Курсы, тобы: 2-курс хбк 1


Қиялдың жеке-дара ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер



бет2/2
Дата15.03.2023
өлшемі42,75 Kb.
#74517
1   2
Байланысты:
7-апта Саматқызы Айымжан

2.Қиялдың жеке-дара ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер.
«Болашағым»
Жүргізуші баларға өздерінің болашағы жайында өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көзднрін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкеңмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың.
Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.
3.Шығармашылық қиялды анықтауға арналған әдістемелер.
Жаңа ертегі
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.
Не істер едің?
Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.

4.Қиялдың түрлері және олардың сипаттамасы.
Қиял түрлері: активті - ырықты, пассивті – ырықсыз
Пассивті (ырықсыз) қиял – қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қиынсыз шым-шытырық болатыны да – осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағлып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында – қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда – сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес – қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі – ырықты (активті) қиял. Активті қиял – адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Бұл – адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т.б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлері: қайта жасау қиялы; шығармашылық қиял; арман.
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіш қызметін әртүрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал психологиялық құрылысы – екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші сигналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды.
Қиялдың ең жоғары түрі – щығармашылық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы - ол жасаған туындалар – қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш.
Адам қиялының ерекше бір түрі – арман. Бұл – актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол – шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет