1
Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
курсы бойынша
ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ. ГЛОССАРИЙ
5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандықтары студенттеріне арналған
Ақтөбе, 2015
2
ӘӨЖ 821.512.122.0 (075-8)
КБЖ 83.3 (5қаз) я 73
Н 65
Пікір берушілер:
М.Р. Балтымова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандитдаты
Т.Ж.Тоқсанбаева, С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінің доценті,
филология ғылымдарының кандидаты.
Ниязова Ғ. М.
Н 65 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы курсы бойынша тесттер
жинағы. Глоссарий: 5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен
әдебиеті»
мамандықтары
бойынша
ЖОО
студенттеріне
арналған.
Ғ. М. Ниязова – Ақтөбе, 2015. - 91 бет.
ISBN 978-601-7388-63-8
ӘӨЖ 821.512.122.0 (075-8)
КБЖ 83.3 (5қаз) я 73
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде
мақұлданып, баспаға ұсынылды. № 5 Хаттама
19 мамыр 2016 ж.
ISBN 978-601-7388-63-8
© Ниязова Ғ.М., 2015
3
АЛҒЫ СӨЗ
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі 1900-1940 жылдар
аралығындағы мерзімді қамтиды. Бұл кезең жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы
ең бір жемісті де түрлі ізденістер мен қайшылықтарға толы кезең болып
табылады. Сондықтан да қазақ әдебиеті тарихын оқытудың күрделі мәселелері
осы тұсқа жинақталған. Біріншіден, жазба әдебиеттің мейлінше өркен жайған
дәуірі, екіншіден, әр түрлі әдеби ағымдар мен бағыттардың айқындалған кезеңі,
үшіншіден, әдеби жанрлардың әр саласында әдеби- көркемдік ізденістердің
белең алған тұсы. Сондықтан да, осы 1900-1940 жылдар аралығындағы әдеби-
көркем шығармалар мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-
жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың
негізін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің түрлі реңктерін айқындауға,
бұрынғы-кейінгі әдебиеттің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік
туғызады.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940) –
шынайы кәсіби шеберлік деңгейіне көтерілген дәуірі. Кейінде қанатын кеңге
жайған қазақ әдебиетінің түрлі жанрларындағы шеберлік мектебі осы кезеңде
қалыптасты.
Аталған курс - филология мамандығы студенттеріне оқылатын міндетті,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне оқылатын элективтік пән.
Тест тапсырмаларын құрастыру барысында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940) пәнінің ҚР Білім және Ғылым
министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология
факультеті қазақ әдебиеті және теориясы кафедрасы құрастырған (Алматы
2014) типтік оқу бағдарламасы негізге алынды. Пәннің типтік бағдарламасына
енген ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, пәннің мазмұны толық
қамтылған. ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық, ағартушы-демократтық,
азатшыл-демократтық бағыт өкілдері, олардың өмірі мен шығармашылығы,
сонымен қатар сөз өнерінің саз өнерімен байланыстылығын танытатын әнші-
ақын, сал-серілер поэзиясы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тұсындағы
поэзия өкілдері шығармашылығы да кеңінен қамтылған, алашшыл-азатшыл
бағыт өкілдері шығармашылығындағы ұлттық идеяның жырлану көріністері де
тесттер құрамында көрініс тапқан. Мазмұны мен сапасы жөнінде талапқа сай.
Ұсынылып отырған тесттер жинағында пәнді оқытудың мақсат-
міндеттеріне сәйкес барлық тақырыптар қарастырылып, ХХ ғасыр басындағы
әдебиет курсы бойынша пайдалануға ұсынылатын негізгі әдебиеттер түгелімен
дерлік қамтылғандықтан, әдістемелік еңбектің құндылығы жоғары деп
бағалаймыз.
Ғ.М.Ниязованың ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті курсы бойынша
5B020500-Филология: қазақ филологиясы, 5B011700-Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы студенттеріне арнап құрастырған тесттер жинағы оқу үдерісінде
қажеттілігіне орай баспадан шығаруға ұсынуға лайық деп есептейміз.
4
Тестілеу – студенттердің білімін, білігі мен дағдыларын тексерудің жедел
әдісі. Әдістемелік әдебиеттерде бұл әдіс сондай ақ бағдарламаланған тексеру
деп те аталады. Әдебиетте тест тапсырмалары бір-біріне тәуелсіз сұрақтар мен
олардың әрқайсысына ұсынылатын бірнеше жауаптан тұрады. Сұрақтар саны
тексеру нәтежиесі бойынша статистикалық талдау жасауға болатындай
көлемде, ал әр сұрақтың жауаптары кездейсоқ жауап беруді болдырмайтындай
мүмкіндігінше көбірек болуы қажет.
Тест арқылы студенттердің білімін тексеру әдісінің мынадай ерекшеліктері
бар:
бақылау топ студенттеріне бір уақытта өткізіледі:
тексеру барысында аз уақыт алады;
тест сұрақтары бағдарламалық материалды толық қамтитындықтан,
студенттің дайындық
деңгейі туралы мәлімет береді;
студенттерге психологиялық тұрғыдан аз күш түседі;
автоматты түрде студенттердің бағаларын анықтап, үлгерімдеріне талдау
жасап, тексеру құралдарының сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмалары пәннің барлық бағдарламалық сұрақтарын қамтуы
керек. Тест құрастыруда мынадай талаптар қойылады:
тест сұрақтары өтілген теориялық мәліметтерге сәйкес болуы керек;
тест тапсырмалары қысқа, қарапайым болуы керек;
жауаптар қысқа болуы керек және 1-2 сөйлем немесе цифрлар немесе
терминдер, атаулар тағы басқа түрінде болуы керек;
тапсырмалардың күрделілігі мынадай болуы керек: әр вариант
сұрақтарының 70-80%-ы білімді тексеруге (яғни анықтамалар, көркем
мәтіндерден үзінділер, ақын-жазушы туралы мәліметтер т.б.), ал 20-30%-ы
білік пен дағдыны тексеруге, мамандық бойынша практикалық тапсырмаларды
орындауға арналады. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының ең төмен көлемі
300 сұрақ болуы керек. Жинақты дайындау барысында ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940) бойынша пайдалануға
ұсынылатын негізгі әдебиеттер түгелдей қамтылған.