесін табыңыз
Мейірбикелік жоспар құрыңыз
Реабилитацияның қандай әдістерін қолдануға болады?
Ватерло шкаласы бойынша теріні бағалаңыз
Есеп №2. Инсульт алған 47 жастағы науқас.
Диагнозы: ІІ дәрежелі гипертониялық ауру. Ми қанайналымының бұзылысы.
Шағымы: оң қол мен аяқтың әлсіздігі, сезімталдықтың жоғалуы, бас айналуы, тез шаршаушылық,. Құлап қалудан қорқыныш, шүйде тұсының ауырсынуы. Туыстарының сөзінен науқас жабырқаулы, жеке қалуды жөн көреді.
Сұрақ: 1. Науқастың басымды мәселесін анықтаңыз.
2. Мейірбикелік жоспар құрыңыз.
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
Есеп №3. 62 жастағы науқас, неврология бөлімшесінде стационарлы ем қабылдауда.
Диагнозы: ми қанайналымының бұзылысы. Туыстарының айтуынша артериалды қысымының жоғарылауы мазалаған, жақында ағасының өлгенін естіген, басының ауыратындығына шағымданған, бірақ дәрігерге қаралмаған.
Обьективті : оң жақты гемиплегия, парестезия.
Сұрақ: 1. Науқастың басымды мәселесін анықтаңыз.
2. Мейірбикелік араласу жоспарын құрыңыз.
3. Оңалтудың қандай әдістерін қолдануға болады?
3 – сабақ
1. Тақырыбы: Неврологиялық науқастардағы жұтынудың бұзылуы кезіндегі мейірбикелік күтім.