Курстық жұмыс Пән атауы: «Фармакология токсикологиямен» Тақырыбы: «Май еріткіш дәрумендер» Орындаған: Мешитбаев Н., Вм 31 топ студенті Тексерген: а ш.ғ. к., доцент Бозымова Р. У. Орал, 2014 Мазмұны



бет2/8
Дата26.12.2022
өлшемі302,5 Kb.
#59688
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрумен

1. Негізгі бөлім


1.1 Витаминдер тyралы ілімнің даму тарихы

З.С Сейтовтың айтуы боиынша Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс оқымыстысы Н.И .Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударды. XIX ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін кемірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И. Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың коспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бүл қоспадағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажетті бүрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болады. Осындай пікірді У. Бунгенің С. А. Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жүмыстары дәлелдеп берді. 1896 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың "бери-бери" ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамак- тандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыр- тқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит аурымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа үқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты "витаминдер" деп атады. "Вита" — латынның "тіршілік, өмір" деген сөзі, ал "амин" — деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды [1].


В. Соколовтын аитуы боиынша 1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор "А" - ның қажет екенін анықтап, оған А витамині деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшам- соқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині.
Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В,, В2, В3, т.б. деп белгіледі.
1928 жылы Сент-Дьердьи С витаминін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның қүрамында бо латын К витаминін.
1948 жылы Смит, Фолкерс т.б. В|2 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соктыратыны белгілі болды [2].
В. Данилевскидің деректерінде, Кеңес заманында А. В. Палладин, М. Н. Шатерников, Л. А. Черкес, В. Н. Букин, В. В. Ефремов сияқты оқымыстылардың бастауымен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Түрлі эксперименттер арқылы авитаминоздардың патофизиологиялық және биохимиялық езгерістері ашылды.
Казіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині — ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині — кальциферол деп аталады, яғни "кальций ионын, тасымалдайды" деген мағынаны береді. Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау кабылданған. Ол кезде "анти" деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сәз бо- лып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы) витамин деп аталады т.с.с.[3]
И. Михаиловичтің аитуы боиынша, витаминдердің тағамдық заттарда жетіспеуінен болатын дерттер көне заманнан-ақ белгілі болғанымен, оның себептері осы біз өмір сүріп отырған XX ғасырдың бастапқы жылдарында ғана анықтала басталады. Казіргі уакытта витаминдер тобына жататын заттар ете көп.
Әріппен белгілеу ескеруі салдарынан ыңғайсыздық тудыра бастады, әрі күнделікті зерттеулер нәтижесінде табылған витаминдер санының көбеюіне байланысты, олардың биологиялык және химиялык, қасиеттері толық қам- тылмады. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөлді:
1. алифатикалық витаминдер қатары /аскорбин қышқылы/;
2. алициклды витаминдер қатары;
3. ароматикалық витаминдер қатары;
4. гетероциклды витаминдер қатары.
Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен майларда еритін витаминдер топтары.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (Вр В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары /А, Д, Е, К, 0/ және т.б. кіреді [4]..
А.Ә Төреханов дерегі боиынша қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте кәп. Бүл витаминдердің адам ағзасына әсер мөлшері де түрліше болады.
Витаминдер ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі. Витаминдерге — бауыр, бүйрек, жүрек, ішек- қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, көкәністер мен жеміс- жидектер өте бай келеді. Витаминдерді ағзаның қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгеруімен бірге, сол сияқты кеибір физиологиялық жане патологиялық жағдаиларда да күшті өседі.Мысалы ағзаның буаз не екі қабат кезінде төлдері мен балдарын тамақтандыруда, инфекциялық ауруларда жане т.б. Тамақ азықтарында, дәрі дәрмектік өсімдіктер мен басқада заттардың құрамында кездесетін витаминдерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады [5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет