Курстық жұмыс н тарму 11/1 53-2018


Сызықты тізімдер. Стек пен кезек



бет5/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс Сырым

Сызықты тізімдер. Стек пен кезек

Өзара көрсеткіштермен байланысқан бір типтік элементтер қатарын тізім деп атаймыз. Айталық, өзара көрсеткіштер тізбегімен байланысқан біртипті элементтер қатары берілсін. Әрбір элемент, соңғысынан басқа, мәліметтерімен қоса келесі элементке көрсеткіштен құралған болсын. Мұндай құрылым сызықты бірбағытталған тізім деп аталады. Тізім элементі жазба болып табылады. Өрістері: мәлімет және типтік көрсеткіш. Тізім элементін сипаттау үшін алдымен типтік көрсеткіш сипатталады, содан соң оның базалық типі сипатталады:

Type lst_ptr=^lst_type;

Lst_type=record

Data:datatype;

Next:lst_ptr;

End;

Стек – бір типті мәліметтер тізбегінің арнайы құрылымы. Бұл мәліметтерге ену мүмкіндін алу үшін стектің төбесі деп аталатын белгілі бір позиция пайдаланылады.

Стектің жеке мәліметі – оның элементі деп аталады. Стектегі элементтер бірінен соң бірі орналасқан.

Стек үшін екі негізгі операция маңызды орын алады: стекке мәлімет қосу және стектен мәлімет алу.

Стекке мәліметтерді қосу кезінде ондағы мәліметтер бір позицияға ары қарай жылжып, соңғы элементтің орнына, яғни стектің төбесіне енгілген мәлімет орналасады.

Стектен мәліметті алу кезінде төбесіндегі мәлімет алынып, барлық элементтер бір позицияға жоғары жылжиды.

Ширет – мәліметтерді алу тек оның басынан, ал мәліметтерді қосу үшін тек соңына ғана мүмкін болатын біртипті мәліметтер тізбегінің арнайы құрылымы.

Ширеттің де жеке мәліметі оның элементі деп аталады. Стектегі сияқты ширетте де элементтер бірінің соңына бірі орналасады.

Мұнда да екі негізгі опеарция: ширетке мәліметтерді қосу және одан мәлімет алу.

Ширетке мәліметті қосу кезінде ол ширеттің соңғы элементінің артына орналасып, өзі соңғы элемент болып кетеді.

Ал ширеттен мәліметті алу кезінде, мәлімет ширеттің басынан алынып, қалған мәліметтер бір позицияға басына қарай жылжиды.
1.3 Динамикалық массивтер
Программаның орындалу кезінде массивтегі элементтер санын анықтап, массив үшін жадыдан қажет өлшемді бөле аламыз. Массивпен жұмыс жасалып болған соң, алдыңғы бөлінген жадыны босатуға болады. Жадыны осылайша бөлу арқылы анықталатын массивтер динамикалық деп аталады. х динамикалық массивінің і-ші элементі x^[i] деп жазылады.

Динамикалық массивтермен жұмыс жасау барысында келесі ретті сақтау керек:



  • көрсеткіштерді сипаттау керек.

  • жадыдан орын бөлу керек.

  • динамикалық массивті өңдеу керек.

  • жадыны босату керек.

Динамикалық жадты таңдау компьютер жадын тиімді пайдалану үшін қажет. С++ операциясында new1 және delete компьютердің жадын динамикалық таратуға арналған. New операциясы бос жад аймағынан жады бөледі, ал delete операциясы таңдалған жадты босатады. Таңдалған жады оны қолданғаннан кейін босатылуы керек, сондықтан бұл операциялар жұптармен қолданылады. Егер жадты босату анық болмаса да, ол бағдарлама жұмысы аяқталғаннан кейін ОЖ ресурстарымен босатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет