Курсы және оқу семестрі: курс, семестр



бет36/72
Дата27.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#70309
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
метод-СРС-ОГ-ОЗ-каз

Есеп №14.
29ж шахтердің тамақтану рационында 107г ақуыз, 170г май, 324г көмірсу құрайды. Тәуліктік рационының калориялығы 3254ккал. Рацион құрамындағы С дәрумені 80мг. Шахтер еңбек қарқындылығының IV тобының жұмысын атқарады.


Есеп №15.
Қаланың ауыз су құбырында 400 мг/дм3 хлор және 550 мг/дм3 сульфаттар анықталған.
Ауыз суға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.


Есеп №16.
Қаланың ауыз су құбырында 1 мг/дм3 темір және 3 мг/дм3 фтор анықталды.
Ауыз суға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.


Есеп №17.
Ауыз су құбырының дәмі – 3 балл, иісі – 3 балл, түстілігі- 30, лайлығы - 2 мг/дм3
Ауыз суға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.


Есеп №18.
Құдық суының жалпы қаттылығы 15 мг-экв/дм3 және құрамында 80 мг/дм3 нитрат бар.
Cуға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.
3)Сұрақтар.
(1-8тақырыптар бойынша)



  1. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.

  2. Гигиенада қандай зерттеу әдістері қолданылады?

  3. Гигиена ғылымының басқа ғылымдармен байланысын атаңыз.

  4. Гигиенаның бөлімдерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

  5. Санитариялық эпидемиологиялық қызмет қалай ұйымдастырады?

  6. Гигиеналық нормалаудың қандай қағидаларын білесіз?

  7. Термореттеудің қандай түрлерін білесіз?

  8. Ауа қозғалысын өлшеу әдісі қандай?

  9. Барометрлік қысымды өлшеудің әдісі қандай?

  10. Ауа қозғалысын қалай бағалаймыз?

  11. Барометрлік қысымды қалай бағалаймыз?

  12. Адам ағзасына төмен атмосфералық қысым қалай әсер етеді?

  13. Адам ағзасына жоғары атмосфералық қысым қалай әсер етеді?

  14. Судың сапасын жақсартуға қандай негізгі әдістер қолданады?

  15. Судың залалсыздандыру әдістерін атаңыз.

  16. Судағы хлорид пен сульфаттың гигиеналық маңызы қандай?

  17. Суды хлорлау әдісін түсіндіріңіз

  18. Қандай үрдіс судың хлор сіңіруі деп аталады?

  19. Бос қалдық хлор дегеніміз не?

  20. Санитарлық химиялық талдау үшін судың сынама алу әдісін түсіндіріңіз.

  21. Күннен қандай сәулелер бөлінеді?

  22. Күн спектрі сәулелерінің биологиялық мәні неге негізделеді?

  23. Инфрақызыл радиацияның гигиеналық мәні неде?

  24. Ультракүлгін сәулеленудің гигиеналық мәні неде?

  25. УК-сәулеленудің биогенді және абиогенді әсері дегеніміз не?

  26. Күн сәулесі жетіспеушілігі дегеніміз не?

  27. Күн сәулесінің жетіспеушілігі немен негізделеді?

  28. Көрінетін жарықтың гигиеалық маңызы қандай?

  29. Бөлменің тұтасымен табиғи жарықталу жағдайын бағалауға қандай көрсеткіштер мүмкіндік береді?

  30. Жұмыс орнының табиғи жарықталу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер қандай? Оларға анықтаама беріңіз.

  31. Бөлменің табиғи жарықталуының жарықтехникалық көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.

  32. Жарықталу деңгейін өлшеу қандай құрылғы арқылы жүргізіледі?

  33. Жасанды жарықталуға қандай негізгі талаптар қойылады?

  34. Қыздыру шамдары арқылы туындайтын жарықталу кемшіліктері қандай?

  35. Люминисцентті жарықталудың кемшіліктері және соған байланысты шамдарды қолдануды шектеу.

  36. Сумен қамтамасыз етудің қандай жүйесі мен көздерін білесіз?

  37. Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық зерттеуде қандай әдістер қолданылады?

  38. Су көздерін санитарлы қорғауда қандай іс-шаралар жүргізіледі?

  39. Су сапасымен қандай аурулар байланысты?

  40. Су көздерінен ауыз су сынамасын алу қалай жүргізіледі?

  41. Зертханалық жағдайда су мөлдірлігін қалай өлшейді?

  42. Толыққанды тамақтану және оның негізгі қағидалары туралы не айтасыз?

  43. Тамақтану жетіспеушілігіне байланысты қандай ауруларды білесіз?

  44. Артық тамақтануға байланысты қандай ауруларды білесіз?

  45. Теңдетірілген тамақтану дегеніміз не?

  46. Ересек еңбекке жарамды тұрғындардың тамақтануының физилолгиялық нормаларын өңдеу қандай факторлар негізінде қаланады?

  47. Тамақтанудың физиологиялық нормаларын қандай көрсеткіштер анықтайды?

  48. Адамның энергия шығынын қандай факторлар анықтайды?

  49. Адамның қалыпты дене салмағын есептеу қалай жүргізіледі ?

  50. Қандай патологиялық жағдайлар дұрыс тамақтанбауға байланысты болады?

  51. Дене еңбегі мен ой еңбегі кезіндегі тамақтанудың ерекшеліктері қандай?

  52. Судың коагуляциясы дегеніміз не?

  53. Суды тазалаудың қандай әдістерін білесіз?

  54. Суды залалсыздандыруда қандай әдістер қолданылады?

  55. Су көздерінің санитарлы қорғау аймақтарының қандай белдеулері болады?

  56. Су көзін таңдауға ұсыныс беріңіз.

  57. Су факторына байланысты дамитын аурулардың алдын алу үшін қандай іс- шаралар жүргізіледі?

  58. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы неде?

  59. Қандай нүктелерден топырақ сынамасы алынады?

  60. Сынамаға топырақ алудың әдісі қандай?

  61. Талдауға топырақты қалай дайындаймыз?

  62. Талдауға топырақты қалай өңдейміз?

  63. Топырақ құрамында экзогенді химиялық заттардың болуының көрсеткіші.

  64. «Топырақтың санитарлы саны» дегеніміз не?

  65. Топырақтың гранулометриялық құрамының гигиеналық маңызы неде?

  66. Ауа ортасының физикалық факторларына не жатады?

  67. Бөлменің микроклиматы дегеніміз не?

  68. Ауа ылғалдылығы адам олрганизміне қалай әсер етеді?

  69. Климат дегеніміз не?

  70. Климат пен ауа райының гигиеналық маңызы неде?

  71. Адам ағзасына төменгі және жоғарғы температура қалай әсер етеді?

  72. Акклиматизация дегеніміз не?

  73. Бөлме микроклиматын бағалауға арналған қандай құрылғыларды білесіз?

  74. Бөлмедегі ауа қозғалысының жылдамдығын қандай құралмен өлшейміз?

  75. Адамдар денсаулығы үшін рационалды тамақтанудың маңызы неде?

  76. Тағамдық азықтардың биологиялық және тағамдық құндылықтары немен сипатталады?

  77. Тамақтану жағдайы мен тәртібіне қандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады?

  78. «Рациональда тамақтану пирамидасы» дегеніміз не?

  79. Зертханалық талдау үшін тағамдық азықтардан сынама алу тәртібі қандай?

  80. Ас мәзірін құру, есептеу, бағалау әдістерін қалай түсінесіз?

  81. Өсімдік текті азықтардың биологиялық құндылығы неде?

  82. Ұнның қатерсіздігіне қандай көрсеткіштер әсер етеді?

  83. Зерттеуге ұннан сынама алу қалай жүргізіледі?

  84. Ұнның минеральды құрамын атаңыз, ол неге байланысты?

  85. Тамақ өнімдерін консервілеудің негізгі мақсаты неге негізделген?

  86. Негізгі азықтардың қатерсіздігін бағалау үшін қандай жедел әдістер қолданылады?

  87. Тағамдық азықтарға гигиеналық сараптама жүргізудің тәртібін айтып беріңіз.

  88. Консервілеудің қандай әдістері қолданылады?

  89. Жұмыртқаны санитарлы бағалау қалай жүргізіледі?

  90. Жұмыртқаның қатерсіздігі қалай анықталады?

  91. Тағамдық рацион құндылығы мен сапалық құрамын медициналық бақылау қалай жүргізіледі?

  92. Аурухана ас блоктарының санитарлы-гигиеналық зерттеу қалай жүргізіледі?

  93. Аурухана ас блогының санитарлы тәртібі қалай бағаланады?

  94. Стационарда аурулардың тамақтануы қалай ұйымдастырылады?

  95. Емдік-профилактикалық және ем-дәмдік тамақтану құрастырылуының негізгі қағидаларын атаңыз?

  96. Шу қандай физикалық көрсеткіштермен сипатталады?

  97. Таралу және уақыт сипатына байланысты шу қалай жіктеледі?

  98. Шудың адам ағзасына әсері қандай?

  99. Аудиометрия дегеніміз не?

  100. Өндірістік шуды нормалау қағидалары қандай?

  101. Жұмыс орындарында тұрақты және тұрақсыз шу қалай нормаланады?

  102. Шумен күресудің негізгі әдістері мен құралдары қандай?

  103. Шудың физикалық сипаттамаларын атаңыз.

  104. Діріл адам ағзасына қалай әсер етеді?

  105. Дірілді өлшеу және гигиеналық бағалау әдістері қандай?

  106. Өндірістік токсикологияныңң мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.

  107. Зиянды заттардың қауіптілігі мен улылығына анықтама беріңіз.

  108. Қандай жағдай улылық әсердің күші мен сипатына әсер етеді?

  109. Өндірістік улар қалай жіктеледі?

  110. Улар организмге қалай түседі, өзгереді, ағзадан шығады?

  111. Өндірістік уларды гигиеналық нормалаудың қағидаларын атаңыз?

  112. Химиялық заттарға адаптацияның механизмін түсіндіріңіз және оның гигиеналық маңызы қандай?

16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет