3 Жүйе жұмысының алгоритмі
Жүйе жұмысы келесі алгоритммен бейнеленеді. Алғашқы күйде барлық крандар жабық, бактің екеуіде бос. Бастапқы уақытта контроллер кірудегі Vinput кранға сигнал жібереді, ол сол уақытта тез ашыладыда Time1 [с] уақыт ішінде тек қана бірінші бак толтырылады.
Time1 уақыттан кейін контроллер V1 кранды ашу сигналын жібереді, су екінші бакке түсе бастайды. Екінші күй Time2 [с] уақыт бойынша сақталады.
Time2 уақыт ӛткеннен кейін V2 кранның қалпы бақыланады: егер де контроллер екінші бактегі су деңгейінің L_min [м] мәнінен тӛмендегенін білсе, шығудағы кранды жабу бұйрығы түседі, ал егер де екінші бактегі су деңгейі L_plus [м] мәннен жоғары болса – шыгудағы кранды ашу бұйрығы түседі.
Егер де бактардің біреуі толып кетсе немесе шығудағы кран бір ашылып, бір жабылып тұрса, осындай жағдайлар авариялық деп есептеледі.
Барлық крандар ашық болып, су жүйе арқылы тұрақты жылдамдылықпен ағып тұрса, бұл жағдай нормалды жағдай болып есептеледі.
Екі бактен тұратын жүйеге Vinput, V1 және V2 мәндері туралы сигналдар конроллерден түседі. Бұл айнымалылар модель кірістері болып табылады.
Сонымен, модельдің бастапқы сұлбасын келесі түрде кӛрсетуге болады (2 cуретін қараңыз). Бұл ішкі жүйені Tank_System_Block деп атаймыз.
2 сурет – Судың денгейлерін анықтаудың Tank_System_Block ішкі жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |