Курсы және оқу семестрі: курс, семестр



бет34/72
Дата27.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#70309
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
метод-СРС-ОГ-ОЗ-каз

2) Ситуациялық есептер
Есеп №1.
М. қаласының №100 орта мектебінде биология кабинеті ауданы 66м², оңтүстік шығысқа бағытталған. Жарық коэффициенті -1:4, тереңдеу коэффициенті – 2,7. Шеткі қатардың соңғы партасындағы ТЖК 1,05%.
Берілген жағдай бойынша биология кабинетінің табиғи жарықталуы жағдайын бағалап гигиеналық қорытынды беріңіз.


Есеп №2.
Науқастар палатада жоғарыдан жарықталатын екі шаммен жасанды жарықталудың жетімсіздігіне шағымданады. Оның әрқайсысында қуаттылығы 200Вт бір шамнан бар. Палата ауданы 15 м². Сізде люксметр жоқ.
Сіз жарықталуды бағалай аласыз ба? Науқастардың шағымы дұрыс па?


Есеп №3.
Аптеканың қызмет көрсету залының ауданы 36 м², 1,8м биіктікте 2 терезесі бар, ені 2м. Терезелері оңтүстікке бағытталған.
Жарық коэффициентін және инсоляциялық тәртіпті есептеңіз және бағалаңыз.
Есеп №4.
Аурухана құрылысына алынған жер аймағы топырағын зертханалық зерттеуде анықталды: коли-титр-1; анаэробтар титрі-0,1; Хлебниковтың санитарлы саны-0,99; 1кг топырақта гельминт жұмыртқалары-жоқ;
Топырақтың эпидемиологиялық қауіпсіздігі дәрежесіне баға беріңіз.


Есеп №5.
Аурухана аумағының санитарлы жағдайын зертханалы бақылау мәліметтері топырақтың санитарлы саны көрсеткіші бойынша –аз ластанған, ішек таяқшасы титрі бойынша – ластанған, анаэробтар титрі бойынша (Cl.perfringens)-аз ластанған.
Топырақтың санитарлы жағдайына гигиеналық баға беріңіз.


Есеп №6.
Балалар ауруханасы аумағынан топырақтан сынама алынған. Топырақтың ластану көрсеткіштерін анықтау нәтижесінде келесі мәліметтер алынған: Хлебниковтың санитарлы саны-0,7; ластанудың суммарлы болжамы(Zc) – 75,0; ішек таяқшасы тобының бактериялар индексі-198; гельминт жұмыртқалары – 23экз/кг; шыбын жұмыртқалары мен қуыршақтары-0,04м² беткейде 10экз дейін.
Топырақтың санитарлы жағдайына гигиеналық баға беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет