1.4 Е витамині (Токоферол)
Е.Данилевскидін аитуы боиынша Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы , 18% казеин, 15% шошқа майы, 9% сары маи, 4% тұздың қоспасы жане 5% құрғақ сары ашытқылары мен қоректендіргенде,олардын ұрықтарынын өсіп өнуі тоқталып төмендейтіні анықталды.Бұл құбылыс Е витаминінің жетіспеуінен екен. 1936 жылы Иванс бидаи тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды , ол токоферол( грек тілінде tokos-ұрпақ, phero-алып жүру, жалғастыу деген мағынаны береді)деп аталады.[14]
Д. Харкевичтін деректерінде Е витамині (токоферол)(рецепт№6). Көптеген азықта, әсіресе майлы дақылдарда кездеседі. Оның функциясы көптеген метаболитгік процесстерде түзілетін бос радикалдарды сіңіруден, олардың клетка қабығындағы жартылай қанықпаған майлы қышқылдармен әрекеттесуін болдырмаудан түрады, соның өсерінен клеткаларға залал келгіреді, әрі жұлын мен мишықтың азғындауына әкеп соғады. Сондай-ақ Е витамині жас малдардың жыныс безінің қалпына келуін реттейді, әрі ұрықтанған аналық клетканың жатырға жабысуына ықпал етеді.
Е витамині жетіспеген жағдайда малдың өсіп-өну функңиясы кемиді, орталық нерв жүйесінің жетілуі бүзылады.
Малдәрігерлік практикада құрамында Е витамині бар мынадай препараттар қолданылады: Е ранувит, "Е-25 жөне 50 капсулвит", А, Д, Е, витаминдерінің майлы ерітіндісі, тетравит және тривит, пушновит.
Е гранувит. Бүл Е витаминінің ұнтақ тәрізді формасы. Зат алмасуды қалыпқа келтіру, мал түліктері мен құстың генетикалық өнімділігін барынша арттыру үшін азыққа қосып қолданады. Арнайы жасалған рецептура бойынша құрама жемге қосылады.
"Е-25 және 50 капсувит". Бұл да Е витаминінің микрокапсулды үнтақ төрізді формасы. Қолданылуы жоғарыда қарастырылған.
Е дәрмендәрісі (токоферол) төрт изомерден тұрады, оларды а". Р". Ү — және б — токоферолдар деп атайды. Бұлар бір-бірінен бензол сақинасындағы метил топтарының саны және орналасу тәртібімен ерекшеленеді [15].
М. Малиновскидін деректерінде Е дәрмендәрісінің жаңуарлар үшін айрықша маңызы бар. Оның жетіспеуі жануарлардың жыныс қызметінің әлсіреуіне себепші болады, ұрықтық дамуы бөгеліп, сперматогенез процесі бұзылады. Е дәрмендәрісінің жетіспеуінен эритроциттердің гемолизге деген төзімділігі төмендеп, ет дистрофиясы басталады да, жүрек еттері- нің кызметі бұзылады. Бұл дәрмендәріні азыққа қосу сиырдың жұқпалы іш тастауын едәуір кемітуге, құс балапанын энцефаломиелит (қозғалыс мүшелерін салға — параличке соқтыратын) ауруынан сақтауға мүмкіндік береді. Токоферолдар өсімдік майын қышқылданудан және опың дәмінің бұзылуынан қорғайды. Бұл дәрмендәріге мұқтаждық малдың жасына, жыныстық қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Оған азық құрамындағы селеннің де мөлшері әсер етеді.
Е дәрмендәрісі өсімдік тектес (өсімдік майлары, өнген бидай, көкөніс) те, жануар тектес те (сиырдың сары майы, ет, сүт, жұмыртқа) азықтың құрамында кездеседі [16].
Достарыңызбен бөлісу: |