Бала дамуындағы тәрбие мен білімді ұялатуда үлкен жүрек, мол мейірімділік, сонымен қатар кәсіби талант, ізденіс пен іскерлік қажет. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады.
«Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірден өз орныңды тапқандығың! Мұндай философиялық қағида баяғыдан қалыптасқан жоғары адагершіліктік ұғымдармен астасып жатыр. «Кәсібің – нәсібің» дейді қазақ даналығы. Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың.
Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар. Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама. Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін, жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
- қыздарда - 11-13 жас;
- ер балаларда - 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер, жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады.
Мораль осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық, жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік бағытқа
Жасөспірім шақ (15-17 жас)
Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек
адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады.
Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері. Баланың дербес ерекшелігі мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв жүйесіне темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында (ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары:
- баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау;
- өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыруа білуге үйрету;
- баланың әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе
- баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету
Адамның дамуы мен қалыптасуы жөнінде әр түрлі пікірлер мен адамның дамуын қарастырып, зерттеушілер маңызды тәуелділіктер тағайындайды. Біріншіден табиғат шарттары мен адамның дамуының формаларының арасындағы байланысты биогенетикалық тұқым қуалау процесінің жүруі және нәтижесі қандай факторларға негізделген? – деген сұраққа жауап алатын болсақ, біз адамның биховиоризм бағытының ірі өкілі американ психологы және педагог экзистенциализм (лат. тіршілік, күн көру). Батыстағы ең кең тараған неотолизм – діни сипаттағы обьективтік идеализмнің бір саласы.Олар: Балаға қоғам мен төңірегінде жүретіндер үйлесімді әсер етуі мүмкін. Қазақтың көрнекі ақын, ұстазыМағжан Жұмабаев адам баласы туралы осы «оқушылардың тәрбиесін тұлғалық бағыттылық тұрғыдан қарастыру» - атты оқушылар ұйымының әлеуметтік қоры. Ұжымдағы балалардың бойында әлеуметтік әділеттілікті оқушылар ұйымы құндылық бағдарлы мүддені жүзеге асыру мақсатын белгілейді.
Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.
Мектептегі білім мен тәрбие беру негізі бастауыш сыныптардан басталады. Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Барлық білімнің негізі бастауышта қаланатын болса, балаға дәл осы кезде білім беріп қалудың маңызы зор. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі казіргі заман талаптарына сай құрылуы шарт. Мектептегі кез-келген жаңарулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі ғана болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білу қажет. Ол үшін мұғалім өз бетімен білімін жетілдіре алатын, шығармашылық, сыни ойлауы қалыптасқан, қалыптан тыс кәсіби міндеттерін шешуде жаңаша жол табуға дағдыланған маман болуы қажет. Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәрбие таным мәселесінде қиылысады. Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Қазіргі балалардың таным белсенділігі мен қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін білім беруде орынды пайдалансақ, ол өзінің сипатын береді:
1.Оқушының жаттығу жұмысы нәтижесінде деңгейлері көтеріледі;
2.Пәнге деген қызығушылығы артады;
3.Оқушының білім сапасы көтеріледі;
4.Логикалық ойлау мен шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артады.
Білім берудің бастауыш сатысы- тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бастауыш сыныптағы баланың қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, дамып жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды іс болып отыр. Қазіргі күннің талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуда жаңа ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану оның тиімді әдісін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқудағы пән аралық байланысты күшейте отырып, оқушының дүние танымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре білуге, оны дамытуға толық жағдай жасайды. Бастауыш сынып оқушысының оқуға деген көзқарасының бір параметрі оның танымдық деңгейіне байланысты екені ғылымда көрсетілген. Бала жасына әр нәрсеге ерекше көзқараста болады. Әр заттың сырын біліп, оның жан-жақты танығысы келеді, бұл табиғи заңдылық. Сондықтан баланың танымдық қабілетін дамытып, оның дүниеге деген ой-сезімін қанағаттандыру арқылы мектептегі оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қалыптастырамыз. Білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың білімге деген көзқарасын, ынтасын арттыру мақсатында сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдердің инновациялық және интерактивті әдістерді сабақ барысында пайдалануы сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді. Осы жұмыстың нәтижесінде :
1.Оқушы белсенді, ізденімпаз тұлғаға айналады;
2.Оқушылар өз ойын еркін айтады;
3.Өзге балалардың пікірін тыңдайды;
4.Өз бетінше ізденуге үйренеді;
5.Бір-бірімен қарым-қатынас жасайды:
6.Шығармашылық белсенділігі артады;
7.Мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмасады:
8.Өз бетінше шешім қабылдауға үйренеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Бүгінгі жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орынды алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан алға қойылатын мақсат «Жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы жеке тұлғаның дамуына жол ашу». Ол жолды ашатын – мектеп. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен білімділігін талап етеді. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – оқушыны білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Педагогтердің кәсіби қызметінің деңгейін көтеру оқыту процесін ізгілендіру
мақсатында әр мұғалім өз мүмкіндігіне қарай оқу үрдісіндегі озық технологияларды пайдалана білуі қажет. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары – қазіргі таңдағы жаңа технологиялар.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту арнайы әдістеменің болуын талап етеді. Әр сабақтың дамытушылық мақсаттарын арттырып, мазмұнды шығармашылық тапсырмаларын байытып, оларды тұрақты пайдаланып отыру арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады.