Сабақтың басы
2 мин.
5 мин.
5 мин.
2 мин.
3 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу. Студенттерді түгендеу.
3 топқа бөлу: «Өз қалаңды қорғау»
Студенттер өздері ұнататын түстері арқылы топтарға бөлінеді. Стикерде қалалар аты жасырылған.
Өз қалаңды қорғау
I топ: Отырар
II топ: Сауран.
III топ: Сығанақ
ІІ. Өткен тақырыпқа шолу:
1.Студенттерге кесте бойынша жұмыс тапсырылады.
|
Территор-иясы
|
Өмір сүрген уақыты
|
Билеу-шілері
|
Астана-сы
|
Батыс Түрік қағанаты
|
|
|
|
|
Түргеш қағанатын
|
|
|
|
|
Шығыс Түрік қағанаты
|
|
|
|
|
2. «Хихая картасы» әдісі
Ескерткіштер қай билеушілердің құрметіне арналған?
Айтылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мақсатында графикалық органайзерлерді қолдану арқылы, студенттер оқиға, мән-жайы, суретті талқылайды.
Ең алғашқы ашылған құпия сөздерді ата ?
Күлтегін жыры қанша топтамадан тұрады?
1893 жылы Күлтегін жырын кім ашты?
Әр топтаманың қандай элементтері бар?
ІІІ.Сабақ тақырыбын болжамдауға арналған бейне баян
«Шыңғыс хан» фильмінен үзінді
Нені көрдіңіз?
Нені білдіңіз?
Нені ойладыңыз? ой қозғау
1. Студентерге «Ұлы император» деп аталатын слайд арқылы диалог құрып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
2. Педагог: Студенттерді сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.
Тақырыпты дәптерлеріне жазып алуды ұсынады.
|
Түрлі-түсті стикерлер
Қазақстан тарихы
З. А. Джандосова
106-110 б.
https://e-history.kz/kz/chronology/event/44
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-IIт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж. Гумилев Л. Н. Көне түркілер. - А., 1994 ж.
Бейне жазба
Слайд
|
Білу және түсіну
8 мин.
Сабақ-
тың ортасы
3 мин.
3 мин.
Зерттеу және талдау
5 мин.
|
Жаңа сабақты түсіндіру
Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей баһадүрдің отбасында туған.
Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.
1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды,
якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.
1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады.
1215 ж. Бейжінді алды.
1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті.
1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.
Шыңғыс ханның күшеюі кезінде наймандардың бір бөлігі Жетісуға көшіп кетті.Бұл жерде наймадардың ханы Күшілік 1210 жылы Қарақытайлар мемлекетіндегі билікті басып алды.Күшілік хан Шығыс Түркістанның түркі тайпаларына шапқыншылық жасай бастағандықтан, олардың билеушілері Шыңғыс ханнан көмек сұрайды.1218 жылы Моңғолдар Күшілік ханды талқандап, өз тмпериясына Жетісу мен Қарақытайлар мемлекетінің бүкіл Шығыс бөлігін қосып алды.Сол жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы қыпшақтардың арасында жасырынып жүрген меркіттерді күйретті.Бұл уақытта хорезмшах Мұхаммед қыпшақтарға қарсы 60 мыңдық әскерімен жорыққа шыққан еді.Осылайша Торғай даласында Моңғолдар мен Хорезмдіктер ұшырасып қалды.Бұл шайқаста ешкім жеңіске жетпегенімен, Шыңғыс ханның Хорезмшахпен соғысы болмай қоймайтын жағдайға айналды.Хорезмді жаулап алуы.1219 жылы Шыңғыс хан жорыққа 200 мыңдық әскермен аттанды.Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршап, ол 5 ай қоршаудан кейін бағындырылды.Ал Жошы Сығанақты, Женті өзіне қаратты.Үшінші әскерге Ходженд қиын-кесті қарсылық көрсеткенімен, оны да басып алды.Төртінші әскерді өзі басқарып, Бұхара мен Самарқандты күйретті.Хорезмнің астанасы Үргенішті алды.Осылайшы Хорезм мен Мәуереннахр Моңғол ипериясының құрамына кірді.
1227 жылы Шыңғыс хан қайтыс болған соң оның жаулап алу жорықтарын мұрагерлері Үгедей хан, Күйік хан және Мөңке табысты жалғастырды.Моңғолдар Қытай, Иран, Кавказ бен Русьті басып алып, Солтүстік Үндістан мен Шығыс Еуропаға өтті.Нәтижесінде құрлықтағы барлық дүниежүзілік империялардың ішіндегі ең үлкен қуатты империя құрылды.Ол Шығысынды Сары теңізден тастап, батысында Дунайға дейін созылып жатты.
Моңғол империясындағы тақ мұрагерлігі тәртібі.Мемлекеттегі жоғары билік Шыңғыс ханның «алтын әулетінде» мұрагерлікпен қалдырылатын болды.Хат атағына ерекше құқық Шыңғыс ханның тек алғашқы төрт ұлы (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) мен олардың тікелей ұрпақтарына ғана беріледі.Жоғарғы билекке тек «алтын әулет» мүшелеріне ие болды.Маңызды мәселелерді Шыңғыс хан ұрпақтары мен ақсүйектер жиналысы – құрылтай шешетін болды.Құрылтайда «алтын әулеттің» кез келген лайықты өкілі хан болып сайлана алатын еді.
Жұптық жұмыс:
1. Математикалық ойын. Шарты есеп шығарамыз, шыққан жауабында қандай оқиға болды соны айтамыз.
1. Отырар тобы: (532·2)+142= 1206
2. Сауран тобы: 1 55+(200·5 ) =1155
3. Сығанақ тобы: (30· 40)+27= 1227
1206ж - Монғол мемлекетінің құрылуы.Темучиннің Шыңғыс хан атануы
1155ж - Темүжін Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген.
1227ж - Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошының қайтыс болуы.
Дескриптор:
1.Есепті шығара анлады.
2.Жылды анықтайды.
3.Жылды сипаттайды.
ҚБ: бағдаршам әдісі.
2. «Құпия хат» әдісі
Студенттерге 1 сұрақ беріліп, студенттерден жылы 1 тілек пен жауап алынады.
1. Отырар тобы: Монғол империясының қоғамдық құрылысын атап беріңіз...
2. Сауран тобы: «Жасақ» заңдар жинағының 3 ерекшелігін көрсетіңіз...
3. Сығанақ тобы: Шыңғыс хан туралы не білесіз?
ҚБ: бағдаршам әдісі
3.Дерекпен жұмыс. «Ұлы дала мемлекетінің сабақтастығын анықтау»
( б.з.б. VIII- б.з. ХVI ғ.ғ)
Нұсқаулық
1) Студенттер 3 мемлекет тобына бірігеді;
2) 1. түркі/түрік, 2. монғол , 3. Қазақ
3) Өз топ атауына сай мемлекеттерінің сызбасын толықтырады
4) Әр топ өз сызбасын ортаға салып қорғайды, өзге топтар өз сызбасына сәйкес келетін тұстарын «+» таңбасыман белгілеп отырады
5) Соңында «+» белгілері бойынша студенттер еркін түрде түйінді ойларын 5 сөйлеммен тұжырымдайды.
ҚБ: «Қол шапалақ» арқылы бағалау
|
1.З.А. Джандосова Қазақстан тарихы.
Алматы: Мектеп,
2019
//http://expert.mektep.kz/ru/shop/12643910_klass/126440azastan_tarihy_10/1
2.Қазақстан тарихы хрестоматия. - А., 2011
Оқулық,
дәптер,
А – 4 форматын
дағы қағаз, фломастер, түрлі – түсті қағаздар,
стикерлер.
Маркер, ватман, стикер
А-4
форматын
дағы қағаз,
Маркер, ватман, стикер
|
Сабақ
тың соңы
8 мин.
|
5. Ой қорыту
Картамен жұмыс «Ұлыс жүйесі» бойынша,
* Ұлыс – «ұл» сөзі мен «ыс» жұрнағы арқылы құралған
«Ұлға мұра болатын жер» - деп түсінуге болады.
** Ұлыс сөзі – «үлес» сөзіне мағыналық жақындығы бар....
«белгілі бір адамға тиесілі бүтіннің бір бөлігі»
*** Ұлыс – түркі халықтарындағы ұлтты, елді, рулық-аймақты білдіретін кең мағыналы атау.
Сұрақтар (алдыңғы білім мен ой өрісіне негіздерген)
Студенттер кескін картамен жазбаша түрде топтық жұмыс жасайды
Шыңғыс ханның империясы қай жерлерді қамтыған?
Шыңғыс ханның басты мұрагер неше ұлы болған?
Оларға қай территориялар мұра етілген?
Қазақ дәстүрінде әкесінің үйіне мұрагерлік қай баласына тиесілі (тұңғышына, ортаншысына, кенжесіне)
***ЖАУАПТАР НАҚТЫ, ДӘЛЕЛДІ АРГУМЕНТАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛ-ГЕН БОЛУЫ ШАРТ!
ҚБ: бағдаршам әдісі.
|
Дәптер,
А – 4 форматын
дағы қағаз, фломастер, түрлі – түсті қаламдар
|