1 Оқыту түрлері және оның құрылымы
Оқыту туралы түсінік
Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:
1. екі жақты сипаты;
2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
3. оқыту жағынан басқаруы;
4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
5. бүтіндік пен бірлік;
6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
Оқыту - оқушыны бiлiмдендiру, тəрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс -əрекет.
Оқыту мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн қажеттi адамзат тəжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нəтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту процесi - бiлiмдi, бiлiктiлiк пен дағдыны меңгертетiн, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабiлеттерiн тəрбиелеп дамытатын iс-əрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезiмi, адамгер-шiлiк қасиеттерi, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттерi қалыптасып дамиды.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, əдiс тəсiлдерi мазмұны мен мiндеттерi қоғам талабынан туындап, ұдайы өсiп, жаңарады.
Оқыту - таным процесi. Танымның ерекшелiгi оқушыда бiлiмге деген қызығушылығы ұдайы өсiп арта түседi.
Оқытудың мiндетi – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) жəне адам дамуының негiзгi заңдылық-тарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгiлi болған, зерттелiп дəлелденген жаңалық-тарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды əрi қарай дамыта түседi. Оқытуда ғылым негiздерiн оқып үйренудiң өзi, ғылым тарихымен, оның əдiстерiмен танысу, ұлы ғалымдардың өмiрi мен қызметi жайлы ақпарат алады.
Оқыту – даму негiзi. Педагогикалық процесс өзiне тəн негiзгi екi белгiнi: организмнiң өзiндiк дамуына жүйелi түрдегi көмек жəне жеке бастың жан-жақты жетiлуiн түйiстiредi.
Баланың өзiндiк дамуына əсер ететiн негiзгi фактор-дың бiрi - өзара қарым-қатынас жасау iс-əрекетi. Сөйтiп, оқыту процесi – мұғалiмнiң баламен үнемi рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етедi. Оқыту процесiнде бала тек мұғалiмнiң əсерiн қабылдаушы ғана емес, оның оқу iс-қимылы мен өзiнiң психикалық процестерiн басқару, ұйымдастыра бiлуi (iс-əрекетiн бiлуi, бағалауы, өзiн-өзi басқаруы) оқытудағы субъектi екенiн айқындайды. Оқыту процесiнде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тəсiлдерiн қолдануға жəне дербес шығармашылық əрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту – баланың рухани жағынан жетiлуiн қамтамасыз етедi; оқыту – бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдiң баланың дамуынан iлгерi жүретiн, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегi күнгi дамуына емес, ертеңгi күнгi дамуына қарау керек деп ескертедi, осыған орай, бала дамуының ''екi зонасы'' болатынын айтады. ''Бiрiншi зона'' – бала дамуының қазiргi қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалiмнiң оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына (''екiншi зонаға'') жеткiзуге мiндеттi екендiгiн айтады.
Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегi оқу мен оның өздiгiнен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабiлетiнiң дамуына оқу процесiнде қолайлы жағдай туады. Бiлiм мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Оқыту - екi жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалiм-нiң өзара бiрлесiп жасайтын əрекетiнен тұратын күрделi процесс. өйткенi, оқыту – мұғалiмнiң бiлiм берудегi негiзгi iс-əрекетi болса, оқу – баланың өзiнiң танымдық, практикалық əрекетi. Сөйтiп, оқушының таным əрекетi мұғалiмнiң басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалiм оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелi қамтамасыз етуi үшiн оқыту процесiн жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы бiлiмдi қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертiлген жолмен мұғалiмнiң жəне арнайы жазылған оқу құралдарының көмегiне сүйене отыра меңгередi. Сөйтiп, оқыту процесi оқушылардың жас ерекшелiк-терiнiң сəйкестiгiн ескере отырып, таным қызметiнiң формасы мен əдiстерiн соған орай өзгертiп отырады.
Оқыту – бұл күрделi процесс. Ол тұлғаға бiлiм беру, тəрбиелеу жəне ақыл-ойы мен творчестволық қабiлетiн, демек бiлiктiлiгi мен дағдысын дамыту негiзiнде жүзеге асырылады. Мұның мəнiсi, жеке тұлғаға бiртұтас (комп-лекстi) ықпал жасауды көздейдi. Осы негiзде, оқыту процесiнiң бiрiншi қызметi – оқушыларға бiлiм беру. Бiлiм беру, бiрiншiден, ғылым негiздерiне сай оқушыларды нақты фактiлермен, қағида жəне түсiнiктер-мен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екiншiден солардың негiзiнде, айналасындағы əртүрлi құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Екiншi қызметi – тəрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық бiлiмдер жүйесiмен қарулан-дырып, жеке тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырып дамыту. Сонымен бiрге оқыту барысында тəрбиенiң мақсат, мiндеттерi жəне мазмұны мен тəсiлдерi анықталады. Оқытуда тəрбие мен оқытудың байланысы бiржақты қарастырылмайды, керiсiнше бiртұтастық принципке негiзделiп, бiрлiкте қолданылады. Демек, тұлғаға бiлiм бере отырып, оны тəрбиелеймiз, тəрбиелей отыра бiлiм беремiз. Сөйтiп, тəрбие процесi дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етедi, соның негiзiнде тұлғаның танымдық қызметi мен оқуға деген қызығу-шылығы артады. Үшiншi қызметi – дамыту. Оқыту барысында оқушы-ларға бiлiм беру, оларды тəрбиелеу негiзiнде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезiмi, шығармашылық қабiлетi т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерiнiң дамуына, бiлiктiлiктерi шыңдалып, қабiлеттерiнiң артуына оң əсер етедi. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды (байқағыштығы, ойы, есi, қиялы секiлдi психикалық процестерi де қарастырылады). Даму қызметiнiң ерекшелiгi сол, ол өз алдына жеке өмiр сүрмейдi, керiсiнше оқытудың бiлiм беру мен тəрбие-леу қызметiнiң жалғасы боп есептеледi. Сондықтан, даму-дың қарқынды, жан- жақты əрi, терең болуы бiлiм беру мен тəрбиенiң қандай дəрежеде iске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың бiлiм беру мен тəрбиелеу қызметiнiң негiзi болып саналса, даму өз алдына олардың қызметiнiң нəтижелi болуына қолайлы ықпал етедi.
Дидактикада ''Жетiлдiре оқыту'' процесi 1960 жылдар-дан басталды. Осы негiзде Л. В. Занков, Н. А. Менчин-ская, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М. А. Данилов, М. Н. Скаткин еңбектерiнде, оның жолдарын шешу үшiн əртүрлi принциптердi ұсынды. Солардың iшiнде Л. В. Занковтың оқу процесi арқылы бiлiм берудi қарқынды, ұйымдастыру, оқушылардың оқуды саналы меңгеруiн қамтамасыз ету ережесiн ұсынылды. Бұл, дамуда тек ойды қалыптастырумен ғана емес, ол тұлғаның дамуынада оңтайлы əсер етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |