Курсы: 3 Семестр: 5,6


Мәдениет аралық қарым-қатынаста қол алысудың ролі



бет16/20
Дата14.10.2023
өлшемі214,02 Kb.
#114791
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Психология-негіздері-МІ-2-курс

Мәдениет аралық қарым-қатынаста қол алысудың ролі қандай?
Қол алысу, сәлемдесу мен қоштасудың белгісі ретінде, өзіндік мәдени ерекшеліктерге ие. Қол алысудың бірнеше түрлері бар және оның әрқайсысының өзіндік мағынасы бар.

  • алақанды сәлемдесушінің алақанына тосып жоғары қарату- бұл

бағынудың, басқаның өзінен басым екенін іштей мойындаудың белгісі;

  • алақаннан сәлемдесушінің алаканы төмен қарауы, керісінше үстемділік

танытуға, жағдайды өз қолына алуға деген ұмтылысты білдіреді;

  • қолдың тігінен орналасуы, қолдап амандасу, теңдіктің белгісі;

  • «қолғап» деп аталатын қол алысу (қолдап амандасу) ашықтықтың,

достықтың, сенім білдіруге деген ниеттің белгісі.
Жоғарыда аталған сәлемдесу түрлерін пайдаланудың түрлі мәдени срекшеліктері бар. Мәселен, қытайлықтар қол алыспау:; тырысады. Керісінше, батыс европалықтар мен американдықтар қаттырак, ашық қол алысқанды қалайды. Сонымен қатар, сәлемдесу кезінде олар бір-бірінің қолын бірнеше қайта сілкілеп алады.
Егер медициналық қызметкер науқаспен тілдік богет әсерінс і сұхбат жүргізе алмаса, тез аудармашы іздестіреді. Аудармашы екі тілді де жаксы білетін, объективті адам болуы керек. Отбасы мүшелері немесе достарының көмек беруі сұхбаттың конфеденциалдылығын бұзады. Кейбір аудармашылар үрдісті тездету мақсатында сұхбатты кысқартып аударады. Сондықтан, медициналық қызметкер аудармашыға ау бастан-ақ барлық мәліметтерді толық аудару керек екенін түсіндіреді.
Науқастардың жеке қасиеттеріне адамның ориентациясы (бағдарлануы), моральдік критерийлері, қоғамдық әлеуметгік феномендері жатады. Науқастың жеке қасиеттерінің, оның ішінде сырқатқа деген субъективті әсерінің қалыптасуына, әлем тануы және өмір немесе өлімнен кейінгі өмір секілді такырыптарға философиялық көзқарасы маңызды орын алады.
Медициналық кызметкер науқаспен қарым-қатынас жасағанда дінге сенушшер кездесіп дертке жауаптары түрліше болады. Мысалы, дінге сенуші адамдар өз дертін психологиялық тұрғыдан комфортты, адекватты қабылдайды, яғни олар: «Аллах берді, жазу осылай» деп түсінеді. Дерттің дамуына байланысты дінге сенуші науқастардың қатынасын келесі түрлерге бөлуге болады:

  • дерт карғыс секілді;

  • дерт сынақ секілді;

  • дерт басқаларға сабақ;

  • дерт ата-бабаларының күнәләрі үшін төлем секілді.

Жоғарыда аталғанғандардың барлығы діни сеніммен байланысты. Бұл жағдайда индивид белсенділіксіз, пассивті көзқараста болады. Науқас өз ауруына төтеп бере алмайды. Қорыта келгенде, науқастарда сырқаттың дамуы жайлы мистикалық пікірі басым екені аңғарылып, науқастарда сыркатты ғылыми түрде талқылау жоқтың қасы екені байқалады. Оның мағынасында сырқаттың дамуына мистикалық көзқарас жатыр (көз тиді, вампир әсер етті, т.б). Дертін мистикалық талқылаған науқастар медициналық қызметкерден емдеуді емес, дуаны шешуді талап етеді. Ауруға психологиялық жауап берудің де негізінде науқастың жеке қасиеттері оның медицинаға сенімі жатады. Ал, басқа көзқарас бойынша ауру тұқым қуалаушылық жэне қоршаған орта факторларынан туындайды деуге болады:



  • дерттен қаша алмайсың;

  • ауру - қалыптасқан жағдай секілді;

  • дерт өзіңнің қатең секілді

Ал атеистер, пайда болған сырқатқа ренішпен қарайды, себебі сырқат әсерінен еңбекке қабілеттілігі төмендеп, тіпті жоғалады. Сондықтан олар сырқаттың дамуына үлесін қосқан кінәлілерді іздей бастайды да, өзінің айналасындағыларға ауыр әсер беретін орта түзеді. Науқастың мәдени деңгейі сырқаттың субъективтік ауырлык дәрежесін бағалауға әсер етеді. Әсіресе, бұл медициналық білім және медициналық мәдениеттің дәрежесіне қатысты болып табылады. : Медициналық мәдениеттің төмендігі дертке деген науқастың психологиялык реакциясын жоғарылатады. Бұл - дерттің салдарынан науқастың қасіреттенуіне байланысты оның мінез-құлқының өзгеруі- Сырқаттанған кездегі науқастың жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы оның жеке әлеуметтік тәжірибесіне және тәртібі мен тәрбиесіне байланысты болады. Әр науқастың өзіне тән тәртібі болады. Ол, әр тұлғаның қандай құндылықтарды аса бағалайтынына, науқастың жан дүниесінде, сезімінде дерттің алатын орнына да байланысты екені анык. Ауру наукастың тек жеке органын зақымдаумен катар, адамның барлық әлеуметтік жағдайына әсер етеді. Науқас өзінің қалыптаскан үйреншікті әлеуметтік орнынан, қоғамдык байланыстардан бас тартуға мәжбүр болады.
Бұл жағдай оған өте күшті эмоционалдық, психологиялык әсер етеді. Ауырған адам өзінің кұндылығының аз екенін, ешкімге керексіз екенін сезініп, «жалғыздыққа душар болдым» деген түсінікке тап болады. Бұндай жағдайда медициналык көмек оның өмірге құштарлығын арттыруға, емдеуге сенім тудыруға және әлеуметтік байланыстарын қалыптастыруға, аурухана жағдайына үйренуге бағыгталады. Медицина кызметкерімен кездесер алдында, сырқаттанған адамныц өз жағдайын сезініп, түсінуіне біраз уақыт қажет етеді. Психологиялық көзқарас бойынша аурудың көңіл-күйі төмендеп, ол ертеңгі күніне деген сенімінің азаюына тап болады. Науқас ауыру сезімінен қорқақтап қапаланады, ал койылған (айтылған) диагноздан үрейі үшып, соңынан емдеу нәтижесі де күмән тудырады. Яғни, науқастанған адам өз дертін сезіне отырып, түбінде дәрігерге, ем нәтижесіне сеніп, аурудан шығуы мүмкін скеніне өз сенімін өзі тудырады немесе күмәнданып, емнің тиімділігіне сенімді болмай, «ауруға бой ұруы» мүмкін. Ауруға қарсылық көрсету сезімі, науқас адамның психологиясында өте маңызды орын алады.
Бұндай адамға ем жүргізу, қарым-қатынас жасау жоғары нәтиже береді. Керісінше, дертке берілген, оған қарсылық көрсетпеген науқасты, емдеу қиынға түседі, нәтижесі күмән келтіреді. Дертке қарсылық көрсету науқастың сана-сезімінің күшіне, өзін-өзі билеушілік қайратына негізделеді. Ал ауруға берілу, қарсы тұрмау адамның әлсіздігін, қайратсыз екенін көрсетеді және бүл адам тіршілігінің ең жеңіл жолы. Осының барлығын науқаспен қарым-қатынас жасаған кезде түсіндіріп өту керек.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:
1.Мәдениет аралық қатынаста қол алысудың ролі.
2.Діни айырмашылықтары бар науқастармен ара қатынас жасау.
3.Сезім мүшелері ақауы бар науқастармен арақатынас құру ерекшеліктері.
4.Соқыр науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
5.Саңырау науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
1. Оқушыларды бағалау.
2.Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Дұшпандық ойдағы және асоциалдық емделушілермен қарым-қатынас.
11.Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет