Шахтердіңтамақтану рационы 3500ккал калориялықты құрайды. Тәуліктік энергия шығыны 3600ккал құрайды.
Тамақтанудың энергетикалық адекваттылығын бағалаңыз.
Есеп №8. Студенттің тамақтану рационында 106гр май бар, оның энергия шығыны тәулігіне 2800ккал құрайды.
Калориялық квотаны есептей отырып, құрамындағы майды анықтаңыз.
Оцените содержание жиров с учетом калорийной квоты.
Есеп №9. Мұғалімнің тамақтану рационында 70г ақуыз, оның ішінде 39г жануартекті, 70г май оның ішінде 21г өсімдік текті, 20% моносахаридтер и 80% полисахаридтер.
Мұғалім тамақтану рационының тепе-теңділігін бағалаңыз.
Есеп №10. 3 жастағы балалардың тамақтану рационында 53г ақуыз, оның ішінде 70% жануар текті, 53г май оның ішінде 1/3 өсімдік текті.
Рациондағы майлар мен ақуыздардың құрамын, тепе-теңділігін бағалаңыз.
Есеп №11. Құрастырылған ас мәзірінде тамақтың аталуы, тамақтық азықтардың тізімі, олардың колориялығы, құрамындағы минеральды тұздар, дәрумендер, көмірсу, май, ақуыздың сапалық құрамы берілген.
Тамақтану рационын бағалау үшін ас мәзірінің дұрыс құрастырылуын бағалаңыз.
Есеп №12. Студенттің тамақтану тәртібі азанғы ас, түскі ас және кешкі асты құрайды. Азанғы ас пен түскі астың арлығы – 7сағ., түскі ас пен кешкі астың аралығы 5 сағ. құрайды. Тамақтануды бір уақытта, бір сағатта қабылдауы, тамақтануға жеткілікті уақыт тәртібі сақталады. Тағамдардың реттілік тәртібі сақталады. Азанғы астың калориялығы 20%, түскі астың калориялығы 45%, кешкі астың колориялығы - 35%.
Тамақтану тәртібін бағалаңыз.
Есеп №13. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақтануында кальцийдің құрамы төмендетіліп, фосфордың құрамы жоғарлаған, аскорбин қышқылының құрамы төмендеген. Тамақтану рационын зерттеу балалар негізінен макорон, жарма өнімдері тәрізді көмірсулы тағамдармен тамақтанатындығын көрсетті.
Тамақтану рациональдылығын бағалаңыз.