«Еуразия гуманитарлық институтының жоғарғы колледжі»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Əдебиет сабағында көрнекілікті пайдаланудың
тиімді жолдары
Орындаған: Отемис П.С.
Тексерген: Омарова А.Р.
Астана 2023 жыл
Жоспар
Кіріспе.....................................................................................................
3
I Тарау. Көрнекілік əдісі
1.1 Көрнекілік əдісі туралы түсінік............................................................
4
1.2 Сабақтарда қолданылатын көрнекіліктер туралы ғалымдардың
ой-пікірлері.............................................................................................
10
II Тарау. Көрнекілік- нəтижелі оқытудың негізі
2.1 Əдебиет сабағындағы көрнекілікті пайдаланудың тиімді
жолдары...................................................................................................
13
2.2 Оқытуда қолданылатын көрнекілік əдісінің шарттары......................
23
III Тарау. Тəжірибеден өтілген жұмыстар
3.1 Тəжірибе барысында қолданыста бақыланған көрнекілік түрлері мен
24
олардың нəтижелері........................................................................
Қорытынды...........................................................................................
27
Пайдаланылған əдебиеттер................................................................
28
КІРІСПЕ
Болашақ педагогтың өз мамандығында алдыңғы қатарға қоятын
қасиеттері бойында табылуы керек. Өз мамандығы бойынша теориялық
біліммен қатар тəжірибелік дағдыны да меңгеруі керек деп санаймын. Болашақ
маман иесінің тəжірибе кезеңінен өтуі - кəсіби тұрғыдан қалыптасуына
арналған үлкен педагогикалық іс. Болашақ маман өз бойына мəдениеттілік,
мақсатқа жетуде табандылық таныту, орынды əзілдесіп отыру, жүріс-тұрысын
түзету, киім киісіне дейін ұқыптылық таныту деген сияқты қасиеттерді
дамытуы керек. Жас мұғалім өзінің бойына барша жақсы қасиеттерді жиып
қана қоймай, əр баланы білім əлеміне қызықтыра білуі керек. Көрнекі
қралдарды қолданғанда оқушылардың бойында байқау, көру ерекшелігі оянып
қана қоймай, миының дамуы тез болады. Əр оқушы өзіне қызықты суреттерді
көргенде - сабақты тез түсіне отырып, есінде ұзақ уақытқа дейін сақтап қала
алады.
Бұл курстық жұмысымда мен қазақ əдебиеті пəні сабағында оқушыларды
қалай көрнекі құралдармен сабаққа деген қызығушылығын оятуға болатыны
жөнінде қысқаша зерттеу жұмысын жасайтын боламын. Курстық жұмысым үш
тараудан тұрады, ал бір тарауда екі тақырыпшадан болады. Толықтай көрнекілік
пен қазақ əдебиеті сабағында қолдануға тиімді болатын көрнекіліктерді айтып,
қысқаша зерттеу жасай аламын деген ойдамын. Өзім тəжірибе барысында
қолданып көрген көрнекілік құралдарын айтып, олардың нəтижесімен де
таныстырып өтемін. Қазақ зиялыларының да осы көрнекілікті қолданып
оқытуға деген көзқарастарымен танысып, шетел ғалымдарымен де салыстырып
кететін боламын. Тəрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған
білімді кəсіби жеткізе білу де шеберлік деп санаймын. Мұғалімнің оқыту
процесін жеңілдете, жетілдіре түсудегі жұмысының бірі – сабақтың формалары
мен оның құрылымдарын дамыту, оқытудың жаңа əдістерін талмай іздестіру
болып табылады.Бакылау оқыту əдісі ретінде сезімдік танымының белсенді
формасы болып табылады. Бұл əдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет
етеді; бақылаудың сызба — нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нəтижелерін
өңдей білуге жəне оны тікелей білу тəсілдеріне ұйрету. Бұл əдiстің олардың
өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық,
ұйымдастырушылық, тəрбиелік мəні зор. Олай болса, мұғалім сабақта қанда
мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай əдіс тəсілдер мен көрнекі,
техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын-ала жоспарлап алуы керек.
Осы жөнінде жазып, қорытындымды шығаратын боламын.
Достарыңызбен бөлісу: |