Электронды ресурстар: 1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.
2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009
3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009
4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009
5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006
6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010
7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008
8.Бақылау - сұрақтар: 1.Тағамдық статус дегеніміз не?
2. Әр түрлі топ тұрғындарының нақты тамақтануын бағалаудың қандай әдістерін білесіз?
3. Ұйымдасқан ұжымдардың нақты тағамдық статусын бағалау қалай жүргізіледі? 4. Жеке тұлғалардың тағамдық статусын бағалау қалай жүргізіледі? 5. Адамның тағамдық статусын медициналық бағалау әдісі қандай?
№11
1.Тақырыбы: Тамақтану толыққандылығын гигиеналық бағалау әдісі. Тамақтануды зерттеудің лабораториялық әдісі. Тамақтан лабораториялық талдау үшін сынама алу әдістемесі. Тамақтың құрамындағы ақуызды, майды, С-дәруменін және энергиялық құндылығын анықтау әдісі. 2.Мақсаты: студенттерді тұрғындардың әр түрлі жас топтарына арналған тамақтану тәртібі мен рацион тепе-теңділігіне, сапалық құрамына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру, ас мәзірі бойынша тамақтану рационының тепе-теңділігі мен сапалық құрамына есептеу жүргізуді, рацион толыққандылығына гигиеналық баға беруді үйрету.
3.Тапсырма: 1.Тұрғындардың әртүрлі жас ерекшеліктеріне байланысты тамақтану рационын теңестіру сапасына қойылатын гигиеналық талаптарымен таныстыру.
2. Азықтық заттың биологиялық құндылығын және азық түліктердің негізгі көзін анықтау.
3.Тағамдағы с витаминін анықтау әдістемесімен танысу.
4.Ас мәзірін құрастыру есебіне баға беру принсіпін бағалау.
5. Оқып, меңгеру нәтижесі бойынша реферат, презентация, тест сұрақтары мен жағдайлық есептер дайындау.