Курсы мамандығы: «5B010300-Педагогика және психология»


Білім - ғылыми шындықтар жүйесі. Білім



бет47/60
Дата10.03.2023
өлшемі302,06 Kb.
#72891
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60
Байланысты:
Айтжанова Роза Мукантаевна П. . к., профессор

Білім - ғылыми шындықтар жүйесі. Білім - объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім кез келген жағдайда адамның дүниетамыны анықтай бермейді. Білім адам үшін субъективті мән алуы, яғни оның көзқарастары, сенімдері, идеал құруының негізі болуы керек. Ғылыми білім тұлға дамуының және оның дүниетанымы қалыптасуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтежесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
Көзқарас жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы. Көзқарас – адамның шындық ретінде қабылдаған идеары, білімдері, теорилары, концепциялары және жорамалдары, құбылыстарға деген өзінің қарым-қатынасы.
Сенім – көзқарастың жоғары сапалы жағдайы. Сенім деп тұлғаның ішкі позициясына айналған білімдерді айтуға болады. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайлы, мінез-құлқын сипаттайды. Сенім тұлғаның рухани әлемін (құндылықтарын, қызығушылықтарын, сезімдерін, іс-қимылдарын) анықтайды. Олар адамды қоғам өмірі талаптарына, қажеттіліктеріне сәйкес іс-әрекет жасаына бағыттайды.
Адам мұраты жете түсінудін жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірлік ұмтылысы.
3.Оқушылардың ғылыми қөзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін мектептегі білім беру мазмұнындағы білім мен идеялардың жүйесі. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Егер адамның көзқарастар жүйесі оның санасының, сезімдерінің бірлігіне сүйенсе, тек сол жағдайда ғана онда әлем туралы тұтас түсінік қалыптасады. Сондықтан дүниетаным қалыптастыру тұлғаның белсенді іс-әрекетінен, оның интеллектісіне, жігеріне, эмоцияларына ықпал етуден тікелей тәуелді. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен әлеуметтік және микроорта, оқыту және тәрбие, жаппай ақпарат құралдары және т.б әсер етеді. Олардың әрқайсысы әр түрлі ықпал жасайды.
Дүниетанымның интеллектуалдық компоненті шындықты тікелей сезімдік қабылдаудан абстратілік ойлауға көшуді талап етеді. Одан нақты ойлауға көшеді. Абстрактіліктен нақты ойлауға көшу барысында әлем құбылыстарының мәнін, себеп-салдар байланыстарын түсіну жүреді.
Аналитикалық-синтетикалық іс-әрекеттің кез-келген нәтижесінде білім де, іс-әрекет әдісі де болады. Олар тану процессінің әр түрлі жақтары. Бірақ бұл процесте жетекші рольді білім атқарады. Осылардың барлығы оқушыларды біліммен ойлау және әрекет етудің бірлігі негізінде дамытуды талап етеді.
Дүниетаным жеке-жеке білімдерден емес, оның жүйесінен тұрады. Ол білімдер әдіснамалық теориялар, концепциялар, идеялар негізінде ұйымдаса отырып, мүмкіндігінше қәзіргі заманғы ғылыми білімдердің құрылымын көрсетеді.
Білімдер сенімдерге айналуы, тұлғаның басымды қажеттіліктеріне, әлеуметтік күтулері мен құндылық бағыттылықтарына, жалпы көзқарастар жүйесіне енуі үшін сезімдеріне әсер етуі керек. Оқушылардың оң эмоционалдық жағдайы оларды өз тәжірибелеріне, ұлы ғалымдардың және қоғам қайраткерлерінің өмірі мен іс-әрекетіне назар аудартады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда интеллектуалдық және эмоционалдық-жігерлік компонентпен қатар практикалық-әрекеттік компоненттің де маңызы зор. Сондықтан оқушыларды практикалық әрекеттер жүйесіне, әлеуметтік қарым-қатынастарға тарту олардың жан- жақты ақпараттарды, қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруіне жағдайллар жасайды.
Оқушыларда ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тұтас процесі оқытудағы сабақтастықпен, оқу пәндерінің бір-бірінң байланысымен қамтамасыз етіледі. Пәнаралық байланыстарды іске асыру бір құбылысты жан-жағынан көруге, ол туралы тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді.
Педагогтің әлеуметтік және кәсіби позициясы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың бір жолы. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы жетістік көп жағдайда оқушылардың мұғлімге деген сеніміне байланысты. Сондықтан, ғылымның мәнін, жетекші идеяларды толық түсінген, қабылдаған, шығармашы тұлға ретінде қалыптасқан мұғалім ғана жастардың рухани жетекшісі бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет