Курсы: 3 Семестр: 5,6



бет11/20
Дата14.10.2023
өлшемі214,02 Kb.
#114791
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Соқыр және саңырау науқастармен танырлық әрекеттері бұзылуы салдарынан, олар жасқаншақ, ұялшақ және жақын туысқандарына тәуелді болады. Олар өзіе-өзі кемсітіп сезінеді және сонымен қатар, әділетті, заңда көнімді келеді, озіне және басқаларға жоғары өнегелік көрсетеді. Бұл адамдардың тұлғасы астениялық, ипохондриялық өзгерістерге шалдығады. Олар өкпешіл, үрейшіл болады, сонымен қатар ұяңдық, күдіктілік те байқалады.
Бұл науқастармен қарым-қатынас жасау кезінде медициналық қызметкер ерекше шыдамдылық, сезімталдық көрсетіп, жәрдем беруге әрқашанда даяр екенін сезіндіріп, сеніміне кіруі қажет. Вербальды және вербальды емес коммуникация әдістеріне көп назар аудару қажет. Көзі көрмейтін науқаспен сөйлескенде, медициналық қызметкер оған үлкен ұқыптылықпен қарап, аса назар аударғаны жөн, яғни науқастың не мақсатпен келгенін түсінуге тырысқаны дұрыс болады. Науқастың қолынан ұстап, медициналық қызметкер бар екенін білдіру керек. Егер науқасқа бөлме бөтен болса, медициналық қызметкердің қалпы, жесті әсер етпейтінін есте ұстауы тиіс, сондықтан сұхбаттасу барысында ретсіз дауыс көтерудің қажеті жоқ. Егер науқаста көзілдірік болса, оны шешпегеніжөн болады,себебі ол визуальді түрде медициналық қызметкерді түсіну үшін қажетті. Ауызша алынған мәліметтерді жазбаша қайта алып тексеруі керек.
Есту қабілетінің төмендеуімен сырқаттанған науқастармен сұхбат жүргізу өзіндік қиындықтар тудырады. Бұл жағдайда қағазға жазу арқылы жүргізілген сұхбат өте құнды. Қағазға сұрақ пен жауап жазу, көп уақыт алғанымен, осылай жасамасқа басқа амал жоқ. Егер науқаста кинетикалық сөйлеу қабілеті болса, тез уақыт аралығында сурдоаудармашы табу қажет. Егер науқастың есту қабілеті сәл төмен болып, еріннен оқи алса, медициналық қызметкер жарық бөлмеде науқасқа бетімен қарап тұрады. Медициналық қызметкер асықпай, ақырын сөйлеуі керек. Сөйлесудің соңында, дауыс тембрін төмендетпей, ауызды қолмен жаппай, сөздерді тұрақтау үшін жесттерді қолданғаны дұрыс. Егер науқастың бір құлағы жақсырақ естісе, медициналық қызметкер соған қарай жақындап сөйлейді. Науқастың есту аппараты болса, медициналық қызметкер оны ескереді.

9.Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
10.Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:
1.Сезім мүшелері ақауы бар науқастармен арақатынас құру ерекшеліктері.
2.Тұтығатын науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
3. Соқыр науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
4. Саңырау науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
1. Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар
11.Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет