Курсы: I оқу семестрі : I кредиттер: 90 cағат/2 кредит



бет12/32
Дата28.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#130439
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
Практика-Фарм-2014-каз

Әдістемелік нүсқау №6
1.Тақырыбы: Қанның құрамы. Қанның физика-химиялық қасиеттері. Қан топтары. Қанның резустық жабдықталуы.
2.Мақсаты: қан құрамын,қанның негізгі көрсеткіштері туралы оқып үйрену. Қанның негізгі константаларын, қан топтарын анықтауды үйрену.
3.Оқыту мақсаты:

  • қанның клинико-гематологиялық зерттеу әдістерін игеру.

  • ағзаның функционалдық жағдайын дурыс бағалау.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Ағзаның сүйық ортасының жалпы сипаттамасы. Жасуша ішілік және жасушадан тыс суйықтықтары.
2. Қанның басты қызметтерін атап көрсетіңіз.
3. Қанның депосы, олардың саны және маңызы.
4. Қан плазмасының құрамы. Қан плазмасының ақуыздары, олардың саны және маңызы.
5. Қанның қорғаныс қасиеттері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері : Тәжірбиелік жұмыстарды орындау және талқылау, хаттама рәсімдеу

№2 Зертханалық жұмыс.


Қан топтарын анықтау. Қан тобын анықтауға арналған арнайы тостағаншаны аламыз, әртүрлі пипетка көмегімен I, II, III топ сарысуынан 1-2 тамшыны сәйкес ұяшықтарына тамызамыз. Белгілі әдіс бойынша саусақтан қан алып, таза таяқша арқылы стандартты сарысу тамшысының қасына тамызамыз. Сарысу мөлшерінен зерттелетін қанның мөлшері едәуір аз болуы тиіс. Қан тамшысын сарысумен ақшыл-қызыл түске боялғанша араластырамыз. Шыныны таяқшамен қозғай отырып, 1-5 минут бақылаймыз. Егер тамшы гомогенді, біркелкі боялса, онда гемагглютинация реакциясы жоқ(ГАР). Егер қызыл ұсақ түйін және мөлдір плазмасы ажыраса, онда ГАР бар. Қан тобын анықтау үшін қандай стандартты сарысу тамшысында ГАР жүрмегендігін белгілеу керек.
Қан топтарын анықтау барысында 4 нұсқаның біреуі алынуы тиіс.
ГАР сарысудың ешқайсысында жоқ. О(I) қан тобы.
I, III сарысуында ГАР А (II) қан тобы
I, II сарысуында ГАР В (III) қан тобы
I, II, III сарысуында ГАР АВ(IV) қан тобы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет