Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрі бар: тікелей бақыла, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау, т.б. жеке адамның тәрбиелілігін зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады.
Психологиялықсұрақтар ұжым мүшелері арасындағы қатынастарды, жолдастық құштарлықты немесе теріс қатынастарды анықтайды. Мұндай сұрақтар дер кезінде қайшылықты анықтауға, оны іскерлікпен шешуге мүмкіндік береді.
Тәрбие әдістерін анықтауда мынадай көрсеткіштер есте ұсталынуы тиіс: оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білу және сақтау; сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі және шетелдердегі жағдайларды бағалай білу.
Тәрбиеәдістерідегеніміз– тәрбие мақсатына және нәтиже алуға жетуге байланысты қолданылатын тәсілдер. Мақсатқа әртүрлі жолмен жетуге болады. Тәрбиенің нәтижелігі таңдаған әдіске тікелей байланысты. Тәрбие әдістері жалпы түрде қарастырылады. Өйткені барлық адамдармен (оқушылармен, студенттермен, үлкендермен т.б.) тәрбие жұмысы жүргізіледі; барлық бағыттағы (адамгершілік, дене, еңбек, ақыл – ой т.б.) тәрбие мәселелерін шешуге қолданылады; бірнеше міндеттерді іске асыруда пайдалынады.Тәжірибеде қолданылып жүрген тәрбие әдістерінің:
сендіру;
жаттықтандыру;
мадақтау;
жазалау;
үлгі көрсету түрлері әдістерді классификациялаудың базалық негізі бола алады.
Сендіру әдісінің негізгі қаруы – сөз, ақпараттандыру, адам санасына әсер ету.
Жаттықтандыру әдісі – іс - әрекеттің көп рет қайталануы арқылы қалыпты әдет қалыптастыру.
Мадақтау әдісі – жағымды іс - әрекеттің бағалау арқылы жеке адамды белсендендіру. Ол мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс білдіру сипатында іске асырылады.
Жазалау әдісі адамның қатесін түсіндіруге, жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Қоғам талабын орындау керектігін үйрету. Әрине, жазалау әдісіне педагогикалық тұрғыдан денеге зақым келтіру, яғни ұрып – соғу, балағаттау жатпайды.
Үлгі көрсету – сөз бен істің бірлігі. Адам тек сөзімен ғана емес, ісімен тәрбиеленушіге үлгі - өнеге көрсетуі тиіс.
Ал тәрбие құралына келер болсақ, ол- әлеуметтік тәжірибе жиынтығы. Мақсатты шешу барысында тәрбиеленушіге әсер ететін нәрсенің барлығы тәрбие құралы бола алады. Бірақ тәрбие құралы нақты тазалық, эстетикалық, экономикалық, этикалық құқықтық талаптарға жауап беруі тиіс. Әдістер мен құралдардың жиынтығы тәрбие формасын анықтайды. Қазіргі кездегі энциклопедиялар мен сөдіктерде форма ұғымының бірнеше мағынасы берілген: ол – тәрбие процесінің ішкі көрінісі; тәрбие жұмыстарының ішкі көріністерін сипаттайтын тәрбие құралдары мен ұымдастыру тәсілдерінің жиынтығы; тәрбиеленушінің жеке және ұжымдық іс - әрекетінің ұйымдастырылуы. Сонымен форма дегеніміз – тәрбиелеу процесіндегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым – қатынас бейнесі.
Тәрбие жұмыстарының формасы төмендегідей қызметтерді атқарады:
ұйымдастырушылық;
реттеушілік;
ақпараттандырушылық.
Тәрбие жұмысының формасы уақыт мерзіміне, тәрбиеленушінің іс - әрекет түріне (оқу, еңбек, спорт, көркем сурет), ьпедагог ықпалына, ұйымдастырушы субъектілерге (оқытушы, тәрбиеленуші, ата – ана), нәтижеге, қатысушылардың санына байланысты сипатталады және басқа формадан ажыратылады. Мысалы, санына байланысты жеке, топтық, ұжымдық болып бөлінеді. Тәрбие жұмыстарының мазмұнына сай тәрбие формасы таңдалады және жүргізіледі.
Білім беруді адамның әлеуметтік тұрғыдан есеюі және өзіндік даму процесі ретінде қарастырар болсақ, алдымен, адамның әлеуметтенуі, сонан кейін студенттерге әсер етудің арнайы ұйымдастырылған дүйесі.
Жастардың көпшілігінің тәрбие деңгейінің төмендігі, олардың жеке басының өзімшілдігі, жеке басының жұтандығы, саясаттан алшақтығы қоғам бейнесінен көрініс береді.
Жоғары білімді азаматтардың мәдениеті дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның оңтайлы жоба құруға бағытталған ақыл – ойының жетілуі, жағымды қарым – қатынасы, азаматтық жауапкершілігі, адамгершілік құндылық қасиеттерінің маман тұлғасынан көрініс беруі.
Жоғары мәдениеттің құрамдас бөлігіне:
адамның рухани – дүниеге көзқарастық бағыттары: қажеттіліктері, қызығушылықтары, әрекет себептері, құндылық бағдарларының жоғары шығармашылық еңбекке бағытталуы;
Қазақстанда, әлемдік қауымдастықтаөз әулеті негізінде экономикалық дамуға және басымды жағдайға тұлғаны бағыттайтын ұлттық қасиет, патриотизм;
Рухани – адамгершілік және материалдық мәдениет құндылықтарын игеру: іргелі ғылымдар саласындағы танымдық мәдениет; экономикалық, азаматтық, саяси, құқықтық, дене, экологиялық мәдениет және енгізгі өнерлерін жатқызуға болады.
Жоғары мектептегі тәрбие жұмысын ың бағыттары рухани – адамгершілік, қоғамдық – саяси және құқықтық, патриоттық және ұлтаралық, мәдени – эстетикалық, және этномәдени, парасаттылық, ақыл – ой, ғылыми зерттеушілік, экологиялық, эконмикалық, салауатты өмір салты тұрғысында іске асырылады. Оарды қысқаша қарастырылып көрелік.