Курстық ЖҰмыс пико docx


Сабақтарда қолданылатын көрнекіліктер туралығалымдардың



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата07.06.2023
өлшемі1,38 Mb.
#99498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1.2 Сабақтарда қолданылатын көрнекіліктер туралығалымдардың
ой-пікірлері
Көрнекілік əдісі – барлық пəнде сабақ сайын қолданылатын əдіс болып
табылады. Бұл əдісті зерттеп, ой-пікірлерін білдірген ғалымдар да аз емес. Олар
өздерінің тəжірибесінен өткізген жəне өздерінің оқушы сəттерінде қолданыста
көргісі келген көрнекіліктер жайында айтып қалдырған. Олардың
бірегейлерімен таныстыратын болсам:
• 
Əл-Фараби «оқытудың негізгі əдісі – көрнекілік» деп, оның
мақсаттары мен тəсілдерін (түсіндіру, əсерлендіру, есте қалдыру)
ұсынған.


• 
К.Д.Ушинский көрнекілік жайында ілімді дамыта келіп,
«көрнекілік – баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап
ьереді, балалар заттардың пішінін, дыбысын, бояуы арқылы
ойлайды» – деді.
• 
Ə.Бидосов көрнекілік принципін жүзеге асыру нақтылық пен
абстрактылықтың бірлігі деп түсінеді. Мұның мəні оқытудың əрбір
сатысында, білім игеру логикасының желісін басшылыққа ала
отырып, сол білімдердің айрықша фактілері мен оқушылардың
байқауларының немесе аксиомалардың ғылыми ұғымдар мен
теориялардың алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты
қабылдаудан жалпылыққа, нақтылықтан абстрактілікке жəне
керісінше жалпылықтан жекелікке, абстрактіліктен нақтылыққа
көшу заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар
оқу процесіне көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар əдістемелік
талаптарды орындаған жөн екенін ескертеді: көрнекі құралдар
сабақтың мақсатына сəйкес іріктелуі тиіс көрнекі құралдарды
пайдаланғанда оқушылардың оларды дұрыс қабылдауын
қамтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына
назар аударған жөн; сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп
болмағаны, яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған,
маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі
керек болса, олардың бəрін бір уақытта емес, əрқайсысын
қажетінше кезегімен пайдаланған орынды деп санады.
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет