Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталу, қазақ тіліндегі орнын көрсетіп, сипаттама беру және оқыту әдістемесін көрсету.
Міндеті:-Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүрген ортасы туралы мағлұмат беру.
-Ахмет Байтұрсынов шығармаларына тоқталу.
-Ахмет Байтұрсыновтың саяси көзқарасын анықтау.
-Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімі саласындағы орнын айқындау және оқыту әдістемесіне тоқталу.
Курстық жұмыс құрылымы:4 бөлімнен тұрады:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Практикалық бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I.ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ 1.1.Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының оқу ағарту ісінің дамутышысы. Өмірлік жолының барлығын елі мен халқына арнаған жанашыр жан.Сондықтанда Ахмет Байтұрсыновтың оқу ағарту ісінде және ел жүрегінде алатын орны ерекше. Өз халқының рухани дүниесін қалыптасу мен көтеруде көп күш көрсеткен қоғам қайраткеріне М.Әуезов «Қазақ зиялыларының көсемі» деп атап өткені кездейсоқ емес.
Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысына қарасты Жангелді ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Дүниеге келген мекені Торғай жері Ахмет үшін ыстық болатын, себебі, туыс өскен жері, баланың дарындылығы оянып, қалыптасып, өмірдің ақ пен қарасын көрсетіп бала Ахметті өсірген осы жер болатын. Мемлекетіміздің тарихи жылнамалық деректемелерге сүйенсек қазақ даласы орыс патшалығына тәуелді болған сәтте «Торғай уезі» құрылған болатын. Ал, қазіргі сәтте Ахмет Байтұрсынұлы ауылы деп аталып, ауылға кірер тұста маңдайша белгі қойылған.
Қазақ халқының Орта жүзінің аға руының құрамына кіретін көне тайпалардың бірі Арғын тайпасы Шақшақ руынан шыққан. Ахметтің үлкен атасы, бабасы – Үмбетей.Өз заманында беделді, ру басы, батыр болған. Ахметтің қайраттылығы, батырлығы мен дарынды қасиеттері осы үлкен атасынан дараған десті. Ал, Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақ қарапайым шаруа кісісі болған. Бірақ деректемелерге сүйенсек көзі ашық, намысшыл, қажырлы кісіге ұқсайды. Себебі, қазірге мұра болып қалған оқиғалар негіз бола алады. Байтұрсын жеріндегі зорлық-зомбылыққа көз жұма қарай алмаған билік басындағылармен сөзге келіп, әкімдермен сыйыса алмаған.Сондықтанда уезд полковнигі Яковлев 1885 жылы тыныш өмір сүріп жатырған Шошақ ауылына қазанның 12-сінде келіп Байтұрсынмен інісі Ақтасты ұстамақшы болады. Сол кезде Ақтасты ауылда болмай шығып, оны тапағаны үшін бала-шағасы, әйелін қамшы астына алып, ойран салады. Мұны көрген Байтұрсын ашуға булығып Яковлевті таяқ астына алып, оның да нөкерлерінің де сазайын береді.Осы оқиғалардың барлығы уезд басындағылардың қаһарын туғызып «жығылғанға жұдырық» дегендей, олар жазалаушы топты жібереді. Ауылдың астан-кестенің шығарады, бала-шағаны жылатып, мал-мүлікті алып, ауылды өртеп, еркектерді соққыға жығып ағайынды Байтұрсын, Ақтасты мен Ерғазыны алып кетеді. Оларды соттап, Байтұрсынды және де бірқатар туыстарымен бірге 15 жылға айдауға жібереді.
Байтұрсынның бес баласы болған, яғни Ахмет бес ағайынды. Байтұрсын айдауға жіберілгеннен кейін оның балаларына қарау міндеті інісі Ерғазыға жүктелен болатын. Бала Ахмет қамқоршы ағасы Ерғазының қолында болған сәтте қиындық көрмей өседі. Бірақ, ағасы қайтыс болғаннан кейін кедейшілік пен жоқшылықты көріп қатты қиналады.Ахметтің екі ағасы, бір інісі мен қарындасы болды. Өмірдің тауқыметі тек Ахметтің мойнына ғана асылмай, бауырлары да қуғын сүргінге ұшыраған болатын. Атап айтсақ, 1929-шы жылы Ахмет «халық жауы» деп аталған тұста, жақындары да қудалауға ұшырады. Осы кезде оның жалғыз інісі Мәшенді өз туған жерінде тұру құқығынан айырған болатын. Мәшен ауыр халде айдауда өмірден озды, ал оның заттары мен киім-кешектерін қызы Шолпанға берілген болатын. Бірақ, қуғын сүргінге ұшырағандар ресми ақталған сәтте Мәшен қажы ақталғандардың қатарында болмаған. Ендігі кезекте анасына тоқталар болсақ, беделді отбасының қызы Күңші болған.Күңші шеберлі, өнерлі, байсалды, қолы жомарт ашық жарқын, бірақ кесек мінезді қыз болған. Бойында ақындық дарынды қасиеті болған, ауыл балаларына аңыз-ертегі, жұмбақ жасырып, өлең айтып жырлаушы да болған. Ерғазы қайтыс болғаннан кейін отбасыға иелік ету Күңшіге өтеді. Күңгі өмірдің сонау қиын шағын өткеріп жатсада мойымай балаларын, яғни отбасын өзге көздерден сақтай алды. Осы анасының көмегімен Ахмет Торғайдағы білімін аяқтаған болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы өз қолымен және орысша жазылған «Өмірдерегі» және тағы басқа деректермелерге сүйенер болсақ, білімге құмар Ахмет ең алғаш ауыл молдаларынан білім алып, хат таныған. Содан кейін ағасы Ерғазы Торғай жерінде екі сыныптық қазақ-орыс мектебіне білім алуға береді. Осы тұста ағасы қайтыс болып өмір сүруі нашарлап, жоқшылық тауқыметіне ұшырайды.Бірақ, сонда да ол білім алуын тоқтатқысы келмеді. «Он үште отау иесі» деп бабаларымыз босқа айтпаса керек, бала Ахмет балалығын артқа тастап қанша қиын болсада ересек өмірге қадам баса бастады. Он үш жасында әулетке түскен қасірет оның отбасын ғана емес, бүкіл әулетті бақытсыздыққа ұшыратып, қажытты. Бірақ, бұл оқиға санасында қозғау салып, мүжілмей намыстана, қатайып ширыға түседі.Білімінтәмамдап Орынбордағы 4 жылдық мектепте білімін жалғастырады. Мұнда білім беру бағдарламалары орыс тілінде жүргізіледі, басқа тілде оқып, қазақ тілім шүлдірлеп, орысболып кетсем деген қорқыныш ойлары билейді.Замандасы, бір жағынан жерлесі Міржақып Дулатов өмірбаяндықмақаласына тоқталып, деректі мәліметтерге сүйенер болсақ, Ахметтің білімге деген құштарлығын атап айтады. «...В раннем детсве он кое-как научилься мусульманской грамоте у аульного муллы. Этим закончилось бы его образование и он остался бы на всю жизнь полуграмотным..., если бы, по поговорке «не помогло не счастье» - деп ол, қарапайым отбасыдан шыққан малшының баласы және орталықта оқу көп адамға бұйыра бермейді және қалтасы да көтермейді. Бірақ, Орыс мектебіне оқуға қабылдану мүмкіндігі қиын болса да оқыды, білім алды. Мұндай бақыт оның отбасына түскен бақытсыздықтың арқасында бұйырып тұрғанын және ол Ахметтің білімге деген құштарлығын арттырғандығын жазады.
Барлығы Ахметтің «басына түскен ауыртпашылық пен бар қиындыққа төзгеніне» еріксіз бас иеді және атап айтады. Міржақып Дулатов өзінің мақаласында Ахметті сөз етіп, «батырлығы мен қайсарлығына тәнті екенін, шешімнің етегіне еріп кетпейтін, жазық дархан даладай еркіндікке құштар соны сүйетін ерекше тұлға» –дейді.
Орынборда бұрын Ыбырай Алтынсарин салған болашақ мұғалімдер даярлайтын оқу орнына түседі. Діттеген мақсатына жету үшін Ахмет аянбай еңбек етеді, «қара нан мен қара суға» шүкіршілік етіп оқуын тәмәмдайды. Бітірісімен сол кездегі талапқа сәйкес келісім шарт бойынша оқытушылықтың алты жылдық еңбек өтілінен өтуі керек болып, маңайдағы ауылдарда мұғалімдік қызметті атқарады. Алған білімімен жастарды сусындату үшін ағартушылық қызметіне кіріседі және басқа қызметті де қаламайды. Осылайша Қостанай уезінде, Ақтөбеде, Қарқаралы уезінде сабақ берді. Қостанай уезінің училищесінде жұмыс істеген кезде ол орманшы болып жұмыс жасайтын Иван Журавлевтің үйін қоныс етіп, өз тағдырымен кездесті. Тағдырымен тоғысып, өз махаббатын тапқан ғашық жігіт Ахметтің жүрегін жаулаған орманшы Александрдың қызы болды. Бұл жас жұптың махаббаты өрбіп некеге дейін жетіп,неке Қостанайда мұсылман салты бойынша жасалды. Александра Ивановна Журавлева Бадрисафа Мұхаметсадықова Байтұрсынова болды. Жас жұбайлар Қостанайда бір жыл тұрып, Ахмет орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Бір жылдан кейін олар Омбыға, содан кейін Қарқаралыға көшіп, 1909 жылға дейін өмір сүрді. Тағдырдың пешенге жазғаныма жас отбасының балалары болмады, бірақ олар үш баланы балалар үйінен алып тәрбиеледі.