5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары: 1. Лейкоз дегеніміз не?
2. Лейкоздың патогенезі қандай?
3. Жедел және созылмалы лейкоздардың бір бірінен айырмашылығы неде ?
4. Лейкоз кезінде организмдегі жалпы бұзылыстар қандай синдромдармен көрініс береді
Кредит №3 Дәріс №1 1. Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің патологиясы
2.Мақсаты: ас қорыту жүйесінің пайда болу себептерін және даму заңдылықтарын түсіндіру.
3. Дәріс тезистері Ас қорытылуының жеткіліксіздігі – организмге түскен астың қорытылмауына әкелетін ас қорыту жолдарының жағдайы. Осының нәтижесінде организмде теріс азоттық баланс, гипопротеинемия, гиповитаминоз, жартылай аштық жағдайы және организмнің азып тозуы болады. Ас қорытылуының жеткіліксіздігі бүкіл ас қорыту жолының немесе оның бөліктерінің қызметінің бұзылуынан дамиды.
Ас қорытылуының бұзылуына мына себептер алып келуі мүмкін:
Дұрыс тамақтанбау(қауіті, қатты тағамдар);
Кейбір инфекция қоздырғыштары(іш сүзегі, дизентерия);
Ас қорытылуының бұзылуы тәбеттің, шайнаудың, сілекей бөлінуінің , жұтынудың, өңеш, асқазан, ішек қызметінің бұзылуынан болуы мүмкін.
Тәбет бұзылысының үш түрі бар: тәбеттің патологиялық күшеюі , төмендеуі және мүлдем болмауы. Шайнау қабілетін төмендететін себептердің ең жиі кездесетіні тіс жегісі мен пародонтоз.
Сілекейдің көп бөлінуі(гиперсаливация) сопақша мидағы сөл бөлу орталығының немесе сілекей бездерінің секреторлық жүйкесінің рефлекторлық белсенуінің нәтижесінде болады. Сілекейдің аз бөлінуі(гипосаливация ) сілекей безі тіндерінің патологиялық үрдістері салдарынан бүлінуі(паротит,ісіктер) нәтижесінде болады.
Жұтудың бұзылыстары жұтыну орталығының немесе жұтыну бұлшықеттерін иннервациялайтын қозғалтқыш жүйкенің зақымдалуынан болады. Механикалық бөгеттер де жұтудың қиындауына әкелуі мүмкін(ісік, тыртық). Өңештің қозғалтқыш қызметі төмендеуі(гипокинез немесе атония) немесе жоғарылауы (гиперкинез) мүмкін. Тағамның өңеш арқылы өтуінің қиындауы өңештің спастикалық жиырылуынан болуы мүмкін.
Асқазандағы ас қорытылуының бұзылуы оның мынадай: корлық(резервуарлық) , сөл шығару, қимылдық, сіңірімділік, шығарымдық қызметтерінің бұзылуына байланысты. Осы патологиялар салдарынан асқазан сөлінің сандық өзгерістері болуы мүмкін: сөлдің көп бөлінуі(гиперсекреция) және аз бөлінуі(гипосекреция). Бұл өзгерістер асқазан сөлінің қышқылдығы мен оның ферменттерінің белсенуімен қабаттасуы мүмкін. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауы(гиперхлоргидрия), төмендеуі(гипохлоргидрия) және мүлдем болмауы (ахлоргидрия) мүмкін.
Түрлі патологиялар нәтижесінде асқазанның перистальтикасы күшеюі(гипертонус) немесе әлсіреуі(гипотонус немесе атония) мүмкін.
Ішектің секрециялық қызметінің бұзылуы жиі энзимопатиямен(ферменттердің жеткіліксіз өндірілуі) көрініс береді. Энзимопатиялар туа пайда болған және жүре пайда болған , энтериттен кейін дамыған болуы мүмкін.
Сіңірілудің бұзылысы оның күшеюімен немесе әлсіреуімен көрінеді. Сіңірілудің бұзылысы мальабсорбция негізіне жатады. Мальабсорбция дегеніміз аш ішекте бір немесе бірнеше тағамдық заттың сіңірілуінің бұзылуымен сипатталатын симптомдар кешені.
Тағамның іргелік қорытылуы мына жағдайларда бұзылуы мүмкін: а) бүрлер мен микробүрлердің құрылымының бұзылысы және санының азаюы; б) іргелік қорытылуға қатысатын ферменттердің генетикалық және жүре пайда болған жеткіліксізді; в) субстраттың ішек қуысынан оның беткейіне шығарылуына әкелетін моторика бұзылысы; г) қуыстық қорытылудың бұзылысы , бұл кезде нашар қорытылған ірі молекулар бүрлердің арасына өте алмайды.
Ішектің қимылдық қызметінің бұзылысы мынадай көріністер мен көрінеді: перистальтиканың күшеюі(іш өту) немесе баяулауы (іш қату) және осы үрдістердің кезектесуімен, сонымен ішектің маятник тәрізді қимылының бұзылуы.