Қазақстанның су қорлары. ТМД елдері бойынша Қазақстан сумен ең аз қамтылған ел. Сумен қамтамасыз етілу леңгйі өте төмен болып бара жатқаны сонша су жетіспеушілігі рейтингі бойынша Түркіместаннан кейін тұр. Су негізгі деңгейі жылына 89,4 текше шақырым бұл төмен көрсеткіш. Қазақстанның Республикасында таза ауыз суды қолдану күннен күнге қиындап кетті. Қазақстанның жер беті су қоры түгелдей таусылған. Біз басқа елдердің су қорына сәруміз. Қазақстанның өзен-көлдері көрші елдерден бастау алып отыр. Егер көршілес елдер бізге қойса, сусыз қалуымыз әбден мүмкін. Қазақстанда жалпы су қорларының қолданылуы тоғыз пайызы жер асты суларына кіреді, бірақ оны 25-пайызға дейін көтеруге болады. Жер асты және жер үсті суларының Қазақстанның геожүйелеріне экологиялық ықпалы көп жақты сипатқа ие. Ол өзендер жүйелерінің жиілік және су қоймалары гидрологиялық және гидрологиялық химиялық режимі бойынша көрінеді. Су режимі, су қорының өзгермелілігі, өзендердің бастаулары т.б. гидроэнергетикалық факторлар анағұрлым маңызды болып келеді. Осындай факторлардың ішінде кей түрлерінің экологиялық рөлінің қарастырамыз. Олардың ішінде: -Қазақстан Республикасының аймағында гидрологиялық режимнің типтері өзендердің су айналымы су қоймаларының өзін-өзі тазартудағы маңызды факторлардың бірі. Көктемдегі су тасқыны өзенді ластайтындарды тазартуға жағдай жасайды, ал судың ең төмен деңгейі (тіпті тартылып қалуы) техногез өнімдерін аккумуляциясына ықпал жасайды. -Қазақстанның өзен жүйесі үлкен, жазық бөлігіндегі әркелкі орналасуы техногендік өнімнің геохимиялық миграциясы процесінде ықпал етпейді. -Тянь-Шань, Жоңғар, Алатау, Алтай тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және де су бөгендерінің суы молдығы осы аймақтарда орналасқан өндірістік региондардың шегіне топырақ пен табиғи суларды ластаушыларды шығарып тас-тауға әрекет жасайды. -Төменгі және жайылыңқы көктемгі сулармен және жоғарғы жаздық-күздік сулармен ерекшеленеді. Шаруашылықта пайдаланатын өзендер және су қоймалары өзін-өзі тазалауына көмек береді. -Қазақстанның альптік региондары қатарының экономикалық даму мүмкіндіктерін 70-тен астам артезиандық бассейндердің болуы қамтамасыз етеді. Алайда, жер асты суларын минерализациялаудың жиілігі және олардың жоғары дәрежеде болуы экологиялық қысымды тереңдететін экологиялық фактор болып саналады. -Тянь-Шань тауларында кездесетін өзендер жоғаря емес, жайылған көктемдегі-жаздық қар суымен және деңгейінің төменімен ерекшеленеді. Осындай гидрологиялық режим су қоймасын техногез өнімдерінің өзін-өзі тазалауына әкеледі. Су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау адамзат үшін үлкен өмірлік маңызды жағдай. Табиғаттағы су айналымының арқасында жердегі сарқылмайды. Алайда жердің кейбір тұстарында табиғи жағымсыз жағдайдың болуына байланысты тұщы су қоры жеткіліксіз. Осыған Қазақстан Республикасының басым көпшілігі кіреді және сондықтан семаридтік және аридтік климатық жағдайы су қорларының тапшылығымен көрініс табады. Судың жиналуы мен сц деңгейінің көтерілуі, өзен суларының максималды және минималды шығындарды және табиғи ортаның экологиялық жағдайына тікелей әсер етеді және басқа да гидрологиялық факторлар тығыз байланысты. Біздің жер шарымызда Қазақстан су қорының жетіспеушілі нәтижесінде аз ғана региондардың қатарына кіреді. ТМД елдері бойынша тұщы су қорлары бойынша сумен аз қамтамасыз ететін елдердің құрамына кіреді. Тұщы су қорлары бойынша ТМД елдері бойынша сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына кіреді. Қазақстан территориясында су қоры әр түрлі жерде орналасқан және бастаулары республикасы шекарасынан тыс жерде жатқан транзиттік өзендерден тұрады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары және таулы жазықтары тұщы сумен көбірек қамтамасыз етілген. Республикамыз адамдардың өндіріс саласының су көздерінің және тұрмыстық-коммуналдық қалдықтарымен ластануының және тағы да басқа себептерінің нәтижесінде таза тұщы суға тапшылық байқалады. 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері Қазақстанда бар. Олардың арасындағы онының сегізі ғана ұзындығы 800-шақырымнан асады. Олар:Есіл, Ертіс, Орал, Тобыл, Сырдария, Шу, Нұра торғай өзендері өзендері және Қазақстанға шекаралар елдерден ластанған ағын келеді. Оңтүстік-шығыс Қазақстан тауларында 1673,9 шақырым аймақта мұздық бар. Республикамыздың маңында 47 мыңнан астам көлбар, Оның сегіз мыңнан астамы көктемдегі қар суымен толады, ал жаз айларында құрғап кетеді. Қазақстанның жер үсті суларының көлемі жылына 89,5 текше.метр шақырым құрайды. Соңғы жылдары көрші елдердің қажеттіліктеріне жұмсалуы мен байланысты оның көлемі біршама азайды. Оның нәтижесі Сырдария өзеннің суының 19,8-ден 9,8 текше шақырым, Іле өзеннің суы жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осылардың нәтижесінде Балқаш көлінің мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы күрт төмендеді. Республикамыз жер асты суларына өте бай. Жер асты суларының қоры 15,8 текше шақырымды құрайды, оның 2,6 текше шақырымы қолданылады. Жер асты сулары өте минералды және тереңде орналасқаны үшін шаруашылықта пайдалануда қиындық туғызады. Қазақстандағы пайдаланатын жер асты суларының мөлшері 8-% астамын құрайды. Республикамыздың болашағында олар су қажеттіліктерінің 25-% қамтамасыз етуі мүмкін. Жер асты суларының орналасуы әркелкі. Республикамыздың оңтүстік-шығыс бөлігін су қорларының 63-% алып жатыр. Мемлекетімізде жер асты суларының 60-%-16-% ғана қолданылады. Осы мөлшердегі жерасты суларының 52-% шаруашылық ауыз су мақсатына, 22-% техникалық мақсатта, жер суғару үшін 9-% және 7-% жайылымдарды суландыру үшін қолданады. 70 қала, 4000-нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90-мың гектарға дейінгі жерлер суарылады. Жерасты суларын қолдану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15,6 пайызын , ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7,5-% құрайды. Қазақстанның су қоры адамдардың шаруашылық қызметіне жан-жақты әсер етеді. Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік ағын сулары, түсті және қара металлургияның қалдықтары су ресурстарына зиянды ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық қалдықтары көптеген су бөгендерін техникалық және тұрмыстық мақсаттарға қолдануға жарамсыз болып қалады. Оның үстіне судың тұнық болуы, түсі, температурасы өзгеріске ұшырайды, жағымсыз иіс пен дәм пайда болады, құрамында ғы оттек төмендеп кетеді. Химиялық қосылыстар суды ластайды, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиындық туғызады, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақырын жүреді. Тазаланбаған ағын сулардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті экономикалық залал әкеледі. Осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының апаттық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзушылықтар байқалды. Концентрациялық шеткі көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық көрсеткіштері басты критерийлерін болып табылады. Мұның үстіне ПДК көрсеткіштері әр түрлі болады:олар балық шаруашылығы , шаруашылық ауыз су және коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су бөгендеріне арналған. Аталған шаруашылық обьектілердің су сапасына қоятын талаптары да әр түрлі. 2018 жылы республикалық микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін ауыз су сапасы-10 пайызды құрады. Алайда кейбір аудандарда (Павлодар, Қостанай облыстары,) судың сапасы өте төмен болды. Тәжірибе өндірістік және тұрмыстық суларды механикалық, химиялық және биологиялық тазалауды пайдаланады Тазалау құрылғылардың жүйесін жетілдірілмегендіктен олардың қайтадан шығып қалуына олардың қайта шығып қалуына және басқа да себептерге байланысты су бөгендеріне көп мөлшерде зиянды заттар келіп түседі. Тұрмыстық вғын сулар суландыру және фильтрация егістіктерінде тазартылды. Мұнда олар микроағзалар мен күн радиациясының ықпалына ұшырайды. Су буланғаннан кейін егістіктер жыртылып, ол жерлерге ауылшаруашылығы дақылдар егіледі. Су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау қағидалары: -өзендер мен көлдердің ағын сулармен ластанудың алдын алу; -жер беті суларын прогрессивті су қорғау технологияларына негізделген үнемді пайдалану; -айналымдық су қолдану және сумен қамтамасыз ету технологияларын енгізу; -тазаланбаған өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық ағын сулардың келіп түсуін болдырмау үшін прогрессивті технологиялар мен тазалау құрылғылары енгізу; -ауылшаруашылығында суды пайдалану нормаларын қысқарту; -жер есты суларын үнемді қолдану; -термалды, минералды сулар мен батпақтарды өндірістік және радиациялық мақсаттарға кеңінен қолдану.