Курстық жұмыс Пән атауы: «Фармакология токсикологиямен» Тақырыбы: «Май еріткіш дәрумендер» Орындаған: Мешитбаев Н., Вм 31 топ студенті Тексерген: а ш.ғ. к., доцент Бозымова Р. У. Орал, 2014 Мазмұны


Майда еритін витаминдер А витамині



бет3/8
Дата26.12.2022
өлшемі302,5 Kb.
#59688
1   2   3   4   5   6   7   8
1.2 Майда еритін витаминдер А витамині

М. Рабинкович деректерінде Табиғатта белгілі витаминдер ерігіштік қасиетіне қарай екі үлкен топқа — майда еритін және суда еритін витаминдерге бөлінеді.


Майда еритін витаминдер. А витамині (рецепт№10)(ретинол, антиксерофалмалық). А витамині құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты.
Ол суда ерімейді, бірақ түрлі майлы еріткіштер мен майда ериді. Рационда А тобындағы дәрмендәрілер жетісиесе организмнің өсіп-жетілуі бұзылады, ауруға төзімділігі төмендейді, көру қабілеті әлсіреп, ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. А тобындағы дәрмендәрілер ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тері мен кілегей қабықтың қызметі бұзылып, өкпе, бронхылар, қуық пен бүйрек ауруға шалдығады. Ретинолдан басқа табиғатта Аг, А3 дәрмендәрілері де кездеседі. 1 суретте А витамины көрсетілген.



Сурет 1 Витамин А
А тобындағы дәрмендәрілер өсімдік құрамында кездесетін ка ротиноидтардан жануарлар тканьдерінде ғана түзіледі. Жануарлар организмінде ерекше ферменттердің (каротиназа) әсерінен каротин А дәрмендәрісіне айналады, сондықтан оны «А продәрмендәрісі» деп атайды. Каротиназа бауыр мен ішек қабырғасында кездеседі [6].
В. Шуленконың аитуы боиынша А витаминнің негізгі көзі — каротинге бай көк шөп болып табылады. Азықтың әр килограмына шаққанда жоңышқа мен сары жоңышқа шөбінде 40—90 мг, қызылша жапырағында 30—50, жүгері сүрлемінде — 20—30, сапалы пішенде—20—40, пішен ұнтағында—5—20, шөп ұнтағында— 100—300, сәбізде—50—100 мг каротин болады.
А витамині жасушалардың көбею және өсу процесінде маңызды роль атқарады, сілекей қабықшалардың дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді, көздердің торлы қабықшаларының көру қызметіне көмектеседі. Мерзімдік азық үлесінде А витамині жетіспесе. эпителий тіні өзгеріп бүзылады, көздер қабынады, ағзаның жүқпалы ауруларға қарсыласу қабілеті төмендейді, қозғалыс үйлесімдігі бұзылады, өндіргіштік қызметі төмендейді, аталық малдың жыныс жасушасының дамуы (сперматогенез) бұзылады, жас малдың тұрқының өсуі тоқтайды.
Өсімдік азықтарында А витамині болмайды, бірақ каротиназа ферментінің әсер етуімен ішек қабырғасында А витаминіне айналатын провитамин А каротин бар.
Көк азықта, әсіресе бүршақтүқымдас өсімдіктердің жапырақтарында, сәбізде, витаминді шөп ұнында, сапасы жақсы пішенде, сүрлем мен пішеңдемеде каротин көп болады [7].
И. Коздриннің аитуы боиынша Мал азығындағы каротин мен өлшенеді, ал А витамині халықаралық өлшем бірлігімен (ХӨБ) беріледі. А витаминінің бір ХӨБ ретінде 0,3 мкг таза А витамині (ретинол спирті) немесе 0,6 мкг таза каротин қабыдданған.
А-гиповитаминоз көбінесе бұзауда жиірек байқалады. Алайда, мол өнімді сиырдың да А витаминімен қамтамасыз етуге байланысты талабы жоғары болады.
Қан қүрамында каротиннің болуы малдың А витаминімен қамтамасыз етілуі түрғысынан алғанда, толыққұнды азықтандырылып жатқанының көрсеткіші. Қыс кезімен салыстырғанда, жазғы кезеңіде қан қүрамында каротин айтарлықтай көп болады.
Сүттің А-витаминдік белсенділігі мерзімдік азық үлесінің каротинмен қамтамасыз етілгеңдігінің көрсеткіші. Кейбір сапасы жақсы сүтгегі каротин мөлшері 1 мг-ға жөне А витамині 0,4 мг-ға жетеді.
Жаңа туылған бүзаудың тіршілік қабілеті мен денсаулыгы енесінің буаз кезінде витаминді азықпен қаншалықты қоректенгендігіне байланысты. Буаз сиырды қорада бағу кезеңінің аяғына таман, оның организмінде А витаминінің қоры өбден азайған кезде, көбіне әлжуаз бүзау туылады.
Егер қысқы мерзімдік азық үлестері каротинмен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген болса, онда бұлай болмас еді. Жаңа туылған бүзаудың көзінен жас, танауынан маңқа аққаны, жүні тікірейіп түрғаны байқалса, онда енесінің буаз кезінде мерзімдік азық үлесінде каротин жетіспеген деп пайымдауға болады [8].
З. К Қожабековтын аитуы боиынша витамин көздің торлы қабығының жарыққа сезімтал ферменті, ол эпителийдің, жыныс органдары мен бездерін, тер безінің өсіп-жетілуіне қатысады. А витамині сонымен қоса фосфор, углевод, липид алмасуды реттейді.
А витамині жетіспеген жағдайда ақшам соқыр немесе түнгі соқырлық пайда болады. Сонымен қоса кілегей қабық пен теріде метаплазия жөне гиперкератоз, ксерофтальмия жөне кератомаляция өршиді. Сонымен қоса А витаминінің жетімсіздігі ісікті қоздырады [9].
О. Волковтың деректерінде ескеретін жайт, А витамині біршама улы. Оның дозасы артық болған жағдайда сүйегі ауруға шалдығады, жемшөбін жөнді жемейді, гепатосшіеномегамия, жалпы улану белгілері байқалады. Сонымен қоса терісі ауруға шалдығыгі, тері қабаты сыпырылып түсе бастайды.
Малдәрітерлік практикада А витаминінің мынадай препараттары қолданылады: майға езілген ретинол ацетат жөне ретинол пальмитат, А, Д, Е витаминдерінің майлы ерітіндісі, азыққа қосылатын А микровит, тетравит жөне тривит, активал. А витамині сонымен қоса бүрын қарастырылған "пушновит" қүрамында да болады.
Азықтық А микровит. Қызғылттау немесе қарақоңыр түсі түйіршікіелген үнтақ. А-гиповитаминоздан сақтандыру, дені сау төл алу, жыныс никлін ретгеу үшін үсынылады. Бүл орайда ирепаратгы азыққа мүқият араластырады. Ескеретін жайт, бұл препарат А витаминінің майлы ерітіндісінен гөрі анагүрлым активті, өйткені жақсы сорылады. Оны тиісті нұсқауға сәйкес қолданады [10].
В.Соколовтың аитуы боиынша Тетравит және тривит. Майда еритін витаминдердің жиынтық препараттары. Гипо және авитаминозды, ксерофтальмияны (көздің қүрғақ- тануын), рахитті, сүйекгің жұқаруын (остеомалядия), тетанияны (құрысуды), эннефаломалияны (мидан қабьшуьш), бауырдың улы дистрофиясынын, тері кабынүын, жөнді жазылмаған жара мен жарақатты, кілекей қабықтың катаральды қабынуьш емдеу және сақтандыру үшін, сондай-ақ жана гуған төлді тез жетілдіру және малдың төлдегіштігі үшін қолданылалы [11].
Аквитал. Бүл Германияда өндірілетін препарат. Құрамында А және Д витаминдерінің жиынтығы бар. А, Д, Е витаминдерінін майлы ерітіндісі секілді қолданылады.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет