1-Бөлім. Қазақстандағы табиғат қорлары. 1.1. Қазақстанның табиғат қорларына жалпы сипаттама. Табиғат қорлары-қоршаған ортаның, адамдардың тіршілік қажеттіліктерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін жабдықтандыру үшін өндіріс саласында қолданылатын бөлігі. Табиғат қорын ұтымды қолдану мен адамдардың өмір сүруін табиғат байлықтарымен қамту мәселелері өте күрделі болып табылады. Қайта қалпына келтіре алмайтын табиғат байлықтарын сарқылтпау үшін оларды кешенді қолдануға, отынның, шикізаттың, энергияның жаңа көздерін іздеуде барлығы атсалысуда. Осы іс-шараларды іске асыру үшін шикізатты толық пайдалану және кешенді қолдану керек. Бізді қоршаған табиғат тіршіліктің қайнар көзі әрі таусылмайтын қазына. Адам табиғаттан өмір сүруіне керекті тұрмыстық материалдарды алады. Алғашқы да адамдар табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алмаған. Кейіннен ақылмен үй тұрмыс тіршілігімен жұмыс істеп, өсімдіктер түрлерін өсіріп, кейбір жануарларды қолға үйреткен. Табиғат қорын пайдалану адам баласының саны өскен сайын еселеп өсуде. Қазір судың да, жердің де иесі бар, жерге талас-тартыс өрбіп жатыр. Осының барлығы табиғатқа оразан зор шығын әкеледі. Алғашқы да табиғи қорлар таусылмайтын байлық болып көрінді, алайда адам баласы табиғат байлықтарын бір-бірте таусыла бастағанын білді. Табиғи қорларды есептеп, оны ұтымды пайдалана бастады. Табиғат байлықтарын қорғау туралы ерекше маңызы бар келісім шарттар ұсыныс алды, ғылыми негіздер қаланды. Табиғат қорлары таусылмайтын, таусылатын, өңделетін, өңделмейтін болып бөлінеді. Таусылатын, қайта қалпына келмейтін қазба байлықтар. Бұл дегеніміз уақыт өте келе бұл қор түбегейлі сарқылады. Қазақстан өңірі минералды-шикізат өңіріне бай мемлекеттердің қатарынан кіреді. Әлем елдері бойынша Қазақстан мұнай мен табиғи газдан бірінші ондық қа кіреді және темір, хромит, мырыш, мыс, қорғасын, уран, көмір тағы да басқа қатарына кіреді. Қазақстанның 2030-жылға дейін даму стратегиясы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік жоғарғы деңгейде дамыған мемлекетердің қатарына қосылуын кен-металлургия кешені қамтамасыз ететін салалардың бірі. Кен-металлургияның міндеті сыртқы және де ішкі рыноктарға керегін шығару болып табылады. Республика бойынша хром екінші орында, үшінші орында титан, алтыншы орында қорғасын және мырыштан, сегізінші орында марганец, тоғызыншы орында күміс минералды шикізат өнімдерін өндіру бойынша орын алып отыр. Табиғат байлықтарын қолдануда сол табиғи қазбаны өңдеу мен өндіру барысында жерді құртып алмай, қадағалап отыруы тиіс. Бұл дегеніміз: --•бірішіден, өндіріс кезінде табиғатты ластамауы, егер табиғатқа зиян келтірсе, осы үшін қажетті көлемде төлем төленуі тиіс; •екіншіден, табиғат пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндірген кезде үкімет берген нормативтікке сай табиғат байлықтарын толық өндәру керек; •үшіншіден, өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс; •төртіншіден, металдардың өзіндік құнын шектен тыс жоғарлатпауы, стау бағасы төмен болуы тис. Осындай салаларда мемлекеттік органдар кәсіпорындардың жұмысын бақылайды. Бүгінгі Қазақстанның кен-металлургия жүйесі екі саладан тұрады: түсті металлургия және қара металлургия. -Түсті металлургия мырыш, мыс, титан, сирек кездесетін бағалы металдар, глинозем, молибден, уран шикізат өңдеу 8 саладан, 26 өнәркәсіп орындарынан тұрады. -Қара металлургия хром, марганец, темір, шойын, болат, прокат, отқа төзімді өнімдер, ферроқұймасы, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан құрылады. Республикамыз да 197-газ кен орындары және мұнай, бұлардың ішінде 29-газ конденсаты, 102- мұнай, 30-мұнай конденсаты, 11-газ конденсаты, 6-мұнай, 12-газ кен орындары бар. 3 млрд тонна мұнайдың кен қорларын, ал газдың қорлары 3 трлн.текше метрді құрайды. Негізгі газ мен мұнайды Батыс Қазақстан өндіреді. Бұл жерде газ конденсатының 100 пайызын және мұнайдың 90,4 пайызы өндіріледі. Қазақстандағы бұл регион территориясы анағұрлым ласталған және экологиялық жағдайы нашар аудандарға жатады. Екі мың отызыншы жылға қарай мұнай өндіру 150 млн.т ға дейін жеткізу болжамын есепке алды. Қоңыр көмір мен тас көмір өндірудің экологиялық зардабы оразан зор. Уран рудаларының ірі кен орындары қоршаған ортаның экологиялық жағдайына негативті әсер етеді. Табиғи ортаға хром, марганец, мыс рудалары, алтын, мырыш, қорғасын, фосфориттер, минералды шикізат пен құрылыс тастарын өңдеу және қайта өңдеу жағымсыз әсер етеді. Осыған байланысты табиғатты қорғау жөнінде тиімді шараларды қолдануды талап етеді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі табиғатқа оразан зор әсерін тигізеді. Бұл жарладың пайда болуынан және тау жыныстары ның пайда құлауынан көрінеді. Пайдалы қазбаларды өндіру атмосфераға, топыраққа, жер үсті суларымен жер асты суларына әсер етеді. Сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі өзгеоеді. Пайдалы қазбаларды дұрыс емес өндіру және қайта өңдеу процесінде минералды-шикізат қорларын эксплуатациялаудағы басты кемшілік болады. Қазақстанның технологиялық дамымаудың нәтижесінде түсті металлургияда өндірілгкн рудаларды алу кезінде шикізаттың 10-20 пайызы ғана қолданыоғаны, 70-80 пайызы қолданылмай қалғаны мәлім болды. Осындай қалдықтар химиялық реагенттер сіңген тау жыныстарының ұсақталған түрі болып табылады. Концентраттарды балқыту нәтижесінде материалдар 60-70 пайызы шаққа айналды. Қалдықсыз және аз қалдықты өндіріс жер қойнауының байлықтарын қалдықсыз пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді. Жер қойнауындағы табиғат қорларын қалдықсыз пайдалану және қорғау негізінде келесі жұмыстар жасалуы тиіс:
-табиғат қорларын үнемдеп қолдану, олардың іске жасау жасау мерзімін ұзарту;
-сирек кездесетін минералды шикізаттардың орнына басқа нәрсе қолдану;
-пайдалы қазбаларды өндірудің технологиясын жетілдіру;
-кен орындарын кешенді түрде пайдалану;
-тау кен орындары игерілген жерлерді кеңінен рекультивациялау және тағы да басқа.
Жердің табиғат қорларын пайдалану мен қорғау мен олардың мән жайларын реттейтін, кешенді қолдануға және экологиялық зардаптың алдын алудың құқықтық нормалар бар. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау заңмен реттеледі. Қазақстан өңірі полиметалл кедеріне де өте бай оның негізгі қоры Оңтүстік Қазақстанда, Кенді Алтайда, Сарыарқада орналасқан. Бағалы және сирек кездесетін металл түрлерінің кен орындары барлық дерлік аумақта таралған. Минералдық қорлар-тас көмір, газ, мұнай, көмір , кен көздері жатады. Осылардың барлығы сарқылатын русурсқа кіреді. Минералдық қорларды металл қорлары және металлл емес деп бөлеміз. Минералдық қорлар адам өміріне ауадай, судай керек. Мәселен, ізбен, ас тұзы, фосфори, калий тұздары, құм тағы басқалар. Осыған қарай мұнай-газ және металл, шикізат өндіру қарқыны жыл сайын арта түсуде. Минералды шикізаттарды кешенді пайдаланудың қалып қалуы өндірістік қалдықтардан көптеген минералдар түрлерін технологиялардың жетілген түрлерінің жоқтығынан әлі күнге дейін алынбауынан болып отыр. Жерден қазба қорлар толығымен де алынбай отыр. Факелдерде миллиардтаған кубометр мұнай газы жағылуда.