Курстық ЖҰмыс пәні: «Сала технологиялық процесстерін автоматтандыру» Тақырыбы: «Өндірістік тоңазытқышты автоматтандыруды жобалау» Мамандығы: 1302000 «Автоматтандыру»


Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет



бет2/9
Дата09.05.2022
өлшемі134,43 Kb.
#33161
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Технологиялық процесс туралы жалпы мәлімет

Өндірістік тоңазытқыш - температурасы қоршаған ортаның температурасынан төмен болатын, жоғары температурада микроорганизмдер әсерінен жылдам бұзылатын азық-түлік өнімдері мен тағамдарды сақтауға арналған құрылғы немесе арнаулы камералар.

Тұрмыстық тоңазытқыштардың компрессиялы және абсорбциялы деп аталатын екі түрі шығарылады. Олар бір-бірінен тоңазыту агрегатының әсер ету принципі (суық шығару әдісі бойынша) және осыған сәйкес конструкциялық жасалу ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары бойынша ажыратылады.

Компрессиялық түрдегі тоңазыту агрегаты электр двигателінен шығатын жетегі баркомпрессордан, буландырғыштан, конденсатордан және сүзгі-кептіргіштен құралады. Тоңазытқыштың камерасы буландырғыштың каналдарындағы суытқыш агенттің («хладон-12») компрессор арқылы циркуляциялануы (айналыс жасауы) нәтижесінде салқындайды. Компрессиялық тоңазыту агрегатының аумағы шағын, тоңазытқышты пайдалану кезінде қозғалмалы детальдарын алмастыруды және майлауды қажет етпейді. Компрессор жұмыс істеген кезде одан шамалы дыбыс білінеді және тоңазытқышты аздап дірілдетеді. Бұл оның басты кемшілігі болып табылады. Егерде компрессор-мотор жақсы реттелген және тоңазытқыш орнықты орнатылған болса, онда әлгі кемшілік мүлде азаяды. Көп позициялы автоматты реттеуіш тоңазытқыштың камерасында қажетті температураны ұстап тұру үшін тоңазыту агрегатын ауық-ауық жұмыс істетіп және тоқтатып тұрады. Жылытқышы бар генератордан, конденсатордан, буландырғыштан және абсорберден тұратын абсорбциялық тоңазыту агрегатында суық абсорбция жолымен — қатты немесе сұйық заттардың (абсорбердің) суытқыш агенттің, әдетте аммиактың буын жұтуымен шығарылады. Жүйедегі суытқыш агенті электрлік жылытқыш (генератор) арқылы циркуляцияға түседі.

Абсорбциялық тоңазыту агрегатында қозғалмалы механикалық бөліктер жоқ, сондықтан ол шусыз жұмыс істейді. Компрессиялық тоңазыту агрегатының салқындатуы абсорбциялық түрге қарағанда күшті. Компрессиялық тоңазытқыштардың тоңазыту камерасында салқындату мен төмен температура шығару процесі едәуір тез өтеді және абсорбциялық тоңазытқыштағыдан төменірек температура алынады. Бұған қоса компрессорлық тоңазыту агрегатының ауық-ауық қысқа мерзім жұмыс істеуі (тоңазыту камерасының тиісті түрде жылулық оқшаулануы болғанда) электр энергиясын үнемдеп жұмсауға жағдай жасайды, абсорбциялық агрегаттардағы генератордың тоқтаусыз жұмыс істеуі электр энергиясы шығынын көбірек кетіреді. Жаңа типтегі «Кристалл-9» абсорбциялық тоңазытқышы бұған жатпайды, бұл көптеген көрсеткіштері бойынша компрессиялық түрдегі тоңазытқышқа ұқсайды, соның өзінде абсорбциялық түрдегі тоңазытқыштарға тән артықшылықтарын сақтап қалған. Бір камералы және қос камералы тоңазытқыштар да бар. Бір камералы тоңазытқыштың тоңазыту камерасының төменгі температуралы бөлімі бар (мұздату бөлімі немесе мұздатқыш), онда —6˚С-тан —12˚С-қа дейінгі (кейбір тоңазытқыштарда —18˚С-қа дейін) температура сақталады, ал тоңазыту камерасының өзінде 0—6˚С температура болады. Мұздату бөлімінің температуралық диапазондары тоңазытқыштың қақпағында жұлдызша немесе қар ұлпасының бейнесімен белгіленген: бір жұлдызша —6˚С, екі және үш жұлдызша тиісінше —12˚С және —18˚С температураға сәйкес келеді. Тоңазыған күйде сақталатын көптеген азық-түліктер үшін —12˚С-тан —18˚С-қа дейінгі температура тиімді болып табылады. Қос камералы тоңазытқыштардың төменгі температуралы бөлімі тоңазыту камерасынан іс жүзінде оқшауланған, сондықтан ол өзіндік температуралық режимі бар жеке тоңазыту камерасы болып табылады (қос камералы деп аталуы да осыдан). Мұндай тоңазытқыштарда оның ішіндегі ауаның циркуляциялануынан (алмасуынан) болатын камералар арасындағы жылу алмасу құбылысын болғызбау жағы қарастырылған. Күнделікті тұрмыста мұздату камерасы тоңазыту камерасына қарағанда едәуір сирегірек ашылатындықтан қос камералы тоңазытқышты мұның жұмыс режимі бір камералы тоңазытқыштағыдан едәуір тұрақты болады. Мұның үстіне камераларды оқшаулау энергияны аз жұмсап, мұздату камерасында айтарлықтай төменгі температура (—18˚С) тудыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде азық-түлікті ұзақ уақыт – сақтауға қолайлы жағдай жасалады, буландырғыштың сыртында пайда болатын қар қырауының қалынбауы баяулайды және тоңазытқыштың камераларына берілген температураны ұстап тұруға қажетті электр энергиясының шығыны кемиді.

Компрессионды тоңазытқыш машинасы төрт бөліктен тұрады:буландырғыш,компрессор,конденсатор,термореттеуші вентиль.

Компрессор-булағыштан тоңазытқыш агент сорып алуға арналған машина.Компрессор құрылымы бойынша: поршеньді, бұрандалы, ротациялық шығыршықты, турбокомпрессорлы болып келеді.Тоңазытқыш машиналарының компрессорлы тоңазытқыш агентінің қолданылу түрі бойынша аммиакты және фреонды.Суық өндіргіші бойынша 14кВт дейін-кемірек, 105кВт дейін-орташа, 105кВт жоғары-көбірек.

Тоңазыту машинасының жұмыс жасау принципі.Тоңазытқыштар салқындатылатын және салқындатылмайтын бөліктерден тұрады: салқындатылатын бөлімі бірнеше камералардан құралады: өнімдерді мұздату, сақтау, жылыту немесе ерітуге арналған камералар. Салқындатылатын бөлімнің қосалқы камераларына өнімді қабылдау және сұрыптау, ақаулы өнімді уақытша сақтау, тарату т.б. жатады. Салқындатылмайтын бөлігінде машиналық бөлім, аппараттық, қазандық, трансформатор подстанциясына, әкімшілік және тұрмыстық бөлме , зертхана орнатылады. Тоңазытқыш жайларды бір этажды немесе көп этажды етіп соғады. Сиымдылығы 5000 т тарату тоңазытқыштарын бір этажды етіп соғады. 5000 тоннадан жоғары сиымдылықтағы тоңазытқыштарды көп этажды етіп құрылымдайды. Өндірістік тоңазытқыштардың этаж саны мекеменің типіне, өндірістік қуатына, технологиялық процестердің сипатына, тоңазыту қажеттіліктеріне байланысты цехтардың орналасу ерекшеліктеріне және басқада факторларды ескере отырып анықталады. Тоңазытылатын бөлімнің есіктерінде изоляциялық материалдармен қаптайды. Тоңазыту камераларына жылы ауаның кіріп кетпеуі үшін изоляцияландырылған тамбурлар қарастырылған. Әдетте бірнеше камераға бір тамбур немесе бір дәліз арқылы кіретін етіп жасайды. Тоңазытылатын жайларда терезе қарастырылмаған.Тамақтандыру орындарында, сауда тармақтарында тоңазытқыштарды мекеменің жайына орналастырады.

Тоңазытқыштың 4 негізгі құраушы бөлігі бар:

1. Хладагент – айналып жүретін және жылуды тасымалдайтын заттек. Хладагент ретінде фреон газы қолданылады.

2. Компрессор – насос қағидасы бойынша жұмыс істейтін және хладагентті шеңбер бойымен айдайтын мотор.

3. Конденсатор – ол арқылы жылу сыртқа, қоршаған ортаға шығады. Конденсатор – бұл тоңазытқыштың артқы қабырғасындағы тор.

4. Буландырғыш – ол тоңазытқыштағы жылуды алып шығады. Әдетте тоңазытқыштың артқы қабырғасы буландырғыш қызметін атқарады.

Тоңазытқыш машина - салқындататын объектінің температурасын төмендету мақсатымен белгіленген уақыт бойынша тоңазытқыш циклін міндетті түрде іске асыратын техникалың құрылыстың жиынтығы.

Сұйықтың төменгі температурамен қайнау процесін қолданып жұмыс жасайтын тоңазытқыш машиналары жұмыс жасаушы дене толтырылған тұйық жүйені елестеді. Тоңазытқыш машинасында айнала отырып, ол өзінің суытатын ортасы және айналу процесінде сол жылуды қоршаған ортасына (ауа, су) алғашқы қалпында қайтарады. Айналым процесі ондағы жұмыс денесі мөлшерін үздіксіз салқындатумен қамтамасыз етеді. Салқындаушы ортаның температурасы жылуды алатын ортаның температурасынан жоғары. Кеңейту және дроссельдеу арқылы дененің жұмыс жасау температурасын төмендетеді.

Үздіксіз айналым процесінде салқындатылған ортаның жылуы төменгі температурамен одан да жылы қоршаған ортаға беріледі, ол - қайта айналу процесі - цикл. Тоңазытқыш машинасында айналған жұмыс денесі және кері айналу процесін туғызушы тоңазытқыш агенті болып табылады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша, айналым процесінде механикалық және жылыту жұмыстары түріне көп қуат жұмсау талап етіледі.

Денеден алынған суықты қоршаған жылы ортаға ауыстыру нәтижесінде туатын жасанды кері айналу процесі тоңазыту циклі деп аталады. Төменгі температурада қайнауды салқындатуға пайдаланатын қондырғыны тоңазытқыш машинасы дейміз.

Жұмыс денесі (ауа) агрегаттарының жағдайы жұмысты өзгеріссіз жасайтын тоңазытңыш машиналары ауалы немесе газды тоңазытқыш машиналары деп аталады. Кері айналу процесін жасайтын машинаны жылытуға қолдануға болады, ол жылыту насосы деп аталады. Мұндай машинадарды кондиционерлі жүйеде пайдаланады. Жылуды бір қалыптан екіншісіне ауыстыруға арналған тоңазытқыш машиналары қуатының түріне байланысты компрессорлы (механикалың қуат жасайтын) және абсорбциялы не болмаса буэжекторлы (жылу қуатын пайдаланатын) болуы мүмкін.

Компрессор буландырғыштың ішінен хладагентті жұтады. Бұл кезде хладагент бу күйінде болады. Компрессор қысыммен оны конденсаторға жүктейді. Хладагент қысымнан сығылып, газдан сұйық күйге ауысады. Сонымен бірге температурасы көтеріледі. Ыстық газ конденсатордың трубаларымен өткенде қоршаған кеңістікке жылуын береді және нәтижесінде бөлме температурасына дейін суиды.

Содан кейін өте тар саңылау арқылы (капилляр) хладагент буландырғыштың ішіне түседі. Оның қысымы бірден азайып, және соның арқасында хладагент буланады. Ол қайнап, буға айналады. Сонымен бірге ол қатты суиды. Нәтижесінде буландырғыштың қабырғасындағы жылуды алып, ал буландырғыш өз кезегінде тоңазытқышты және оның ішіндегі азық-түліктерді суытады

Осылайша, хладагент мына цикл бойынша жұмыс істейді: конденсатордың ішінде ол жоғары қысымның әсерінен сұйықтыққа айналады және жылу бөлу арқылы сұйық күйге ауысады, ал буландырғышта төмен қысымның әсерінен қайнайды және жылуды жұтып газға айналады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет