Курстық жұмыс Тақырыбы: А. Байтұрсынов оқыту әдістемесінің негізін қалаушы (Педагогика пәні бойынша) 0105000«Бастауыш білім беру»



бет11/12
Дата12.06.2023
өлшемі168,92 Kb.
#100680
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
а.б курсовой

ҚОРЫТЫНДЫ

Ахмет Байтұрсынов есімі Қазақстанның ұлттық тілдік шежіресінде енгізілді.Мәдениет пен білім деңгейін жоғарылатып, халық санасын өзгертті.Ұлтымыздың ұлы ұстазы баланың сауатын ашу әдістерін қайткенде жақсартамын, жетілдіремін деп әлемнің алдыңғы қатарлы тәжіри­белерін зерттеп, озығын таңдап, мұға­лім­дердің жаңаны меңгеруіне жол аш­ты.


Ең алғашқы оқу әдістемесіне деген жол 1902 жылы үш жылдық бастауыш мектеп шәкірттеріне орыс тілінде сауат ашууына басталған болатын. Осы негізде 1905 жылы петиция жазуы.Ондағы мақсат қазақ даласындағы оқу-ағарту ісінің дұрыс жолға қойылып,ауыл мектептерінде қазақ тілінде білім беруге рұқсат ету.Осы жолда аянбай еңбек етеді.Себебі, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген оқу құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінде пайдаланылып келді.Қазақша оқылатын пəндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда əр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын.Осылайша 1912 жылы қазақша оқу құралын жазып, қолданысқа енгізді.Оқу құрал балалардың сауатын ашуда оң нәтиже бергендіктен, ендігі кезекте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Фонетикаға арналған «Тіл құралы», «Баяншыны» жазды. Олар қазіргі кезге дейін қолданыста болып келеді, қазіргі кездегі зат есім, сын есім тағы басқа сол сияқты сан алуан лингвистикалық терминдерге түсіндірме беріп кеткен.Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы бұл ғылыми еңбектерін кезінде Орта Азия,бүкіл түрік əлемі мойындап,қолдап жəне Ахаңның лингвистика саласындағы зор жетістіктерін өздерінің грамматикасында пайдаланды.А. Байтұрсынов 1926 жылы «Əліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Əліппе кітабын жазды.Əліпби – тек сауат ашу ғана емес,ғылым-білім үйренудің баспалдағы.Мұхтар Əуезовше айтсақ, Ақаң ашқан қазақ мектебінің ұстанымы қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай,оның танымдық талғамын қазақша қалыптастыру болған.Ол-Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды.Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту мәсілесі арнайы сөз барысында,оқушылардың сөздің қорын жетілдіруге арнайы бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалады.Ахмет екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп,оларды түрлендіріп,тіпті жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала тілін дамытудың түрлі әдістерін қолданған.Олар күрделене келе мәтіндерге арналған.Осылайша қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдей отырып,тұңғыш әліпбиін жасады.Себебі,әркімнің тіліне еріп,адасып жүрген жұртына “Қазақ әліпбиін”тайға таңба басқандай жасап берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет