Курстық жұмыс Пән бойынша: математика Тақырыбы: Математика сабағында ойын технологиясы Студент М. Махабаева (қолы) (тобы) Жетекші М. Жакупова Курстық жұмыс бағаға қорғалды № 20 ж. Пцк меңгерушісі Балқаш қаласы, 20 ж. МазмұНЫ



бет3/5
Дата23.01.2023
өлшемі52,39 Kb.
#62389
1   2   3   4   5
Байланысты:
курсач

Тақырыптың мақсаты: Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері: -математика сабақтарында ойын элементтерімен танысу. –математика бағдарламасында сfраптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау; –оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу; -өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру; -оқушылардың пәнге деген қызығушылығының деңгейін сезінуге,оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету; -оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Егер математика сабағында -ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса; -тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе; Онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.
Күтілетін нәтиже: -сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. –оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. –ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы қатысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. –оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.
Тақырыптың методологиялық негіздері. Оқушылардыңматематикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі кезде ойын технологиясы мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп –тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғылымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет