І Ес психологиясының теориялық негіздері
1.1. Естің психологиялық ерекшеліктері
Адамның бұрын қабылданған нәрселері мен құбылыс бейнелердің көңіл-күйлерін ойда сақтап, қажет кезінде қайта жаңғыртуды ес процесі деп атайды. Ес бейнелейтін процесске жатады, бірақ дәл қазіргі сәтте әрекет қана емес, өткенді де қабылдайды.
Петровскийдің айтуынша «ес процесі деп есте сақтаудағы, есте қалдырудағы қайта жаңғырту мен индивидтік тәжірибені айтамыз».
Богословскийдің пікірінше. «ес процесі дегеніміз адам тәжірибесінде есте тұтып сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнеледі. Ес процесі деп бұрын тәжірибеде қабылдаған нәрселерді мида қалдыратын жаңғыртатын және оларды кейіннен танытып, еске түсіретін психикалық функйияларды айтамыз. Адам бұрын қабылдаған нәрселер мен құбылыс байқаудың көңіл-күйлердің ойда сақталыр, қажет кезінде қайта жаңғыртылуы. Әсер етуші заттар мен нәрселердің бейнелерін біздің басымызда сақталып отыруы керек. Сондай-ақ ол өздігінен не болмаса әдейілеп еске түсіріп немесе оларды қайтадан танитын процесс деп танимыз. Естің физиологиялық процесіндегі негіздерін бір кезде Павловтың нерв жүйесінің пластикалық қызметі туралы біліммен түсіндіретін. «Нерв жүйесінің пластикасында» деген қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Іуақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалуы, ол кезде бұрынғы процеспен байланысып отырғанын көрсетеді. Бірақ бұл жайлы пікірлер долбыр, өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес қабылдаудың табиғатын зерттеуші ғылымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстыра келе екі зерттеулер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері олардың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенімен естің бүкіл ми массасынан алатын орны әлі анықталған жоқ. Сонымен бірге ес ми қызметінің нәтижесі екенін тәжірибеде анықтап көрсетеді. Уақытша нервтік байланыс біздегі универсалды, физиологиялық процестің құбылысы. Сонымен бірге ол психикалық әртүрлі әрекеттердің байланысынан тұратын құрылым болсын, психологтардың сөз және ойлау тізбегі процесін ассоциация деп атайды.
Ес күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізгілері есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі көріністеріне есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады.
1. Есте қалдыруға әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды. Психологиялық тұрғыда есте қалдыру негізгі бағыт делінсе, оның негізгі мәселесі мен өзектігі, ұғымы ассоциалық байланыстар деп аталады. Ес процесіндегі әртүрлі сыртқы жағдайға байланысты болып тұратын бірнеше обьектіні бір негізде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Мұны алғаш рет осылай етіп ғылымға қосқан Аристотель болды.
Аристотель: естегі елестетулерді ассоциациямен байланыстырып тек оның негізгі ерекшеліктерін аша білді. Ғалымдар тұңғыш рет естік процестік негізге шартты рефлекстік теориясынан дәлелдеп, осы негізді көптеген психикалық процестердің табиғатын түсіндіруге болатынын көрсеткен. Психологиялық процестегі ассоциалар деп аталатын ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуі себепті пайда қылып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндіреді. Ұлы психологтар былай дейді: «Уақытша нервтік байланыс жануарлар дүниесін де де біздің өзімізде де болатын жан-жақты психологиялық процесс. Сонымен қатар орл әртүрлі әрекеттерден, әсерлерден құрылса да психикалық құбылыс, процесс болып табылады, оны психологтар естің ассоциативті процесі деп атайды. Бұл естің ассоциативті процесі жөнніде психологтар былай дейді:
«Шартты байланыс бұл біздің бір мезгілдік ассоциативті процесс дегеніміз болса керек. Бұл процестерді шектеулі түрде анализдей келе ой әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе деуге болады. бұлар қарапайым және күрделі болып еуіге бөлінеді. Бұл Аристотель заманынан бері 3 түрге бөлінеді:
А) аралас
Б) ұқсастық
В) қарама-қарсылық
1. Аралас ассоициативті процестер бойынша бір зат жөннідегі елес өзімен бірге оған қатысы бар 2-ші затты қоса туғызады. Мәселен бұл процестер түстің бейнедегі не мағына беретінін білдіреді.
2. Ұқсастық процестері-нәрселердің көріністік бейнелері өздеріне ұқсас образды, ілестіріп еске түсіреді. Яғни бір зат жөніндегі емес. Сол затқа қандай да болсын ұқсастығы бар, 2-ші затты елестетеді, еске түсіреді. Мысалы: мұғалім география сабағында оқушыларды астрономия порттарының аттарымен таныстырып тұрып олардың біреуінің аты «Аденай» деген әйел атына ұқсас екенін айтады. Сөйтіп есте сақтауды жеңілдететін ұқсастық ес процесін жасайды.
3. Қарама-қарсы процестер ассоциациясы бір зат туралы емес, оған қарама-қарсы екінші затты немесе құбылысты еске түсіред. Мысалы: ақ-қара. Бұл түрлерден де басқа мағыналық күрделі процестерде болады олар еске қалдыру мен еріксіз есте қалдыру. [3. 66]
Мектепке дейінгі жас-естің қарқынды даму жасы. Ес жетекші танымдық процесс болып саналады Ес- процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қанадй саласы болмасын, қалағанынша меңгереді де, жан-жақты жетіледе алмас еді. Шын мәнінде, мектепке дейінгі жаста баланың тілді меңгеруі соншалықты ол нағыз ана тілін иеленуші болады. Ес бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады.
Алты жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақату тәсілдірмен саналы қолдана алады. Бірақ та ырықсыз еске сақтау жемісті бола бермек.
Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі- танымдық белсенділігі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды,ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Қарым-қатынастың екінші жағы- қатынасушылардың өзара әрекеті,сөйлеу үрдісінде тек сөздер емес, сонымен қатар әрекеттермен,қылықтармен алмасады.Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы-қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырылады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірімен бірі байланысты. Бірлескен қызметінінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды,жақындасады,өз ара түсінісуге қолы жетеді,ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде,қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу қиын.Қарым-қатынас,іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Баламен әңгімелесудің барысында достық қалыптағы еркін контактіні орнату қажет. Барлық тапсырмаларды бала ойын ретінде қабылдауы керек. Ойын атмосферасы балаларға босаңсуға көмектеседі, стрестік жағдайды азайтады. Егер бала үрей танытса, жауап беруге қорықса, тәжірибе жүргізушінің тарапынан қолдау қажет, тіпті баланы құшақтап, басынан сипауға, мейірлі дауыспен ол барлық ойындарды өте жақсы игеретіндігі туралы сенімдік танытуға болады. Тапсырмаларды орындаудың барысында оған үнемі ол барлығын дұрыс және жақсы істеп жатқандығы туралы білдіру керек.
Мектепке психологиялық дайындық – тұтас құрылым. Бір компоненттің дамуындағы артта қалушылық ерте ме, кеш пе басқаларының дамуындағы артта қалу мен бұрмалануға әкеледі.
Кешендік ауытқулар мектепте оқуға бастапқы психологиялық дайындық жеткілікті түрде жоғары болуы мүмкін жағдайларда да байқалады, бірақ та кейбір жеке ерекшеліктерінің салдарынан балалар оқуда айтарлықтай қиындықтарды бастан кешіреді. Осы себепті баланы мектепке дайындауда балабақша ерекше рөл атқарады. Өйткені балабақшадағы даярлық тобында мектепке оқуға дайындауға ерекше зейін қойып, бүгінгі талапқа сай әртүрлі жұмыстар жан- жақты жүргізіледі. Соның ішінде ойын іс-әрекеті ерекше рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |