Курсы бойынша тесттер жинағЫ. Глоссарий 5В020500-«Филология», 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата06.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#13465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ағарту  ағымы  –  сатира  мен  діни  моральдің  көмегімен  адамдардың  азаматтық 

сезімін  оятып,  сол  арқылы  қоғамдағы  адамгершілік  климатты  жақсартқысы  келу 

идеясымен қаруланған қайраткерлер тобын біріктірген ағым. 

Ағартушы-демократтық  бағыт  –  бұл  бағыттағы  ақын-жазушылар  алғашқы 

білімді  қазақша  жаңаша  оқу  жүйесінен  алып,  орысша  білім  –  ғылым  үйреніп, 

дүниелік  әдебиеттен  тәлім  алды.  Қоғамдағы  қайшылықтарды  сынай  отырып, 

әрқайсысы  барынша  оны  жоюдың  өзіндік  жолдарын  ұсынды.  Олар 

ағартушылыққа  үндеумен  қатар  қоғамдағы    әлеуметтік  теңсіздіктерді  көре  білді 

және қазақ жазба әдебиетін жанрлық тұрғыдан дамытуға көп еңбек сіңірді. 



Алла  –  ислам  діні  ұғымында  күллі    ғаламды  жаратушы.  Бәрі  де  бір  Алланың  

құдіретімен  болмақ.  Оның  сипаты:  әкесі  де,  шешесі  де  жоқ,  және  ең  бірінші, 

некесіз,  тумаған,  тудырмаған.  Жерде  де  жоқ,  көкте  де  жоқ.  Бәрін  өзіне  лайықты 

сипатпен білуші.  



Аңыз – қазақ фольклорлық прозасының жанры, елдің, тайпа, рудың шыққан тегі, 

кешкен  жолы  хақындағы  немесе  тарихта  болған  әйгілі  адамдар  жайындағы  т.б. 

тарихи  шындыққа  негізделген,  халықтың  тарихи  жадында  сақталған,  әйтсе  де 

уақыт өте келе көркемдік сипат алған әңгіме. 



Аударма  –  әдеби  шығарманың  бір  тілден  екінші  тілге  көшіріліп  қайта  жасалуы, 

басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды. 



Әдеби  ағым  –  жалпы  қоғамдық  дамудың  белгілі  кезеңдегі  белгілі  саяси-

әлеуметтік сипатына сәйкес туып, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отыратын 

тарихи категория. Бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет