Курстық ЖҰмыс пән: км 06-3 «Табиғатты пайдаланудың экономикалық негіздері»



бет10/11
Дата25.06.2023
өлшемі133,02 Kb.
#103398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DOC-20230522-WA0019.

Қорытынды.
Экологиялық құқық – Қазақстан Республикасы құқығының ең маңызды саласы. Бұл құқықтың пәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Адамзат пен табиғаттың өзара әрекеттесу ортасында туындайтын қоғамдық қатынастардың дамуының қазіргі кезеңінде оларды құқықтық реттеуге әдістемелік көзқарас өзгеруде . Экология негізге алынады. Құқықтық қатынастардың объектісі – «табиғат» тұтастай алғанда объектілердің өзара тәуелділігін анықтайтын тығыз байланыстармен сипатталатын объектілер мен ресурстар кешені. Қоғамның мүдделері бүкіл табиғи ортаның сапасын сақтаумен байланысты, сондықтан жеке табиғи ресурстармен туындайтын кез келген құқықтық қатынас осы мақсатқа бағындырылуы керек. Балқаш көлі әлемдегі материкішілік ірі су қоймаларының қатарына жата отырып, аумағында адам өмір сүруге қолайлы климат қалыптастырады, елді мекендердің шаруашылық жүргізуін қамтамасыз етеді, әрі елімізде атқаратын стратегиялық маңызы жоғары болып табылады. Көлдің табиғи байлығымен бірге бұл ауданда бұрыннан қолданылып келе жатқан минералдық шикізаттың мол қоры бар. Сондықтан Балқаш көлін сақтап қалу тек мемлекеттік проблема болып қоймай барлық әлемнің негізгі міндеті болуы тиіс. Бұл аймақта Арал теңізінің тағдыры қайталанбауы тиіс. Ол үшін аумақта бүгінігі таңда қалыптасып отырған гидрологиялық жағдайға дұрыс баға берілуі керек. Курстық жұмыста Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы зерттеліп, аймақта қалыптасып отырған экологиялық жайттарға баға берілді. Климаттық жағдайдан басқа Қапшағай бөгенін толтыруға, егістік алқапты суаруға және басқа шаруашылық қажеттер үшін жұмсалған су көлемі өзендер ағындысын кемітіп, Балқаш көліне құятын су көлемін кемітіп отырғаны анықталды. Балқаш көлінің тарихи деңгейлік режимі оқылып, қазіргі қалыптасып отырған гидрологиялық режимге баға берілді. Өткен тарихи кезеңде климаттың біржақты өзгермегендігі ескеріліп, Балқаш көлінің деңгейіне алапта қайтарымсыз пайдаланған су көлемінің артуы көл деңгейінің күрт төмен түсуіне әкеліп соқтырып отырғаны анықталды. Балқаш көліне қоятын ең суы мол Іле өзені (көлге құятын барлық су көлемінің 80%-н береді) трансшекаралық өзен болып табылады. Оның негізгі ағындысы қалыптасатын жоғарғы бөлігі ҚХР-да орналасқан. Сондықтан ҚХР-мен келісім жүргізуде Іле өзенінің санитарлық ағындысы, яғни Балқаш көлінің деңгейін 341 м-ден төмен түспеуге мүмкіндік беретін шамадағы су көлемін жіберіп отыруға қол жеткізу керек. Балқаш көлінің суын және жалпы Іле-Балқаш алабының экологиялық жағдайын бақылап отыру үшін мониторинг жүргізетін бөлімдер санын көбейту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет