Курстық ЖҰмыс пәні: «Сала технологиялық процесстерін автоматтандыру» Тақырыбы: «Өндірістік тоңазытқышты автоматтандыруды жобалау» Мамандығы: 1302000 «Автоматтандыру»


Автоматтандырылған технологиялық процестердің функционалдық схемасы



бет4/9
Дата09.05.2022
өлшемі134,43 Kb.
#33161
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
сала курсотык жумыс

Автоматтандырылған технологиялық процестердің функционалдық схемасы

Поршенді компрессоры бар аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда буландырғыштағы сұйық аммиактың деңгейін автоматты реттеу жүйесі қарастырылған. Деңгейді автоматты реттеу жүйесі бірконтурлы «Старт» жүйесінің пневматикалық реттеуіштерін пайдалану арқылы орындалады. УБ – П типті ГСП жүйесінің 9а деңгей өлшегіші датчик болып есептеледі. Сигнал датчиктен ПВ10.1Э типті 9б екінші приборға келіп түседі. Онда ПР 3.21 типті ПИ реттеуіш 9в орнатылған. Екінші прибор деңгейді бақылауға және қажет болған жағдайда енгізілген басқару сигнализациясының көмегімен реттеуді қолмен орындауға мүмкіндік береді. Буландырғыш барлық жағдайларда деңгейдің үш мәні бойынша сигнализацияға ие болуы тиіс: қалыпты, жоғарғы ескертуші және жоғарғы апаттық. Датчиктер ретінде сигнализацияның әрбір шегіне бір – бірден ПРУ – 5 типті сигнализаторлар 8а қолданылады. Деңгей жоғарғы ескертуші сигналға дейін жоғарылаған уақытта сұйық аммиактың буландырғышқа берілуі 9д соленоидті вентил мен есепке алынады, ал деңгей жоғарғы апаттық сигналға жеткенде компрессордың барлығы өшіріледі.

Суықтасушы ретінде + 4ºС температураға дейін салқындатылған су қолданылатын мұздатқыш қондырғыларда оның мұздау қауіптілігі пайда болады. Мұндай қондырғыларда буландырғыш үшін 7а – 7б буландырғыштардағы қысымды автоматты реттеу жүйесі қарастырылған. Ол деңгейді автоматты реттеу жүйесі сияқты «Старт» жүйесінің пневматикалық реттеуіштерін пайдалану арқылы орындалады.



Әрбір буландырғыш аммиактың қысымын бақылау приборына 6а, буландырғышқа дейінгі және кейінгі суыұтасушы температурасын бақылау приборына 1а және 2а, буландырғыш кірісіндегі сұйық аммиак температурасын бақылау приборына 4а және шығысындағы аммиак буының температурасын бақылау приборына 3а ие болуы тиіс. Суықтасушы температурасы дистанционды бақылау приборы - кедергі термометрі 5а мен бақыланады. Ол өздігінен жазатын көпір 5б жинақтамасында жұмыс істейді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет