Функцияларға арналған көрсеткіштер функцияларды қосымша түрде (оның аты арқылы емес адресін сақтап тұрған айнымалыны шақыру аты) шақыру үшін және функцияның атын басқа функцияға параметр ретінде беру үшін пайдаланылады. Функцияға арналған көрсеткіштің типі мынадай болады: “берілген типтің мәнін қайтаратын және сол типтің аргументтеріне ие функция көрсеткіші”.
Функцияға арналған көрсеткіштің жалпы түрі:
тип (*аты)(аргументтер типтерінің тізімі)
Мысалы:
int (*fun)(double, double)
Бұл мысал int типінің мәнін қайтаратын және double типті екі аргументтен тұратын функцияға fun атаулы көрсеткішті қайтарады.
Достарыңызбен бөлісу: |