Химияөнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)
Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.
Темір жол. 1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті.
1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.
1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды.
Сауда. XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дамый бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды.
Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.
Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.
Жәрмеңкелер товар – рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығың капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті.
XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды.