Курстық жұмыс Пән бойынша: математика Тақырыбы: Математика сабағында ойын технологиясы Студент М. Махабаева (қолы) (тобы) Жетекші М. Жакупова Курстық жұмыс бағаға қорғалды № 20 ж. Пцк меңгерушісі Балқаш қаласы, 20 ж. МазмұНЫ



бет4/5
Дата23.01.2023
өлшемі52,39 Kb.
#62389
1   2   3   4   5
Байланысты:
курсач

Тақырыптың нысаны.Бастауыш және орта сыныптарда оқу-тәрбие процесіндегі ойын технологиясы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және тиімді жолдарымен жұмыс жасау.
Тақырыптың пәні. Математика
Тақырыптың практикалық маңызы. Бастауыш сыныпта математика сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары зерттеулер жүргізу негізінде талданды. Педагогикалық іс-әрекетте бастауыш сыныпта математика сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары теориялық және тәжірбиелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданады.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ.ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. 1.1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. 2айтамОйындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады, материалды толық түсінуге ықпал етеді. Ойындар баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ең бастысы психологиялық талаптардың бірі – шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. 1.айтамОйын – бала әрекетінің бірі. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі.осы жерге дейнОйын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың ойлау қызметін белсендіруге назар аударылады. Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруы, мектепте өткізілетін әр түрлі жұмыстардың атқарар рөлі зор. 3айтам Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы, ойын қойылымдары, рольдік позициялар,жобаланған нәтижелер, бағалау критерилері, сезім әрекетінің бар болуы.осы жерге дейн Ойынды топтастырудың әртүрлі жолдары бар. Өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай, ойын процесінің мінезіне қарай, ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады. Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады: Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту; Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық; Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық. Коммуникативті, диагностикалық хабардар ету және т.б. Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс. Оқыту ойыны – бұл ойында оқушылар жаңа білім алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады. Бақылау ойыны – бұл ойын өткен білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда белсенді әрекет етуге бағытталған.


Ойын технологиясын оқытудың сатылары Ойынның кіріспесі: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу; Топ жобаларын бағалау; ұсынылған материалды талқыға салу. Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те барі болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиындықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, тез меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойыннан кейін олар тез серігіп, тапсырманы белсенді әрі сапалы орындайтын болады. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделікті қалыптастыру, ол бағдарлық қызметке араласуға ынтаны арттырады.Ойын түрлері оқу үрдісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалану тиімді.Жана сабақты ойын түрінде ашу да тиімді.Ойын түрін материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, онда оқушы сол ойында белсенді түрде қатысады.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін күшейтеді.Оқушының сабаққа ынтасымен қызығушылығын арттырады. Баланың белсенділігін саналы ойлана білуін,ой- өрісінің дамуын, қиындықты жеңу,төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті.Сондықтан оқушының сабаққа белсенділігін, ой ұшқырлығын, ынтасын дамытуда ойындардың маңызы зор. Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады: 1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту 2 Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық 3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық 4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б.
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс. Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады. Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған. Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер: -өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту -жағымды ойлай білу ептілігі -өзара әрекет етуді ұйымдастыру - шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру. Ойын технологиясының оқытудың сатылары: 1.Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу. 2.Баяндалған дайын объектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу. 3.Топ жобаларын бағалау: ұсынылған жобаларды талқыға салу. 4.Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойын әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.

1.2. ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ


б«Ойын — балалар өмірінде өте маңызы зор іс-әрекет,адам қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай қырынан танылса, өскен кезде де сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады» — А. С. Макаренко. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табыладыо. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті — жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, сапалы білім беру. Олай болса, ескіден арылып, жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау
— оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу — деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау. — оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын технологиясы болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ойын оқушының негізгіОйын технологиясының маңызды іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. аяқтауОйынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады . Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол белсенді әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін – темперамент, мінез, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады. Мұғалімнің міндеті - ойын барысында балаларды адамгершілік қасиетке баулып, ұжымшылдыққа үйрету.. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрі мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, тез меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады. бастауҚазіргі кезде білім беру мазмұнында ойын технологиясын қалыптастыруға ден қою керек. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады.аяқтау Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. басБұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым. Сондықтан да мен өз сабақтарымда ойын технологиясын көптеп қолданамын. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың психологиялық тұрғыда зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Аяқ Ойын технологиясы арқылы сабақты жүргізу өте тиімді әдістің бірі.Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл—ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта —ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Қызығушылықты туғызу үшін ойын түрлерін пайдалану керек.. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап тез меңгеруіне көмектеседі.Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да түсіндіруге болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады.

II. ТАРАУ. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУЫ. 2.1.МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуынан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы,Математика сабағында ойын технологиясн пайдаланудың ерекшеліктері өте көп.Яғни математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттыры, есептеу дағдыларын шындай түсетіні белгілі.Өз іс-тәжірибемде өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. «Ойын арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс көремін. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті. аяқтауМатематика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, Сақина салу, Ақсүйек ойыны белгісіз санды табға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады.Кестедегі белгісіз сандардың орнына ақсүйек тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және ойларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын “Сақина тастау” ойыгы. Дидактикалық мақсаты: қосу және азайтға берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның баств ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттеуі ықтимал.

басМатематикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болмасын, балаларды өзіне тартады.аяқМұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай. Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. басМұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт.Ойын процесінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған.заман талабына сай Оқушылар әрқашан жанашылдықты талап етеді. Оларға неғұрлым қызықты да жана ойындар ойнатсам олар сабаққа деген белсенділігі артады. аяқтау Мысалы; үлестірме екі бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады. Ойын – балалардың негізгі іс- әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басынын қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалардың көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатынын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелеу барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Алайда ойын арқылы есептер мен тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Баланың қуанышты мен ренішті ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың жан- дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді. Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Жаңылпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан, жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту дағды мен шеберлігі меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулыйды. Жалпы қорытындылай келе, мектеп оқушыларына математика сабағында ойын- тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері болады деген сенімім мол. Ойын-бұл да әрекеттін бір түрі оны қолдану барысында оқу міндеттері ашылады.Ептілікпен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі. Ойын-әрекеттің қажетті түр арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді. Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан, бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі. Әрбіройында жарыс элементтері бар.Жарыстаоқушының жеңіске деген құштарлығы,белсенділігі,туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады.
2.2 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
бМатематика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. аОйынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Өз іс-тәжірибемде өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс көремін. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті. «Қимыл –қозғалыс» ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Мысалы: « Кім керек?»,»Көңілді поезд», «Мысық пен тышқан», « Өз орныңды тап», математика сабағында көп пайдаланатын, әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында қолданылатын ойынның түрі « Қалт етпе қағып ал, жауабын тауып ал!» бұл ойын балаларды тез ойлауға, көбейту кестесін жылдам жаттауға септігін тигізеді. бастауДидактикалық ойындарға сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Бұл ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай қарапайым, әрі қысқа болу керек. Сабақта ойын түрлерін ретсіз, әрі жиі қолдану оқушыларды жалықтырады. Бұндай ойындарды сабақта түрлі әдіс–тәсілдермен қызықты, әрі мазмұнды өткізу үшін әсіресе балалардың ерекшелігіне баса зейін аударып, сабақ кезеңдерін бір –бірімен логикалық байланысқа құрып, өзара бірін-бірі дамытып, толықтырып отыратындай етіп ұйымдастырып байланыстырып сөйлеуге мынандай ойындар пайдалануға болады. Мысалы: «Балық аулау», «Кірпіге көмек», «Бәйге», «Қарлығаштың тапсырмасы», «Қайда өседі?», «Жемістер жинау» ойындары. Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп. Оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өткізуге болады. аяқтауСан аралас мақал мәтелдерді оқытамын. Бұл әдіс оқушыларды қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Мен, сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа,ізгілікке әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Енді мен алдарыңызға, өз іс –тәжірибемнен өтілген жұмыстарды ұсынамын.
1. «Қояндарды құтқару» ойыны. Мақсаты: тапсырманы дұрыс орындап, қояндарды тордан құтқару. Бұл ойында оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеуге болады. Сонымен бірге өз ісіне деген жауапкершілігі артады. 2. «Аңшы мен үйрек» ойыны. Бұл ойынға 4 оқушы шығады. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса, үйректерді торларына түсіреді. Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді. 3. «Балық аулау» ойыны. Қазір балалар көктем мезгілі. Балықшылар өзеннен балық аулайды. Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз. Ойынның шарты бойынша балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз. 4. Семантикалық карта.Кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген.Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, Білім туралы жақсы ой сөйлем шығады. 5. Тірек кесте.Берілген тапсырмалардың шешімін дұрыс тауып толтырса, шеңберге қатысыты ұғым атауын оқисың. 6. «Күн шуағы» ойынының шарты. Бетін бұлт жапқан күннің бейнесі. Оқушылар қатар –қатар болып , жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарды. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырды. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу. Қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топтың күні шайдай ашылады. 7.Дұрысын анықта» ойыны. Қате және дұрыс жазылған ереже немесе формулалардың дұрыстығын анықтайды.
Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.

2.3 ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАР


Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын обьективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Қазіргі кезенде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар; әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді; жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді. Іскерлік ойындар технологиясы. Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ мамаңның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету. Адам тәжірбиесінде ойын іс-әрекеті мынадай қызметтерді орындайды: -көңіл көтеруші: (бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләзат алу, қызығушылық ояту); -коммуникативтік: қарым-қатынас диалектісің менгеру; -ойын-терапевтикалық; өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу; диагностикалық; өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы); -коррекция қызметі тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу. Ойындардың көбінесе өздеріне сай мынадай 4 басты қырлары болады: -еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады. –шығармашылық, белгілі деңгейдегі іс-әрекеттің өтебелсенділігі; -эмоцианалдық көтеріңкілік, қарсыластық (ойынның табиғи сезімділігі); Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: білім алушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби бірліктерді игереді. Іскерлік ойынды жүргізу технологиясы: 1.Дайындық кезені – ойынды дайындау; сценариін дайындау; жоспар құру, материалмен қамтамасыз ету; 2. Ойынға кіріспе- проблемалық мақсат қою, шарттарын білу, топ құру, тиісті консултация беру; 3. Ойынды жүргізу кезені – топтық жұмыс, әдебиеттермен жұмыс, ойлану, тренинг, ойыншылармен жұмыс, пікірталас туғызу. Талдау және қортындылау кезеңі – ойынға қорытынды жасау, рефлексия, ұсыныстар беру. бІскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін, көшбасшылық қабілеттерін дамытатын ойын түрі. Оқушыларды өздерін бір мамандық иесі есебінде ойлап, іскерлік қасиетін ойластыруы керек. Мысалы, қазіргі заманға байланысты оқушыларды кәсіпкер деп алып, әрі кәсіпкердің қызметімен таныстыра отырып әрі есептеуге үйретсе, көбейту және бөлу амалдар пайдалануға дағдыландырса, немесе журналист есебінде интервью алу ойынын ойнатса өте жақсы.аяқ Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыруда сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Мысалы, математика сабағында «қосу және көбейту атаулары» пысықтау сабағын кәсіпкер-есепші (банкир) іскерлігімен өткізілді. Бұл сабақта оқушылар кәсіпкер болып, оның кәсіпкерлік құру үшін қандай жұмыстар жасайтынын таныстыра отырып, әртүрлі тапсырмалар орындатады. Бірінші кәсіпкердің куәлігін алу үшін салықкомитетіне барады. Әр оқушы қандай затты өндіретін өндіруші болатынын таңдап алады. Ол заттарын сату үшін әр қалаларға барады. Ең соңында есепті жақсы орындап, көзге түскен оқушылар нағыз кәсіпкер атағын алады. Іскерлік ойындар баланың қазіргі өмір сүріп жатқан қоғамымыздың бір бөлшегі ретінде өзін-өзі танып, өзін әр қырынан көруге мүмкіндік ашады.

2.4.МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР.


Математика сабағында ұлттық ойындарды қолдану арқылы салт дәстүрімізді дәріптей аламыз. Мысалы, «Бәйге», «Баспалдақ», «Ақ сүйек», «Жамбы ату», т.б. ойындарының математикалық мазмұнын оқылатын тақырыптарға сәйкестендіріп пайдалануға болады. б ұлттық ойындарын ойнату мақсатым қазақтың сал-дәстүрін ұмытпай есте сақтау.Ғасырлар бойы даналығымен, дәлелденген халықтық педагогика үлгілері тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Халықтың педагогикалық мұрасын тәлім тәрбиенің түп қазығына айналдыру ата ананың да, мектеп мұғалімдерінің де асыл борышы. Халық педагогикасы ежелден келе жатқан мұра. Баланың ақыл ойын , тәрбиелеуде атам заманнан келе жатқан мол тәжірбиесі ғасырлар бойы сараланып, ұлттық тәрбие. Халық педагогикасының ішіндегі қазақтың ұлттық ойындары: “Алтын сақа”, “Бәйге”, “Көкпар”, “Сақина салмақ”, “Бес тас”, “Тоғыз құмалақ”, “Күміс алу”, “Ақсүйек” тағы басқалары ата бабамыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.а Ұлттық ойындарының халық педагогикасының бір бөлігі деп тегін айтпаймыз, себебі адам баласы жасаған “жеті кереметтің” сегізіншісі болып осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес. Біздің оқушыларымыз өзіміздің ұлттық ойындарымызды үйрене отырып, өздерінің кім екендіктерін біліп, ата бабаларының салт дәстүрін біліп, дәстүрлер жалғасын жалғастыра отырып, өткені мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне ұлт ойындарын жеткілікті білулері көп септігін тигізеді. Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тіл табысып, тез ұғынысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты, білімділікті үйренеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы болуды армандайтын оқушы жоқ. Демек, ойынның өзі балаға білімнің, тәрбиенің қайнар көзі сияқты ықпал етіп, танымын жетілдіреді. Ұлттық ойындарды мән мағынасына қарай жеткіншектерге жан жақты терең білім беруде орынды қолдана білу артық емес. Халқымыздың тұрмысы жан жануарлармен тығыз байланыста болғандықтан төрт түлік малды халқымыздың сүйіп, қалай өсіргендігін мына санамақ ойын есебінен көруге болады: “Түйе, бота маң басқан Төрт аяғын тең басқан. Шұнаққұлақ бес ешкі, Төрт қозылы екі қой”. (он жеті) Ұлттық ойындарда балалар жиындарда, үзіліс арасында, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн. Тәрбиешілер ұйымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындарды ойнауды жалғастырады. Оған мұғалім бақылау, басшылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық ойын барысында тынығады. Оқушы өмір танымын кеңейтеді бірлеседі ұжымшылдыққа үйренеді. Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушыларға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады: «Айгөлек», «Арқан тарту», «Белбеу тастау», «Соқыр теке», «Қойыңа қасқыр шапты», «Ат қума», «Жаяу көкпар», «Түйе-түйе», «Омпы», «Жалау алу», «Қасқыр мен ешкі», «Алшы», «Хан», «Күзетшілер», «Ұшты-ұшты», «Көрші-көрші», «Сақина жинау», т.б. Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет ғұрыпын жоғалтпай, оны ары қарай дамытуға, өз ұлтының тәлімі мен тәрбиесін білуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін артырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Дене шынықтыру пәнінде және сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынандай кезеңдерден тұрады: 1. Ойын өткізілетін орынды таңдау; 2. Ойынды ұжымдастыру, басқару; 3. Жаңа ойынды ойнау, өткізу; 4. Ойынды қорыту. Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін, жаттығулар орындау, өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін пайдаланатын дидактикалық ойындардың мазмұндары, мысалы, «Орамал тастау», «Сақина салу», «Жамбы ату», «Ханталапай», «Ақ сүйек», т.б. ойындар. Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттық ойындардың желісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын-есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың бойына ибалық, байсалдылық, тапқырлық, шыншылдық және т.б. қасиеттерді сіңіру, қалыптастыру – басты нысаны. Сондықтан математика сабағында пайдалануға болатын дидактикалық ойындардың мазмұнын, шарттық көрнекі құралдарын, ойнау ережелерін, қарапайым тапсырмаларды оқушылар өздері орындауға шамасы жететіндейін сұрыптап үлгісін ұсынамын. Мысалы, “Орамал тастау” ойыны. Ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Керекті құралдар: Әр топқа бір-бірден бет орамал таратылады. Үлкен етіп жазылған 13,15,16 сандары. Топ қатарға байланысты топқа бөлінеді. Әр қатар бір топ болып есептеледі. Ойын басқарушы бала бір қолына орамал алады, ал екінші қолына жазылған сан алады. Бала санды жоғары көтеріп, орамалды өзі қалаған балаға береді. Ол санның құрамын айтып, орамалды келесі балаға жалғастырып, бала бірден жауап береді. Қалған топтың балалары ойынды бақылап отырады. 13=7+613=9+4 13=8+513=11+2 13=10+313=14-1 т.с.с. 1-ші топ болған соң, 2-ші, 3-ші топтар жалғастырады. Ойын барысында әр топтың тұсына (тақтаға) қате жіберген жағдайда, белгі қойып отырады. Нәтижесі сол арқылы анықталады. Ойынды бір тақтаны (санды) санға ондықтан аттап қосу, ондықтан қосу, ондықтан аттап азайту, екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға қосу және азайту т.с.с. “Бәйге” ойыны. Дидактикалық мақсаты:Біртаңбалысандықосужәнеазайту, ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарып жаттығу. Керекті құралдар: Әр топқа арналған кішкентай жолаушылар, сол ойынға қатысқанбалаларғаарналғанномер,қосымшамысалдар жазылған карточкалар, плакат. Мұғалім топты бірнеше топқа бөледі де, оқулықта жаттығуға берілген мысалдарды карточкаларға немесе ойын тақтасына плакат жазып қояды. Бәйгеге түсетін бала алдын ала 1-ші турдан өтіп мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады: мұғалім жарыс тәртібімен таныстырады. Екі бала өздеріне тиесілі жолдың бойындағы есеп-мысалдарды шығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші болып мәреге жетсе, сол топ жеңеді. Мәреге жеткенше қатысқан баланы шаршады деп есептесе, басқа балалармен ауысуға болады. Қалған топтың балалары “жанкүйерлер” болып отырады. Ойынды күрделендіріп келесі сабақта қолдана беруге болады. “Сақина салмақ” ойыны.Дидактикалық мақсаты: Оқулықты пысықтауға арналған бағандағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге жаттығады. Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2 немесе 3 сақина, не оның орнына құрт, кәмпит, түйме, т. б. Қолда барды пайдалануға болады (әр қатарға бір-бір сақинадан болса, ойын тез жүреді). Мазмұны: Топтағы балалар 2 немесе 3 топқа бөлінеді. Сыныпта неше қатар парта болса, сонша топ болады. Әр топқа бір-бір сақина береді. Тақтаға топ санына байланысты, баған түрінде мысалдар жазып қойылады. Әрбір қатар мысалдарды топқа бөліп береді. Мұғалімнің командасы бойынша, қолында сақинасы бар ойын бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды жалғастырады. Ойын үнсіз жалғасады. Ойынды қай топ бірінші аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады (бағалауға да болады). Ойын бірдей уақытта басталып, бір мезгілде үш топпен бірдей аяқталуы да мүмкін. Онда шығарылған мысалдардың дұрыстығы ескеріледі. Сабақта осындай дидактикалық ойындарды қазақтың ұлттық ойындармен байланыстыра жүргізу келешек жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Себебі ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақ өзінің кім екеніне, ата-анасының өсу тарихына көз жібереді.

III. тарау. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ.


Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін, мінезін танып, жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды жарқын болашаққа тәрбиелеу. Жалпы орта мектеп бағдарламасындағы пәндердің ең күрделісі – математика. Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі тәсілдерді әдістерді тиімді пайдалана білу керек. Білім беруді ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді. Себебі кез келген оқушыдан сұраса: “Мен үшін математика қиын пән”, Математика қызықсыз маған ұанамайды деген жауап алуға болады. Неге? Себебі, оқушының пәнге деген қызығушылығы болмаса, ол оқушы ол пәнді сүйіп оқымайды. Осыдан туындайтын негізгі сұрақ – оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай туындату, пәнге деген көзқарастарын қалай өзгерту керек. Мен ойлана келе мынандай тоқтамға келдім: ойын кез келген баланың ойлау қабілетін, мәдениетін, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Оқушыларды математиканы оқытуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі, оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру. Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Математикалық ойын дегеніміз тынысы кен, алысқа меңзейтін,ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат беретін – ой жетекшісі. Ойланбаса ол адам адам емес. бМатематика ой мен негізделген пән. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда, ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезендерінде нұқсан келтірмейтіндей болуы тиіс. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достыққа, өзара түсіністікке көңіл аударады.а Топтық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ойын оқушылардың қарым-қатынасын орнықтырады, бір-біріне сенімін арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп жаналықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артады. Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білу керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа түсінікті болу шарт. Ойын процесінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрін кездестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған. Математика сабағымда жиі қолданылатын ойын түрлері. I.Ұйымдастыру кезенінде. Психологиялық жаттығулар, тренингтар ойнатам. Мысалы: Айна жаттығуы. Әр оқушы өзінің парталас досына қарап, сол досының бойындағы ең жақсы қасиетін айтады. Сәттілік шенбері. Сынып оқушылары бір шенбер бойында тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді алақандарын қолдарына алып. Тиімділігі. Оқушылардың бір-бірінің жеке қасиеттерін, өздерін бағалай білу. Өткен тақырыпты қайталау немесе бекіту кезенінде: Өрмекші шырмауынан шығып көр! Ойынын ойнатам. Оқушылар берілген тақырып немесе тарау бойынша жіптің көмегі арқылы бір біріне сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді. Солай өрмекші шырмауын тоқып, дұрыс жауап берсе сол тордан құтылып шығады. Тиімділігі. Достық қарым-қатынасын нығайту, ауызша және математикалық тілде сөйлеуге үйрету. Жаңа тақырықа көшу кезенінде. Сөзжұмбақ жасырам. Сұрақтары өткен тақырыпқа байланысты немесе жалпы математикага байланысты сөзжұмбақты шеше отырып, оқушылар жасырын сөзді табады. Ол жасырынған сөз жана тақырып. Енд Математикалық ребустар жасырам. Ребусты шеше келе оқушылар жана сабақтың тақырыбын алып шығады. Тиімділігі: Әр оқушы өз алдына жана тақырыпқа байланысты мақсат қояды, сол мақсатқа жетуге әрекет жасайды, талпынады. Жана тақырыпты менгеру кезенінде: Бағдар картамен жұмыс. Жана тақырып бойынша өзін-өзі оқыту мақсатында оқушыларға бағдар карта таратамын, бағдар картаның негізгі тірек сұрақтары арқылы ізденіп тақырыпты оқиды, мысалдар қарастырады, мысалға сәйкес тапсырмалар орындайды. Тақырыпты өз бетімен меңгеріп, мысалдарын өздері қарастырып, тапсырмаларды орындай келе жана сабақты менгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет