Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»



бет34/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Адам, индивид, тұлға. Психология ғылымында “жеке тұлға” деген ұғымға әр түрлі түсініктер береді, олардың ойын қорытар болсақ: жеке тұлға дегеніміз-әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) ( болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты ) атқаруы.Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Сонымен, тұлға дегеніміз-өзіндік сана қалыптастыру барысында қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні.
Демек, жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, оның маңызды белгілері ретінде саналылық, жауапкершілік, еркіндік, қадір-қасиет, т.б. көрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында “адам”, “индивид” деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам-бет- бейнесімен,келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сөйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни ол биологиялық мәнге ие болады. Ал “индивид” латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы –“жекелік”. Бұл сөздің ұғым ретіндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерінің ескерілмеген көрінісін берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір адам индивид болып табылады. Жеке тұлға ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні де осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттілікке байланысты іске асырылады. Әрбір адам өзінің өмір салты, құндылық бағыттарына сай іс- әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың тұрмыс- тіршілігі өзгермелі болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен ерекшеленеді.
Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендіру деген термин бар. Өйткені жеке тұлғаның өзі, оның сана-сезімі құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, мәдениетті меңгеру процесінде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтенуде тәрбиемен қатар алдын ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпла арқылы адамның қоғамның толыққанды, толыққұқылы мүшесі болуы байқалады.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, қоршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатынас жасауы- күрделі мәселелердің бірі. Өркениетке ұмтылу барысында елдің орнықты дамуының қамтамасыз етілуі үшін қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті міндет және жауапкершілік ретінде қабылдау қажет.
Жеке тұлға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогика тәрбие субъектісі ретінде адамды қарастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетілуіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу феноменіне негізгі анықтама береді, яғни педагог-тәрбиелеушілердің қайта көркею қызметі, тәрбиеленушілердің нәтижелі іс-әрекет жасауына игі әсер етуші. Ақыл- ойының өзгеруіне, дүниеге көзқарасына, психологиялық, мәнділік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа өсуінің себепшісі болады және оны жетілдіреді. Тәрбилеудің мақсаты-жеке адамды және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану. Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан-жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеуметтік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады. Тұлға дамуы, процесс ретінде, индивидтің психофизиологиялық ерешеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен және сыртқы әлеуметтік жағдайлармен шартталады. Оны Л.И.Божович «ішкі даму процестері мен сыртқы жағдайлардың өзінше үйлесімі» деп атап көрсетеді.
Б.Г.Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген факторлардың өзара әрекетімен шартталады: тұқымқуалаушылық, қоршаған орта (әлеуметтік, табиғи), тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті.
Тұқымқуалаушылық, қоршаған орта және тәрбиенің өзара қатынасын Й.Шванцараның схемасынан көруге болады. Бұл схемада аталған үш факторлардың өзара әрекеті көрсетілген. АВС үшбұрышы (теңқабырғалы үшбұрыш) дамудың оптимальді екендігін көрсетеді. Егер бір фактордың ролі асыра бағаланып кетсе үйлесімсіз дамуды көреміз. Осы схемадан бірде- бір фактор жеке ықпал етпейтіндігін, даму олардың келісілген ықпалдарынан тәуелді екендігін көреміз.
С1 С С2
Схема 2
Тұқым қуалайды: орталық нерв жүйесі қасиеттері (күш, жылдамды және т.б.), бет әлпеті, түсі, ауру түрлері және т.б.. кейбір мінез сипаттарының (экстраверсия, интроверсия, агрессивтілігі т.с.с.) тұқым қуалауы туралы бір жақты пікір жоқ.
Тұлғаның әлеуметтік қасиеттері (моральдік) тұқым қауламайды. Тұлға және қоршаған орта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет