Курстық жұмыс н тарму 11/1 53-2018


Объктіге арналған көрсеткіш



бет8/11
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс Сырым

Объктіге арналған көрсеткіш берілген типтегі деректер сақталатын жады аймағының адресінен тұрады. Объектіге арналған көрсеткіштің қарапайым түрде жариялануы келесі түрде болады:

тип*аты

мұндағы типсілтеме және биттік өрістен басқасының барлығы бола алады. Олар деректерді тығыздап жинауға арналған (биттік өріс). Биттік өрістен басқасының барлығы бола алады (Биттік өріс- құрылым өрістерінің ерекше түрі. Олар деректерді тығыздап жинауға арналған), сонымен қатар тип бұл кезде әлі анықталмаған бірақ, тек қана жарияланған болуы мүмкін.

Жариялаулардағы жұлдызша тек қана атауға қатысты болғандықтан, егер бірнеше көрсеткішті жариялау қажет болса, онда жұлдызшаны (*) олардың әрқайсысының атының алдына қою талап етіледі. Мысалы мына операторда

int *а, b,*с

мұнда а және с бүтін типті айнымалыға арналған екі көрсеткіш және бүтін типті b айнымалысы сипатталған. Көрсеткіштің өлшемі жады моделіне тәуелді болады. Сонымен қатар көрсеткішке арналған көрсеткішті де анықтауға болады.

Адресін сақтауға талап ететін объектінің нақты типі анықталмаған жағдайда void-қа арналған көрсеткіш пайдаланылады.(Мысалы әртүрлі уақыт кезеңінде бір ғана айнымалыға әртүрлі типтегі объектілер адресін сақтау талап етілсін). void-қа арналған көрсеткішке кез келген типтегі көрсеткіштің мәнін меншіктеуге, сонымен қатар оны кез келген көрсеткішпен салыстыруға болады. Бірақ ол сілтеме жасайтын жады облысымен қандай да бір әрекеттер орындалмай тұрып оны нақты бір типке түрлендіру қажет. Көрсеткіш тұрақты (константа) немесе айнымалы бола алады және константа немесе айнымалыға көрсете алады. Мысалы,

int i; //бүтін айнымалы

const int ci=1; //бүтін типті константа

int *pi; //бүтін айнымалыға арналған көрсеткіш

const int *km; // бүтін константаға арналған көрсеткіш

int *const cp=&i; //бүтін айнымалыға арналған – көрсеткіш константа

const int *const klm=&ci; //бүтін константаға арналған көрсеткіш константа

мысалдарда көрсетілгендей, егер const модификаторы көрсеткіштің аты мен жұлдызшаның ортасында орналасса, онда ол көрсеткіштің өзіне қатысты болады да оның өзгеруіне тиім салады. Ал егер const жұлдызшаның сол жағында орналасса, онда ол өзі көрсетіп тұрған мәннің тұрақтылығын береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет