Курсы: 3 Семестр: 5,6



бет10/20
Дата14.10.2023
өлшемі214,02 Kb.
#114791
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Психология-негіздері-МІ-2-курс

№7- сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Есту, көру, сөйлеу, зерде бұзылысы бар емделушілермен қарым-қатынас.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4.Сабақтың мақсаты: Есту қабілетінің төмендеуімен сырқаттанған науқастармен сұхбат жүргізу өзіндік қиындықтар тудырады. Бұл жағдайда қағазға жазу арқылы жүргізілген сұхбат өте құнды. Қағазға сұрақ пен жауап жазу, көп уақыт алғанымен, осылай жасамасқа басқа амал жоқ. Егер науқаста кинетикалық сөйлеу қабілеті болса, тез уақыт аралығында сурдоаудармашы табу қажет.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1. Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.
2. Көбекова Ж.С. Психология негіздері.
3. Илешова Р. Медициналық психология.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Интеллекті шектелген науқастармен жұмыс жасау.
2. Депрессивті жағдайдағы науқастар
3. «Пресуицидальді жағдай».
4. Патологиялық қорқыныштары бар науқастар.
5. Жағдайы ауыр, емі нәтижесіз болған науқастармен қарым-қатынас жасау.
8. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Тұтығу –кемістіктің өзгеше бір түрі, оның айтарлықтай психологиялық әсері болуы салдарынан тұлғаның мінез-құлқын өзгертіп, жалпы дамуына бөгет жасайды. Тұтығудың пайда болуынан тұлғааралық қарым-қатынас өзгереді. Жиі кездесетін клиникалық белгісіне –сөзден (сөйлесуден) қорқуы жатады (логофобия). Бұған байланысты адам өмірінің коммуникативтік үрдістерінің бұзылуы, тұйық мінезді болуы және қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаудан бас тартуы байқалады.
Бұндай науқас адамдармен қарым-қатынас жасағанда, медициналық қызметкерде көптеген қиыншылықтар туады. Медициналық қызметкер ерекше шыдамдылық көрсетіп, оларға сенімділік арттырып, толық асықпай тыңдауға түсінуге даярлығын білдіруі керек. Медициналық қызметкер олардың вербальды емес коммуникацияларына ( жесттер, мимика, дене қалпы, қол қимылы, т.б) көп назар аударуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет