Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуының салдарынан, оның аумағы Шыңғыс ханның ұрпақтары арасында бөліске түсті. Шыңғыс хан, көзі тірісінде- ак империясын өзінің ұлдарына ұлыс ретінде бөліп берген еді



Дата29.11.2023
өлшемі54,95 Kb.
#131333
түріҚұрамы


Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуының салдарынан, оның аумағы Шыңғыс ханның ұрпақтары арасында бөліске түсті. Шыңғыс хан, көзі тірісінде- ак империясын өзінің ұлдарына ұлыс ретінде бөліп берген еді. Сөйтіп, Қазақ- стан аумағы үш ұлыстың құрамына енгізілді. Далалық ұлан-ғайыр аймақ оның улкен ұлы - Жошының ұлысына кірді. Бірақ ол Шыңғыс ханның тірі кезінде қайтыс болғандықтан, ұлыста оның үлкен ұлы Батый билік жүргізді (1227- 1256). Ол Ертіс пен Солтүстік Жетісудан бастап, бүкіл Шығыс Дешті Қып- шақты, яғни Еділдің теменгі ағысына дейінгі зор аумақты алып жатты. Ал, Ордасы Ертіс алқабында орналасты. Шағатай ұлысына Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан және Мауераннахр аймақтары берілді. Ордасы Іле алқабында орналасты. Үгедей ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі, Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы ағысы мен Тарбағатай аумақтары берілді. Ордасы Шәуешек өлкесінде орналасты. Шыңғыс ханның кіші ұлы Теле Моңғолиядағы қара шаңыраққа ие болып қалды. 1228-1241 жылдары ұлы хан болған Үгедей ұлысы 1251 жылы жойыла- ды. Ал, оның жерлері 1251-1259 жылдары ұлы хан ретінде билік құрған Төленің баласы Мөңкеге және оған дейін ұлы хан болған Үгедейдің үлкен ұлы Күйікке (1246-1248) бөлініп беріледі


Жошының мұрагері - Батый Батыс Дешті Қыпшақты, Еділ бұлғарлары мен орыс князьдіктерін, Польша, Венгрия, Чехия жерлерін және одан әрі қарайғы жерлерді жаулап алу мақсатында басқыншылық жорықтарын жүргізді. 1236- 1242 жылдардағы Еуропаға жасалған жорықтардың нәтижесінде оның қол астына Қырыммен бірге, Дунайдың төменгі ағысына дейінгі жерлер карады. Обь пен Ертістің жоғаргы бастауларынан Еділ мен Әмудариянын теменгі ағысына дейінгі орасан зор аумақта Батый хан Алтын Орда мемлекетін құрды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахан маңында), кейінірек Батыйдын ағасы Берке ханның билігі тұсында (1257-1266) Сарай-Берке (Волгоградқа таяу) болды. Алтын Орданың әлсіреуі, 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда ішінде алаусыздық күшейеді, 1357-1380 жылдар арасында 20 хан ауысады, 14 ғасырдың 60 жылдарың өзінде мемлкеттің астанасы Сарайда бір жылдың ішінде 4 хан ауысады, Ішкі саяси жағдай әлсірейді, бұны тарихта Ұлы Дүрбелең кезеңі деп атайды, Осындай ішкі талас-тартыстан әлсіреген Алтын Орда, 1380 жылы Куликово даласында Мамай қолбасшылық еткен әскер Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі, Осы шайқастан кейін Алтын Орда мүлде әлсірейді, бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз қолына алған, 1382 жылы Тоқтамыс хан билігін нығайту үшін Мәскеуді өртейді, Әмір Темір Тоқтамыстың өзіне жасаған опасыздығы үшін, Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, өзі әлсіреп тұрған мемлекетті бас көтерместей етіп талқандайды.
ХѴ ғасырдың 20-60 жылдары Сібір. Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары пайда болды.
ХІѴ-ХѴ ғасырларда Қазақстан халқының әлеуметтік құрылымы таптық жіктелу сипатында болды. Қоғамдағы жетекші әлеуметтік топты Шыңғыс хан әулетінің өкілдері - хандар, сұлтан-оғландар құрады. Олар әмірлерден, бек- терден, билерден, байлардан тұратын тайпа басшыларының қолдауына сүйенді. Отырықшы және көшпелі жұрттың халқына «қараша», «жай халық», «қара халық» деген терминдер қолданылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет