Курстық жұмыс н 3


«АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЕҢБЕГІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет3/6
Дата30.04.2023
өлшемі81,17 Kb.
#88524
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ИҮГІНЕКИ КУРСОВОЙ

«АҚИҚАТ СЫЙЫ» ЕҢБЕГІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі М.Әуезов «Әдебиет тарихы» еңбегінде алғашқы діни-наным сенімдердің тууы жайлы айта келе «Табиғат басшысын қадірлеу, Құдайға жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады» деп жазады [4.21] Ал әдебиеттанушы ғалым Х.Досмұхамедов халық әдебиеті түрі ретінде өсиеттік өлеңдерді атай отыра, оларға мінәжатқа қатысты мазмұндық ұқсастықтарды теліген. Ислам дінінің келуімен бірге төл әдебиетіміздегі мінәжат мәнді өлеңдер ислами реңк алып, «Аллаға мінәжат» ұғымы ретінде қайта қалыптасты. «Ақиқат сыйы» дастанының түгелдей дерлік бөлімдері Алламен байланысты болғандықтан көптеген әдебиет зерттеушілері бұл шығарманы да мінәжат мәнді өлеңдерге жатқызып жүр. Дегенменен, дастан мазмұны тек ислами бағытта өрбімеген. Онда әлеуметтік проблемалар, адами құндылықтар мен бақытты қоғамды аңсау көрінеді. Оны төмендегі үзіндіден байқай аламыз:
Қайда уәде? Ізгілік сіз қайдасыз!?
Әділетсіз жерде қайыр пайдасыз.
Қайырлы істің кетсе – бәрі кетеді,
Әділетсіз жерге бәрі пайдасыз.
ХІІ ғасырда түркі халықтарының рухани мәдениетінің қазығы болған Түркістан маңындағы Иүгінек қаласының тумасы Ахмет Иүгінеки – араб, парсы тілін меңгерген, өз заманының білімдісі саналған тұрға. Біз зерттеу жұмысына арқау етіп алып отырған автордың «Ақиқат сыйы» дастаны – адамилық пен мұсылмандықтың асыл қасиеттерін насихаттайтын бағалы еңбек. Бұл еңбекті қазақ тілінде алғаш 1985 жылы басып шығарды. Еңбектің сөздерін сөзбе – сөз транскрипциялап, прозалық үлгідегі аудармасын жасаған Б.Сағындықов болса, «Алғы сөз», «Кіріспесін» және поэтикалық аудармасы мен түсндірмесін Ә.Құрышжанов жасаған. Жалпы бұл еңбекті түрколог ғалымдар «поэма» ретінде қарастырады. Поэзиялық үлгідегі шығарма болғандықтан белгілі бір өлшемдік жүйеге бағынып, тізбекке түскен күйде келеді.
Дастанның композицилық құрылымына баса мән беріп қарар болсақ, бірқатар бөлігі бәйіт үлгісінде жазылған. Орта ғасырдағы шығыс әдебиетінің классикасында бәйіт екі жолдан тұратын шумақ түрі болып саналады. Өзара жұптасқан қос жол ұйқасып келеді, кейде ұйқассыз да келіп жатады. Алайда бәйіт міндетті түрде аяқталған ойды білдіруі керек. Мысалы, 131 – бәйітте былай деләнеді:
Тілді берік ұста – тісің сынбасын,
Егер тілің шыға қалса – тісің сынады [5.37]. Ахмет Иүгінеки бәйіттері өзара ұйқасып келеді. Алайда ондай шумақ жолы, яғни бәйіттер «Ақиқат сыйында» көп емес, бар болғаны 19 бәйіт, 38 жолды құрайды. Ал дастанның көп бөлігі, анығырақ айтсақ 424 жолы төрт тармақты шумақ ретінде келеді. Олардың ұйқасы қара өлең ұйқасына (а, а, б, а) көбірек жақын.
Ахмет Иүгінеки әр сөзді ажарлап, әрқалай құбылтып шебер пайдалана білген. Ақын өзі хикаялаған құбылыстың ерекше белгілерін үстеме мағынамен, ерекше көрік беріп жазады. Бұл үшін ақын өз шығармаларында теңеу әдісін қолданады. Мысалы, автор «Ақиқат сыйында» жомарттық жайлы ойын былайша жеткізеді: «Жеткізбес мұратқа жомарттық жеткізер, көнбес көңілді жомарттық көндірер. Жамандық келетін жолды жомарттық қияды, ұрыс жүретін жолды жомарттық бұрады. Қиядағы мұратқа жомарт жан жетеді. Сақылық пен жомарттық – бар сұраудың дауасы. Ең құтты қол – береген қол. Ел сүйерге жол ашық, болып тұрсаң қолы ашқық. Жомарттық бар айыптың кірін жуады. Жомарттық – сараңдықтың өлшемі. Мақтасаң жомарттықты мақта, күншілге қорамсағыңда бір оқ сақта. Жомарттықты қара да, хан да сыйлайды. Барлық тіл де жомарттықты мақтайды. Жомарт ел малын сатып атақ алады (сый – құрметке ие болады)». Сонымен қатар өлең түрінде:
Жұмсармас, иілместі жомарт иер,
Қол жетпейтін мұрат та оған тиер.
Мақтайтын бақылдарды жан шыға ма?
Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер, - дейді.
Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйын» оқып отырып поэтикасына зер салатын болсақ, шығармадан теңеу мен эпитеттен өзге құбылтудың барлық түрін дерлік кездестіруге болатындығын байқаймыз. Автор кейде метономия мен кейіптеуді қатар қолданады. Мысалы:
Күлімқағар бұл дүние, ым жасар,
Өз қолымен балын беріп, у қосар.
Ең әуелі бал жегізіп дәндетіп,
Іле – шала сол тостақпен зәр тосар [5.41] , - дей келе өлеңнің алғашқы екі тармағын кейіптеу, ал кейінгі екеуін метономияға айналдырады. Мұндағы негізгі ой дүние – жалған екендігі жайлы айтылып, артынан «зәр тосады» деп дүниенің ауысып тұратындығын ескертеді. «Бал» мен «зәр» тура мағынада емес, алмастыру түрінде алынған. Осы арқылы дүниенің қуаныш пен бақыттан бөлек қайғы мен қасірет сыйлайтындығын жеткізеді.
Ақын дастанда ыспаһсаларды – теңізге, өзін – жаңбыр тамшысына теңейді. Мұндай тамшылардың теңіз түбіне түсіп маржанға айналатындығын меңзейді. Мұндағы Ыспаһсалар ақын дастанын арнаған бек болса керек, оны шығармада былай деп сипаттайды:
Қайырым мен адалдығы кіршіксіз,
Мадақтасаң тұрған бойы – тек ерлік.
Мол парасат ақыл – ойдың кеніші
Жақсылық пен білім ғана төгерлік [5.89]. Білімді адамды – таза алтынға, ал надан кісілерді – құн жоғалған жалған ақшаға теңейді. Білімді әйелді – ер жігітке, ал білімсіз ерлерді – әйелге теңестіреді. Шын сөзді – бал, далғанды – пияз деп, шығармадағы ойларға көрік сыйлайды. Ақын өмір жайында толғай отыра, «бұл дүние керуен сарай, оған бірі енді келіп жатса, біреулері сол сәтте мәңгілікке аттанып жатады» деген бейнелі ой айтады. Сонымен қатар дастанда сараңдық – ем қонбайтын ауру, жеміссіз ағаш, ал жомарттық болса – алқызыл раушан гүлі деп ойын көркем түрде жеткізеді. Ақын шығарма иілінің әсерлілігін арттыра түсу мақсатында екі бірдей ұғым мен құбылысты, сезімді қатар қоя отыра суреттейді. Дәлірек айтар болсақ, сөзді айшықтаудың бір түрі – параллелизм, егіздеу әдісін асқан шеберлікпен пайдаланады. Мысалы, жомарт – сараң, білімді – надан, атлас шәйі – бөз, ұзын –қысқа, жомарт – сараң, адал – арам сияқты ұғымдарды қатар қоып суреттейді. Соның бірі:
Бу күн кеңду сучуг бу тирмақ сеңа,
Ачық болға йарын қойуп бардуғуң.
Асал қайда ерса била арасы Арры заһри татку асалдиң оза.
Аудармасы:
Өмір тәтті бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы ертең тастап кеткенде,
Қайда балы – сонда аралар бір жүрер,
Балдан бұрын татып көрші зәрінен [5.66]. «Ақиқат сыйы» еңбегінің авторы белгілі құбылыстарды айна – қатесіз, теңеулер мен қанатты сөздер, мақал – мәтелдерді тауып айтуға әбден шебер. Мәселен, сараң адам – өз қолымен жинаған байлықтың құлы, ақымақтың тілі – өз – өзіне жау болып оралады, білім – сарқылмас тауар және жомарттық – сараңдықтың айнасы.
Дастан метрикалық жүйе, ол созылымды және созымсыз буындардың алмасып келуіне негізделетін жүйесі (он бір буыннан тұратын – «мутака – риб») бойынша жазылып шыққан. Шығармадағы бәйіттердің ұйқастарына назар аударар болсақ, ондағы алғашқы 4 тараудың монорифма ( а –а, в – а, с – а) түрінде ұйқасқандығын байқай аламыз. Мысалы, шығарманың екінші тарауында рифма: онга, мәнга, сэнга, минга, мунга болып келеді. Ал үшінші тарауда мүлдем басқаша: ана, кани, жани, ихсани болып ұйқасын табады. Дастанның төртінші тарауындағы ұйқас көбіне бұйрық мәнде айтылады: қилсудеб, қалсудеб, булсу, деб, тулсу, алсу, билсу. Дастанның бесінші тарауынан бастап түркі тілдес халықтардың поэзиясында кеңінен кездесетін – төрттік, а – а – в – а (қара өлең ұйқасы) ұйқасымен жазады:
Билиглинг сөзи панд насихат адаб,
Билилглинги өгди ажан иам араб.
Таварсызла билиги туғанмас товар,
Хисабсыздың билиги йарылмас исаб. Мұндағы адаб, хисаб, араб сөздері дыбыстық жағынан өзара ұйқасып тұр.
Мазмұны:
Білімдінің сөзі насихат, үлгі – өнеге.
Білімдіні араб та, азиат та мақтады.
Малы жоққа – білім таусылмайтын мал,
Қаржысы жоққа – білім таусылмас қаржы [5.73].
Автор өз оқырманына ұстануы тиіс адами қасиеттерді әсерлі түрде жеткізе алған. Соның бірі – қарапайымдылық. Дастанда паң, өркөкірек, тәкаппар жандарды жер – жебіріне жеткізіп сынайды. Сол арқылы оқырманын қарапайым, көпшіл болуға үндейді. Менмендікті адамды адамгершіліктен жұрдай ететін жағымсыз қасиет ретінде, ал қарапайымдылықты кез келгенге жарасатын, қоғамдағы мәртебені арттыратын киелі, ізгі қасиет ретінде салыстыру әдісін пайдалана суреттейді:
Болып ал кішіпейіл, өзгерместей,
Аластат тәкаппарлық ойды басстан.
Қайда да тәкаппарға атақ тағар,
Мінез бар қойдан жуас елге жағар.
Жаратпас Алла да, ел де ұлықсыған Адамды,
«Мен, мен!» - дейтін кеудеқағар [5.76].
Ахмет Иүгінекидің біздің заманмызға жеткен мұрасындағы мол тағылым жалпы көне дәуір кемеңгерлерінің әлеуметтік – эстетикалық талғамдарының жоғары деңгейде болғанынан хабар береді. Ақынның кейбір сөздері бүгінгі күнге дейін афоризм, мақал – мәтел, нақыл сөздер ретінде қолданылып келе жатқанынан көруге болады: «Кедейдің керіп жейтін малы – білім», «Өзі білмейтінін «білем» деу – айып», «Оқ жарасы жазылғанмен, тіл жарасы жазылмайды», «Әр қасірет артында қуаныш бар», «Сараң адам бар дүниенің малын жиса да тоймайды», «Өз ашуын баса білген – мықты», «Қайырсыз адам жеміссіз ағашпен тең», «Жақ пен тілдің көркі – шындық», «Өнерлінің қапасы жоқ, өнерсіздің шегер жапасы көп», «Он дәруіш бір кілемге сыйғанда, екі әкім бір кілемге сыймас» және тағы басқалары.
Арада қаншама ғасырлар өткенімен де, ақынның еңбегі ұмытылмай, өз оқырманын тауып келе жатқандығы дастан өміршеңдігінің дәлелі, негізгі көрсеткіші. Әулеттен әулетке, атадан балға мирас болып ауысатын бағалы ескерткіштер аз емес. Алайда, Ахмет Иүгінеки бізге басқа емес, таза ақиқаттың өзін сыйлады.
Біз «Ақиқат сыйы» шығармасының идеялық – тақырыптық бағытына, көркемдегіш құралдарына, композициялық құрылысына, жырдың метрикалық жүйесіне талдау жасау кезінде мынандай қорытындыға келдік: «Ақиқат сыйы» дастаны – өз заманының ғана емес, әр кезде өзекті болатын мәселелерді көтере білген, дидактикалық сарындағы, қай жағынан алып қарамасақ та тым бағалы әрі күрделі туынды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет