Курстық жұмыс Пән бойынша: математика Тақырыбы: Математика сабағында ойын технологиясы Студент М. Махабаева (қолы) (тобы) Жетекші М. Жакупова Курстық жұмыс бағаға қорғалды № 20 ж. Пцк меңгерушісі Балқаш қаласы, 20 ж. МазмұНЫ



бет5/5
Дата23.01.2023
өлшемі52,39 Kb.
#62389
1   2   3   4   5
Байланысты:
курсач

ҚОРЫТЫНДЫ
бҚорыта келсек, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді.а Оқу үдерісінің жаңаруына қажетті шарт кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл әр ұстаздық шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
бОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ
НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 5. Уақытты үнемдеуге үйретеді. 6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. 8. Оқушылар үшін қауіпсіз. 9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады. 10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек. а 11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі. 12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.


Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану оте тиімді әдіс. оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.


ҚОСЫМША
Пәні: математика. Сыныбы: 3 Тақырыбы:Қызықты математикалық ойындар.Білімділігі:Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы:Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушылардыауызбіршілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туғанжерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Танымдылық ойын сайыс сабақ Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын, құрастыру Көрнекілігі:Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, интер/к, тақта,ертегі есеп, өлең есеп,слайд. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: -Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Қызықтыматематикалық ойындар» атты сайыс сағатына қошкелдіңіздер! Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерінпысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар,бейнелісөздер беріледі. Солардың жауаптарындұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрысайтылған жауаптарға,Әділ-қазылар алқасы бағалап отырады.Сайыстаұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады: 1.Таныстыру 2. Сөзжұмбақ шешу 3. Математикалық бейнелі сөз шешу 4. Ұшқыр ой ойыны. 5. Кім жылдам? ойыны. 6. Аудио ертегі сұрақ 7. Құстар тапсырмасы
Мұғалім:Білімдеріңді сынайық.-деп Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін. «Алғырлар» тобы «Білгірлер» тобы» 1.Таныстыру бөлімі
Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылытаныстырып өтсін. Ұран: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз «Алғырлар»Озып шығып бәйге аламыз Аты аңызға айналған «Алғыр» бала атанып Бізде ғалым боламыз. «Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп Таудай бірақ талабымыз 2. «Сөзжұмбақ» шешу Уа,балалар,балалар, Қане бері қараңдар Сайысымызды бастайық Сөзжұмбақты қиналмай Лезде шешіп тастайық. «Алғырлар»1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз 2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы 3.Ондықтан құралған сан. Қырық 4.Бір таңбалы сан. Үш 5.Кеміту амалы. Азайту «Білгірлер»1. Бір таңбалы сан Бір 2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш 3.Бұрыш түрі Сүйір Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады. 3. «Математикалық бейнелі сөз» шешу, Яғни ребус шешесіндер Қаз Ай Ту(Азайту) Мысық,Етік, Р (Метр) 4. «Ұшқыр ой» ойыны. Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған коипьютерге 1- ден, 9 ға дейінгі сандарды жазындар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі танбалы сан қолдануға болады. 1,2,3,4,5,6,7,8,9=12+3+4+56+7+8+9=99 1,2,3,4,5,6,7,8,9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9 Қане балалар жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын. Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін) 5.«Кім жылдам?» ойыны. Ойын шарты: Шаршыдан 2 ұшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз 6.Аудио сұрақ. Шарбану Батталова орта мектебінің жоғарғы сынып оқушысы Рахат.Бақытжан сендерге ертегі есеп жасырады. Ал қане тыңдайық: «Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жазшығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты: Сапырып-сапырып Арманға бер, Құйып-құйып Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығы мен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам
7. Құстар тапсырмасы Балалар білесіңдерма?бізге қонаққа құстар келіпті, жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар екен. Сендердің білімдеріңді тесеру барысында бірнеше тапсырмалар ала келіпті өздерімен. Қалай балалар тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсындарма? Ендеше қонаққа келген құстарымызды шаұырайық Құстар біздің досымыз Біз қамқоршы боламыз Құстарға ұя саламыз Жем су беріп жаз бойы Балапанын бағамыз. 1-құс «Аққу» тапсырмасы Математикалық викторина. Үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр. 2 –құс «Кептер» тапсырмасы. Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады. Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау. -Кел балалар,ойнайық Қандай есеп болсада. Шешпей оны қоймайық. Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар. Математикалық өлең есеп Көлден ұшты 50 қаз Қайтып қонды 20 қаз Қонбады оның нешеуі, Қане кім тез шешеді? (30 қаз) Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы. Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі 10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі, 10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24) Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек) Табақта 55 алма Қолымда 5 алма Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі Болады неше алма? (60 алма) 3-құс Торғайдың тапсырмасы Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада неше тауық,неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық) 2. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығынеше балық болды? (Балықтар ұшпайды) 3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина велосипед) дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,велосипед тұр? 4. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды. Математика Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер, Тылсым-сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
Осымен,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатынаяқтайотырып. Жеңімпаз топты анықтап«Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. А. Мустояпова . Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру // Бастауыш мектеп №12, 2003 2. Ә. Мұхамеджанова . Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру// Бастауш мектеп №1, 2005 3. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері // Бастауыш мектеп №3, 2008 4. Керімбаева Т. Дидактикалық ойындарының түрлері // Бастауыш мектеп №9 2005 5. Нагибин Ф. Развивающие игры. М.: Просвещение, 1985. 6. Құлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004 7. Математика сабағында дидактикалық ойын есептерді қолдану //«М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент, 2007. (Оқу-әдістемелік құрал) 2,5 б.т. (М.Мұсабековпен авторлық бірлестікте). 8.Бала дүниетанымын-ұлттық ойындар арқылы дамыту //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал –Алматы 2008 9. Бағдарлама. Математика жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған. – Алматы, 2003. 10. Ведилина Е.А Обучение решению текстовых задач учащихся начальной школы: Учебнометодическое пособие. – Павлодар: ТОО «Проксима ПВ», 2006. 11. Ведилина Е.А. Дифференцированные задания при решении текстовых задач //Педагогический Вестник Казахстана. – Изд. ПГПИ, декабрь 2008. 12. Ведилина Е.А., Кененбаева М.А. Развитие математического мышления и математических способностей на уроках математики начальной школы. //Начальная школа Казахстана. – 2005. 13. Математика: Жалпы білім беретін мектетің 3 – сыныбына арналған оқулық/ Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, Ж.Т. Кайыңбаев, Б.М. Қосанов, К.Ә. Ерешева. 2-ші басылым. – Алматы: Атамұра, 2003. 14. Бастауыш білім беру стандарты. 15. А. Мустояпова . Оқушылардың танымдық белсенділ
https://stud.kz/referat/show/22254 3,6,11,19 бет https://www.azbyka.kz/oyyn-arkyly-okytu-tehnologiyasy 9бет https://melimde.com/ojin-tehnologiyasi--oushilardi-matematikali-biliktiligin-damit.html 13бет https://stud.kz/referat/show/73261 15бет https://baribar.kz/student/1240/matematika-sabaghynda-qoldanylatyn-u/ 17бет https://infourok.ru/user/3933498/blog/bastauish-siniptarda-oyin-tehnologiyasin-paydalanu-126309.html 21б https://ziatker.kz/doc/bastayys_synyp_oqysylaryna_matematika_sabagynda_oiyn_tehnologiyasyn_qoldany_65308.html 24бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет