Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»


Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы



бет2/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.


Педагогикалық парадигма дегеніміз накты педагогикалық міндеттерді
шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын калыптасқан негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы: қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам» парадигмасының ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз.
Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды. Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді. Жаңа педагогикалық парадигмада «білім беру философиясы» деген ұғым кеңінен талқылануда. Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.
Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды мәселерін шешудегі білім берудің әлеуметтік рөлінің мәні неде? Қазіргі кездегі білім беру саласы, оның даму бағыттары қандай? Ол болашақта қандай болуы керек?
Білім берудің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық па?
Ал философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі. Философия-грек тілінен аударғанда («филео» - «жақсы көру»,«софия» -
«ақылдылық») - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.
Білім берудің парадигмасы - ғалымдар мен практиктердің айтарлықтай көпшілігі қабылдаған және педагогикалық теория мен білім беру практикасының одан әрі дамуына қызмет ететін бастапқы теория, теориялық қағидалар, идеялар, сенімдер мен көзқарастар. Педагогикалық парадигма – әдетке айналған көзқарастар, белгілі педагогикалық мәселелерді шешудің үлгісі ретінде қабылданған модель.
Педагогикалық парадигма тұрақты, әдетке айналған көзқарас, белгілі бір топтағы педагогикалық міндеттерді шешудің үлгі-қалпы;
педагогика ғылымында және озық педагогикалық іс-тәжірибеде көпшілік қабылдаған ой-пікірге күмән тудыратын фактілер болғанымен пайдалану жалғасып отырған идеялар, көзқарастар.
Қазіргі таңда білім беруде негізгі төрт педагогикалық парадигма мәлім:
Бірінші парадигма оқушыларда алдын-ала терең және берік білімдерді қалыптастыру, тек соңынан оларды шығармашылық мәселелерді қоя білу мен шешуге үйрету керек. Мектептегі және ЖОО-ғы көптеген дәстүрлі оқыту әдістемелар осыған бағдарлайды. Бірақ эмпирикалық және теориялық жалпылау кезеңінде, сондай-ақ практикалық пайдалануда оқушылар мен студенттердің оқу-шығармашылық іс-әрекеттерін белсендіру және интенсификациялауға кең мүмкіндіктер ашылады.
Екінші парадигма – оқушыларға тек қана қолжетімді білімдер берілуі тиіс. Қолжетімді білім - білім алушылардың жас ерекшеліктерін есепке алуды, оқу материалының мазмұны оларға түсінікті болуы, олардың ақыл- ой дамуы деңгейіне сәйкестігі, қалыптасқан білімдері мен түсініктеріне негізделуін қажеттейді. Тек соның негізінде білім алушының білімдерінде алға жылжу болады. Дегенмен, не қол жетерлік дәрежесімен шектелсе, ол дамымайды.Мысалы, егер спорт саласында қолжетімділік принципін қолданғанда, ешбір спортшы рекордқа қол жеткізбеген болар еді. Өз дамуының белсенді (табысқа жеткен) деңгейінен асу (басым болу ) үшін, өз қабілеттері шекарасында еш болмағанда кіші білімдердің элементтерін меңгеру үшін, оқушы жұмылдырылуы , өз күш-жігері мен қабілеттерін күшке салуы керек. Бұл жағдайда оқыту мен тәрбиелеудің дамытушылық тиімділігіне қол жеткізуіміз мүмкін.
Үшінші парадигма білімдер мен шығармашылық қабілеттерді теңестіру. Білімдер қалыптастыруға басымдық беріліп, оның өзі шығармашылық қабілеттерді дамытады, деп есептеу.
Төртінші парадигма – теориялық білімдерді басымды деп есептеп, практикалық ойлаудың рөлін азайту. Теориялық ойлауды қалыптастыруға көбірек мән беру. Дегенмен, шығармашылық тұрғыдан ойлау, теориялық ойлаудан гөрі обьективті шындықты кең және терең бейнелейді. Шығармашылық ойлау теориялық және практикалық тұрғыдан ойлаудың бірыңғай диалектикасын бейнелейді. Оқу-тәрбие жұмысында практикалық компоненттің рөлін азайту – төртінші педагогикалық парадигмаға жатады. Сондықтан жаңа педагогикалық парадигмалар құрастыруға қажеттіліктер туындайды.
Жоғары білім берудегі педагогикалық парадигмалар: Тұлғалық – бағдарлы білім беру парадигмасы. Аксиологиялық парадигмалар. Ғылыми- технократиялық парадигмалар. Гуманистикалық парадигмалар. Эзотериялық парадигмалар.
Полифониялық парадигмалар. Болашақ маманның кәсіби дайындығы үрдісі әр түрлі парадигмалық нұсқауларға бағдар алады. Жоғары білімнің стратегиялық және тактикалық міндеттерін шешуде педагог әр түрлі парадигмаларды басшылыққа алады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет