1.3 Д витамині (кальциферол)
Т. Несіпбаевтың аитуы боиынша XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын . Бұл ауру мен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кеиінен оның мешел рахит ауруы, яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.
Д — тобындағы витаминдер немесе кальциферолдар(рецепт №5), тек мал органңзмінде кездеседі. Олар өсімдіктер құрамындағы стеролдардан ультракүлгін сәулесінің әсерінен түзіледі. Стеролдардың ең маңызды өкілі — эргостерол. Ол ашытқылар мен зең саңрауқұлақтарында көптеп кездеседі. Д — тобындағы дәрмендәрілердің ішінде жануарлар үшін ең маңыздылары — Д2—эргокальңиферол және Дз — холекальңиферол. 2 суретте А витамины көрсетілген.
Сурет 2 Д витамины
Кальциферолдар организмде минералды заттар мен қуат алмасуын реттеуге қатынасады, азоттың, углеводтардың, кальцийдің, фосфордың сіңуін жақсартады.
Организмде Д — дәрмендәрілері жетіспесе жас мал рахит ауруына шалдығады, ал сақа малда — остеомалиация байқалады, малдың көбею қызметі бүзылып, өнімділігі төмендейді.
Д тобындағы дәрмендәрілер балық майында, сүтқоректілер мек құс бауырында көп болады. Ол сүт құрамында, сары майда, жұмыртқаның сары уызында да кездеседі. Әртүрлі азықтың 1 кг-да халықаралық бірлікпен (ХБ) есептегенде Д дәрмендәрісі мына мөлшерде кездеседі: пішен мен жоңышқада, сары жоңышқа пішенінің ұнында — 200—1000, жүгері сүрлемінде — 30—70, құрғақ ашытқыда — 1—5 млн, азықтық ашытқыда — 3—7 млн, балық ұнында 50—100, майын айырған сүтте — 5—20. 3 суретте рахитпен ауырған бұзаулар: А — әлсіз түрі; Б — асқынған түрі көрсетілген.
Сурет 3. Рахитпен ауырған бұзаулар: А — әлсіз түрі; Б — асқынған түрі
Д витаминдерінің жиьштыты (эргокальциферол-Д2 және холекаль диферол-ДЗ). Бұл витаминдер организмде катьций мен фосфордың алма суына қатысады. Олар кальций мен фосфордың ішектен тасымалдануына (сорылуына) қатысады, параггормонмен бірге сүйектің минералдануына ықпал етеді, кальций жөне фосфор түздарының бүйрек озекшелерінде кері сорылуын стимулдайды. Мүндайда кальпий концентрациясы көбейеді[12].
Ф.Мозговтын аитуы боиынша Д витамині жеткіліксіз болған жағдайда шеміршектің метафизарлық кальцийленуі болмайды да, рахит пайда болады. Жыныстық жетілген малдардың сүйегі жұмсарады. Сүйектің жұмсаруына себепші болатындар — азықтандырудағы олқылықтармен қоса, бүйрек жетімсіздігі мен қүрысуға қарсы препараттарды қолдану әсер етеді. Кез келген витаминді (әсіресе А және Д витаминін) ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бірден кеп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.
Ескеретін жайт, озге де майда еритін витаминдер секілді, эрго және холекальциферолдар өте улы жәнсде үзақ уақыт қолданғанда организмде жиналып қалады.
Дозасын артық қолданған жағдайда малдың іші өтеді, уланады, кальцийдіц шамадан тыс көп болуынан құрысу пайда болады.
Үзақ уақыт уланғанда мал азығьш жөнді жемейді, іші өтеді, содан кейін күшті улану, бауыр жетімсіздігі белгілері байқалады. Жас малдарда құрысу, өсіп-жетілуінің кешеуілдеуі байқалады. Дер кезінде шара қолданбаса кальций ішкі органдарға (миына, бауырына, бүйрегіне) жиналады.
Малдәрігерлік практикада Д2 витамині мынадай препараттар түрінде қолданылады: видеин, майға езілген ДЗ витамині, тетравиттегі және тривиттегі А, Д жөне Е витаминдерінің майлы ерітінділері.
Видеин — ДЗ(рецепт№15) витаминін ұнтақ тәрізді формасы. Оны азық қоспасында рахиттен сақтандыру және емдеу үшін қолданады. Оны мал мен қүстың түр және жас ерекшеліктеріне қарай премикетерде белгіленген рецептіге сәйкес азыққа қосады.
Майға езілген ДЗ витамині видеин секілді қолданылады. А витаминінің бірнеше формасы белгілі: каротин — А провитамині; ретинол — А1 витамині(рецепт№2); 3 - дегидроретинол - А2 витамині.
Витамин көздің торлы қабығының жарыққа сезімтал ферменті, ол эпителийдің, жыныс органдары мен бездерін, тер безінің осіп-жетілуіне қатысады. А витамині сонымен қоса фосфор, углевод, липид алмасуды реттейді [13].
Достарыңызбен бөлісу: |