Ашық сабақтың тақырыбы: Шыңғыс хан империясы және оның мұрагерлері.
|
Күні: 08.12.2020 ж.
|
Педагогтің аты -жөні: Абсеметова А.Н.
|
Курсы: І
|
Қатысқандар: 25
|
Оқу мақсаты:
|
10.3.1.2-Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру.
10.3.2.4-Мемлекет құрлысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу.
10.3.2.5-ХІІІ-ХVғ. мемлекеттердің госаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау.
|
|
|
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық студенттер: Моңғол империясының құрылуы мен әскери басқару жүйесін түсінеді.
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Студенттердің басым бөлігі: Шыңғыс хан құрған мемлекеттің қоғамдық құрылымын және әскери әкімшілік аймақтарын ажырата алады.
|
Кейбір студенттер: Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктеріне баға бере отырып, Шыңғыс хан жеңістеріне ықпал еткен жағдаяттарды талдайды.
|
Білу, түсіну, қолдану, талдау
|
Бағалау критерийлері
|
Моңғол империясының құрылуы мен мемлекетінің әскери басқару жүйесін анықтайды.
Шыңғыс ханның әскери және азаматтық тұрғыда енгізген ережелеріне сипаттама береді.
Қазақстан территориясындағы аумақтық өзгерістеріне салыстырмалы түрде баға бере алады.
|
Тілдік мақсат:
|
Тақырыпқа қатысты кілт сөздер.
Моңғолдар, Шыңғыс хан, құрылтай, экспансия, моңғол жаулап алулары, көшпелілердің дамыған мемлекеті, яса, Шыңғыс ханның біліктері, Шыңғыс хан ұрпақтары, Шыңғыс ханның «алты руы»
|
Құндылықтар баулу
|
- батылдылық
- көшбасшылық
- төзімділік
- бостандық
“Мәңгілік Ел” ұлттық идеясының 6-7 құндылықтары:
- қазақстандық патриотизм
- азаматтық жауапкершілік
- ынтымақтастық
- ұлттық сана-сезім
|
АКТ қолдану
|
«Шыңғыс хан» фильмінен үзінді
Біздің тарих деректі фильмі «Моңғол атты әскері»
|
Пән аралық байланыс
|
Әдебиет, география, дүние жүзі тарихы, математика
|
|