Назофобты- науқас кемтар болып қалудан өзіндегі ауруынан айығамауынан қорқады.
Анозогностикалық-ауру туралы ойлардан, оның асқынуын , теріс жақтарынан белсенді түрде алшақ тұру.
Ипохондриялық типте субъективті жағын сезімдерге көп көңіл бөлу және олар туралы айналадағы адамдарға айтуы кездеседі.Науқастардың дертіне көзқарасынығ ең жиі кездесетін варианты.
Мазасыз типте –аурудың жағымсыз дануына, ауру ағымына, оның асқынуының пайда болуына тиімсіз тіпті емдеудің өмірге қауіпті болуына күдікпен қарайды, жаңа емдеудің тәсілдерін іздестіреді. Бұл типтегі реакция ауру туралы қосымша мәліметттерді және емдеу тәсілдерін қарастыруға құштарлықпен сипатталады, «беделді мамандарды» іздестіру байқалады.
Неврастениялық- іс- әрекеті «әлсіз күйегелектену» түрімен сипатталады , күйегелектігі шапшаң болады, көбінесе аурудың жағымсыз сезімдері дамығанда емдеудің әсері болмағанкезде байқалады. Күйгелектік жилаумен немесе күлкімен аяқталады.
Меланхолиялық –азылуына толық сенбеуі пессимистикалық қатынасы айқындалып, жағымды объективті нәтижелер кезіндеде пассивті көзқарасы айқындалып жағымды объективті пассивті көзқарасынын депресивті айтып жазылуына деген сенімсіздігі білінеді, типті суицидальді ойларға дейін барады.Аурудың көрінісі бойына саналы түрде «өз-өзін физикалық жақтырмау» бірінші орында тұрады.
Апатиялық-өзінің тағдырына аурудың ағымына, емдеудің нәтижесінде немқұрайлықпен қарау процедураларға пассивті көзқараста болу және емдеу басқа адамдардың қадағалануымен ғана қабылданады. Науқас «өмірге деген ынтасын жоғалтады». Апатиялық түрінде ауру ағымына деген немқұрайлылықтың болуы ,өмірге құштарлықтың болмауы анықталады.
Эгоцентриялық- «ауруға ену, бас ұру» деп сипатталады, науқас өзінің ауруы сезімі туралы өзіне көңл аудару үшін жақым адамдарға, туысқандарға әңгімелей береді. Науқас адам өзіне басқалардың көп көңіл аударғанын қалайды.
Параноялды- ауру «біреудің жаман ойының бірі» деп санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және процедураларға күдікпен қарап, айналадағы адамдарды кінәлаумен сипатталады.
Дисфориялық- науқастың көңіл күйі нашар, сау адамдарға қызғанышпен қарайды, жақындарына десфотиялық қатынаста болуы белгіленеді.
Сенсетивті-науқас өзінің ауруы туралы мәліметтің айналадағы ортаға қандай әсерін тігізетінін ойлап түрады. Науқас « айналасындағы адамдар өзін айналып өтеді. –деп ойлайды, өзін толымсыз, кем сезініп, ауру туралы сөз қорғауға , ауруға байланысты жақын адамдарға күш түсіруге қорқады. Науқастың айналадағы адамдардың ұялуы, масыл болғысы келмеуі байқалады.
Диссимуляция. Сырқаттанғанын біле отырып пациент саналы түрде аурудың белгілерін жасырады және ол үшін барлық күшін салады: мамандық міндеттерін бірқалыпты орындай береді, жанұяда және қоғамда қалыпты жағдайын сақтайды. Аурудың даымп үдеген кезінде оның белгілерін жасыру қиын, не мүмкін болмаған жағдайда да ол өзі таңдаған тәртіп бағытын сақтай береді.
Аггравация-ауру белгілерін, жағдайының ауруылығын арттырып асыра айту. Бұл жағдайда адам өзін аурудан шектеп тыс , өте ауыр және қауіпті деп көрсетеді. Аггравация истерияға шалдыққан адамдарда кездеседі. Өзіне басқалардың назарынын аудару және ниетін қоса білдіру, басқалардың көңіл күйіне әсер ету үшін немесе жеке басының пайдасын табу мақсатында іске асырылады. Көбінесе бұл егде адамдарда кездеседі(жалғыздықтан қорқуы, дәрігерлердің назарын тарту үшін т.б.) . Аггравацияны толық санасыз психологиялық реакция деуге болмайды, себебі науқас мұнда арнайы мақсат қойып, себебін анық біледі.
«Ауруға салыну» реакциясы- науқас ауырсыну жағдайына толық назарын аударып, оған өз құндылықтарының ішінде жоғары орын беріп, ауруына байланыссыздардың елемейді. Науқастың ауыр қайғыға уайымға салынуы, бүкіл тқлғасымен ағзадағы өзгерістерге берілуі салдарынан, өмірде сәтсіздікке қақтығыстарға ұшырайды.
«Ауруға берілуі» салдарынан адам өмірінің күрделі ситуацияларынан, мамандық немесе жеке тұлғалық жеткіліксіздерінен қашыға мүмкіншілік алады. Мұндай жағдай психикалық ауруларда, неврастенияларда жиі кездеседі.
Әлеуметтік «мәртебелі» аурулар. Науқастың ауруға психологиялық реакциясына «әлеуметтік мәртебелі» факторы да қатысады, яғни бұл –бір әлеуметтік топ ішінде ауырған адамғажәне оның ауруына деген көзқарас, қатынас. Қазіргі күнде «мәртебелі ауруалрға» жататындар: миокарт,инфаркт, жүрек ишемиясы, стенокардия, т.б. Олар адамның әлеуметтік статустың жоғарылатады, яғни оның ембекқорлығын жауаптылығын , міндеттілігін дәлелдейді. Ал геморрой, жаралы колит, т.б әлеументтік құнды емес дерттерге жатады, оларды қоршағандардан жасырады.
Аурудың дертке психологиялық реакциясын анықтауда оның туысқандарының достары және қызметттестерінің қатынасы да өте маңызды болады. Жақындарының назарынан , қамқорлығынан айырылған адам , тез арада мамандық әрекетіне оралып, айырылған жақындарының ынта –ықыласын қайтаруға тырысады.
Симуляция. Бұл адамның ауруға жасаған әрекеті емес, себебі адамда дерт жоқ . Симуляция дегеніміз- ауруға шалдықпаған адамның саналы түрде дерттің белгілерін ұсынып, шағымдануы.
Симуляция адамға ауру пайда әкелетін кезде байқалады, мысалы, әскери міндеттен қашу , мүгедектік алу сот жазасынан құтылу , т.б. білім дәрежесі төмен, медицинадан хабарсыз және аңқау , әлеуметті жетілмеген адамдарда симуляция жиі кездеседі. Сонымен қатар, медициналық білімі бар. Тәжірибеліденсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын адамдадарды таңдаған дертті жақсы оқып, біліп алып симуляция әрекетін жасайды.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:
1.Психологиялық қорғану механизмдеріне сипаттама беру
2. Ауруға деген реакция типтерінің жіктеуі
3. Ипохондриялық реакцияға сипаттама беру.
4. «Ауруға салыну реакциясы».
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Психосоматикалық жағдай. Психосоматикалық жағдай механизмдері. Рефераттар мен презентациялар дайындау.