Орташаланған вакуум — орташаланған абсолюттік қысым жағдайындағы вакуум.
Шекті вакуум кез келген сұйықтықтың белгілі бір температурасында болуы мүмкін ең үлкен вакуум.
\
Вакуумдық техника —вакуумды алу, сақтау және оны өлшеу үшін қолданылатын әдістер мен құрал-жабдықтар жиынтығы.
з
Вакуумдық техникада қолданылатын құралдар мен құрылғыларға: вакуумдық сорғылар, вакуумдық арматуралар, қысымды өлшейтін жабдықтар (мысалы, вакуумметрлер), жатады.
Вакуумдық сорғы
вакуумды алу, жоғарылату және сақтау үшін қолданылатын құрылғы. Ол тұйық көлем (жүйе) ішінен газды не буды сорып шығару үшін қолданылады.
Вакуумдық арматура
вакуумдық жүйенің типтік қосалқы құрылғылар жиынтығы.
Вакуумметр
Вакуумметр (вакуумдық монометр) — сиретілген газдардың толық қысымын өлшеуге арналған құрал.