Курсы: 3 Семестр: 5,6



бет12/20
Дата14.10.2023
өлшемі214,02 Kb.
#114791
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

№8- сабақ.

1.Сабақтың тақырыбы: Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1. Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.
2. Көбекова Ж.С. Психология негіздері.
3. Илешова Р. Медициналық психология.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Сезім мүшелері ақауы бар науқастармен арақатынас құру ерекшеліктері.
2.Тұтығатын науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
3. Соқыр науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
4. Саңырау науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
5. Қауіпті мінезді науқастар түсінігі
6. Әлеуметке қарсы пациенттермен жұмыс барысында ескерілетін мәселелер.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын , оның болашақ өміріне ,еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандай да бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады. Мысалы,спортшылар немесе спорттың кейбір түрімен айналысатын науқастарға остеохандроз секілді дерттер ауыр тиеді.
Темперамент – индивидтің психикалық жүйесінің ,психикалық үдерістер мен жағдайының ырғағы,қарқыны,ритімінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Көбінесе ауырсыну сезімі науқастың эмоционалдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы колерик пен меланхоликке ,сангвиник пен флегматикпен салыстырғанда төмен екені анықталған.
Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне,соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік,шыдамдылық,жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.Отбасында баланың денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда ғосы пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді. Отбасылық дәстүр ауруларды ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді.Мысалы, егер отбасында бір дерттің әсерінен дүниеден өткен адам болса,сол ауру ең ауыр дерт деп саналады.
Адамның ауруы туралы көзқарасы, реакциясы соматонозогнозия деп аталады. Оның келесі түрлері болады:наромсоматонозогнозия ,гиперсоматонозогнозия, гипосоматонозогнозия, диссоматонознозия.
Наромсоматоноогнозия –адам өз ауруына ,жағдайына және сауығу мүмкіншілігіне қаліпті баға береді. Емдеуе аурудың ынтасы оңды ,дұрыс ,дертпен күресіп, қарсы тұруға белсенділік көрсетеді. Бұл қасиет салмақты және бір қаліпті адамдарға тән.
Гиперсоматонозогнозия- адам аурудың жеке белгілеріне қалыптан тыс , өте жоғары баға береді. Бұдай адам дертіне өте көп көңіл бөліп, өатты өапаланып үрейленеді. Оның емдеу кезіндегі белсенділігі де өте жоғары, арнайы медицмналық әдебиетті оқуға құмар және дәрігерді жиі ауыстырып, әр түрлі емге жүгіреді. Көңіл күйі болмай медициналық қызметкердің айтқанын толық орындағанмен , келешегіне күмән болады. Бұл қасиет үрейленген, өзіне-өзі сенбеген, көп қайғыға берілетін адамдарға тән.
Гипосоматанозогнозия- адам ауруын, жағдайын өте төмен бағалап мән бермейді. Олардың белсенділігі төмен, тексерілуге және емделуге мүддесі жоқ. Келешегіне жоғары нәтиже бере алмайды. Ем шараларын толық орындамайды. Бұл қасиет жеңілтек ,ұстірт ойлы адамдарға тән.Дәрігерге барудан бас тартады, емдеуге теріс көзқарас жасайды.
Диссоматонозогнозия-адам ауырғанын жоққа шығарып мойындамайды, әсіресе , онкологиялық аурулардың бастапқы кезінде . Кейбіреулері өз дертін жасруға ынталанады.
Адамның ауырғанына қалыптасқан реакциясы жасына да байланысты болады. Мысалы , жас адамдар өз ауруларына мән бермей, төмен баға береді(гипосоматнозогнозия), ал егде адамдарда гиперсоматонозогнозия , орта жастағыларда –дисоманотогнозогнозия байқалады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
10.Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:
1.Соматонозогнозия түсінігі.
2.Нормосоматонозогнозияға түсініктеме беру.
3.Гипосоматонозогнозияға түсініктеме беру.
4.Гиперсоматонозогнозияға түсініктеме беру.
5.Азоногнозия түсініктемесі.
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы:
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет